Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Практикалық жұмыс №1-2



Тақырыбы: Delphi ортасымен танысу. Түрлендіру функциялары. Енгізу терезесі. Хабарлама терезесі.

Мақсаты: Объектіге-бағытталған Delphi – программалау тілінде қолданылатын негізгі ұғымдармен танысу, оларды қолдану дағдысын қалыптастыру. Delphi ортасының түрлендіру функцияларымен танысу, оны енгізу терезесі және хабарлама терезесінде шығаратын мәліметтерге пайдалана білу.

Объектілер: Delphi ортасы, форма, InputBox және ShowMessage терезелері

ПЖ: Delphi – программалау ортасы.

Жұмыстың орындалу тәртібі:

Бақылау сұрақтарына жауап беру.

Теориялық мәліметтермен танысу.

Тапсырмалар орындау.

Нәтижесін оқытушыға көрсету.

Бақылау сұрақтары:

1. Алгоритм дегеніміз не? Олардың құрылымы жағынан түрлерін атаңыз.

2. Программа дегеніміз не? Программаның негізгі элеметтері.

3. Object Pascal тіліндегі программа, оның жазылу ережесі.

4. Object Pascal тіліндегі программаның құрылымына тоқталыңыз.

5. Программалаудың кезеңдерін атаңыз, олардың ерекшеліктері?

Теориялық мәліметтер.

Delphi ортасымен танысу. Delphi-дің жұмыс алаңы келесі элементтерден тұрады:

1. Негізгі терезе

2. Объектілер инспекторы терезесі

3. Формалар конструкторы терезесі

4. Код редакторы терезесі

5. Компоненттер тармағы терезесі

Delphi терезелерiн ауыстыруға, экраннан алып тастауға, өлшемiн өзгертуге болады. Көп терезенiң бар болуына қарамастан Delphi бiр құжатты орта болып табылады, яғни бiр мезгiлде тек бір ғана қосымшамен жұмыс жасауға мүмкiндiк жасайды. Қосымша жобасының аты экранның жоғарғы бөлігінің негізгі терезенің тақырып жолында шығады. Егер негiзгi терезенi жинақтайтын болсақ, онда Delphi-дiң барлық интерфейсiн, сәйкесiнше барлық ашық терезелердi минимизиациялау орындалады. Негiзгi терезенi жапқан кезде Delphi жұмысын тоқтатады. Delphi-дiң негiзгi терезесiнде

-Негiзгi меню

-Саймандар тақтасы

-Компоненттер политрасы бейнеленеді.

Негiзгi меню – Delphi-нiң функцияларына қатысуға арналған командалардың жиынтығын қамтиды.

Саймандар тақтасы – негiзгi менюдiң астында, негiзгi терезенiң сол жақ бөлiгiнде орналасады және негiзгi менюдiң жиі пайдаланатын командаларын шақыратын 15 кнопкадан тұрады. Мысалы: File / Open (Файл/Ашу) немесе Run/Run (Орындау/Орындау).

Негiзгi менюдің көптеген командаларын қосарланған пернелер көмегiмен шақыруға болады. Мысалы, Run/Run командасын F9 пернесі, View/Unit (Қарау/Модуль) командасын Ctrl+F12 пернелері арқылы шақыруға болады.

Барлығы 5 саймандар тақтасы бар.

1. Standart - Cтандартты

2. View - Қарау

3. Debug – Баптау

4. Custom – Пайдаланушы

5. Desktop – Жұмыс столы.

Cаймандар тақтасының бейнелерін басқаруға және олардағы кнопкалар құрамын өзгертуге болады. Бұл әрекеттер саймандар тақтасы облысында тышқанның оң жақ кнопкасын шерткен

кезде шақырылатын саймандар тақтасының жанама менюінің көмегімен орындалады. Саймандар тақтасын Customize диалогтық терезесі арқылы да түзеуге болады.

6. Негiзгi менюдiң астында, негiзгi терезенiң оң жақ бөлiгiнде орналасқан және ол құрылатын формаларда орналасатын көптеген компоненттерден тұрады. Барлық компоненттер әр қайсысы компоненттер политрасында жеке беттерде орналасатын топтарға бөлiнедi, ал компоненттер сәйкесінше жұлдызшалармен (пиктограммалармен) берiледi. Қажеттi бет оның жарлығында тышқанның сол жақ кнопкасын шерткен кезде таңдалынады.

Компоненттер палитрасын Palette Propetties диалогты терезесiнiң көмегiмен түзеуге болады. Бұл терезе компоненттер палитрасының контекстi Propetties командасымен шақырылады немесе негiзгi менюден Component / Configure Palette шақыру арқылы реттеуге болады. Бұл терезе өшiру, қосу, басқа компоненттерге тасымалдау т.с.с операциялар орындауға мүмкiндiк бередi және компоненттер бетiнен тасымалдауға, өшiруге мүмкiндiк жасайды. Palette Propetties диалогтты терезесiнiң сол жақ тiзiмде беттердiң аты, ал оң жағында таңдалған беттiң атауы болады. Тiзiмнiң төменгi жағында орналасқан кнопкалар көмегiмен келесi әрекеттердi орындайды:

- Бет қосу;

- Бетті өшiру;

- Беттің атын өзгерту;

- Беттi немесе компоненттi бiр позицияға жоғарлату;

- Беттi немесе компоненттi бiр позицияға төмендету;

- Компоненттi жасыру;

Формалар конструктор терезесi алғаш кезде экранның центрiнде орналасады және тақырыптан тұрады. Онда формалар жобалау орындалады. Формаға компоненттер политрасынан қажеттi элементтер орналасады.

Код редакторы терезесi. Программалау жүйесiн жүктеуден кейiн формалар конструкциясының астында орналсады. Бұл терезе өнделетiн қосымша модулiнiң бастапқы текстiсiнен тұрады. Form1 жаңа формасы үшiн Unit1.pas бетi болады.

Код редакторы қарапайым текстiк редактор сияқты, оның көмегiмен модуль тексiн және қосымшаның басқа да текстiк файлдарын түзетуге болады. Формалар конструкциясымен код редакторы терезелерiне ауысу F12 арқылы орындалады.

Кодты сiлтеу терезесi. Код редакторы терезесiнiң сол жағынды орналасады. Онда тармақ түрiнде формалар модулiнiң барлық обьектiлерi бейнеленедi. Кодты сiлтеу терезесiн алып тастау үшiн Automatically Show Explorer (сiлтеудi автоматты түрде бейнелеу). Жалаушасын Tools (құралдар) командалық менюдегi Explorer дилогты терезесiнен алып тастау үшiн керек. Кодты сiлтеу терезесiн экранға шығару үшiн View Code Explorer (қарау / сiлтеу коды).

Обьектiлер инспектор терезесi негiзгi терезенiң астында сол жақ бөлiгiнде орналасады және ол Form1 кезектегi формасы үшiн қасиетi мен оқиғасын белгiлейдi. Бұл терезенi экранға орналастыру үшiн

View / Object Inspector командасын немесе F11 пернесiн басу керек. Обьектiлер инспектро терезесi екi беттен тұрады.

1. Properties (қасиет).

2. Events (оқиға).

Properties бетi формалар конструкторы терезесiндегi кезектегi компонент туралы ақпаратты бейнелейдi.

Ал Events бетi көрсетiлген оқиғада компонент орындайтын процедураны анықтайды.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 1124 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...