Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Алгоритмдердің тармақталған құрылымдарын программалау



Тармақталған алгоритмдердің программасын құру үшін шартты операторларды пайдаланады. Осы уақытқа дейін сызықтық алгоритмдерге бағдарлама құрып келдік. Яғни, берілген есепте ешқандай шарттар болмаған. Ал, бүгінгі сабағымызда берілген есепте бір немесе бірнеше шарт кездесетін жағдайды қарастырып, оған программа құрады. Ал бұл алгоритм түрі тармақталған алгоритм.

Тармақталған алгоритмдер – алгоритмде арифметикалық теңсіздік пен теңдік түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі. Логикалық шарт тексеріледі, егер орындалса, онда 1 – жолмен, ал егер орындалмаса, онда 2-ші жолмен жүзеге асады да, соңында екі тармақ бірігеді. Мұндай алгоритмдерді шарт тексеру, яғни тармақталу алгоритмдері деп атаймыз. Блок схемасында шарт тексеру блогы – ромб қолданылады.

Тармақталу операторы көрсетілген шартқа тәуелді құрамына кіретін операторлардың орындалуын немесе орындалмауын қамтамасыз етеді. Тармақталған алгоритмдерді бағдарланған кезде мынадай қызметші сөздер қолданылады: if - егер, then – онда, else – әйтпесе.

Оператор программадағы іс-әрекеттердің орындалу реттілігін өзгертетін мүмкіндіктің ең кең тараған тәсілі болып табылады. Толық оператордың жазылу түрі:

IF <шартты өрнек> THEN <1 оператор> ELSE <2 оператор>;

Егер шарттың мәні «ақиқат» болса, THEN сөзінен кейінгі оператор, ал мән «жалған» болса, ELSE сөзінен кейінгі оператор орындалады.

Қысқа оператордың жазылу түрі:

IF <шартты өрнек> THEN <1 оператор>;

Шарт өрнегін жазу үшін мынадай салыстыру белгілерін пайдаланамыз:

= Тең
< Кіші
<= Кіші немесе тең
> Үлкен
>= Үлкен немесе тең
<> Тең емес

Мысал:

program j;

var x,y:integer;

begin

read(x);

if x<3 then y:=x+2 else y:=5*x;

write('y=',y);

end.

Шартты операторының жалпы жазылуы:

Іf <шарт> Тhеn <1-оператор> Еlsе <2-оператор>;

Мұндағы: Іf (егер) қызметші сөзінен кейінгі жазылған шарт ақиқат болса Тhеn (онда) сөзінен кейінгі жазылған 1-оператор орындалады, шарт сақталмаса Еlsе (әйтпесе) сөзінен кейінгі 2-оператор орындалады.

шарт
1-оператор
2-оператор
-
+
шарт
1-оператор
-
+
а)
ә)

Сур. 1: Шартты операторының блок-схемасы

(а- толық түрі, ә-қысқаша түрі)

Егер, шартка байланысты орындалатын бір ғана оператор болса, шартты оператор қысқаша түрде жазылады:

ІF <шарт> ТНЕN <l-оператор>;

Шартты операторына келесі блок схема сәйкес келеді.

Мысал 1. х аргументі бойынша функцияның мәнін есептеудің программаны жазу.

program ecep1;

vаr х, у: rеаl;

bеgіn

wrіtеln ('х=?');

rеаdln (х);

іf х <= 0 thеn у:=sqr(х) еlsе у:=х-5;

wrіtеln ('у=', у);

еnd.

Егер, thеn және еlsе қызметші сөзінен кейін орындалатын операторлар саны екі немесе екіден де көп болса, онда бұл операторларды bеgіn және еnd операторлар жақшасына аламыз. Яғни, шартты операторын құрама оператордың көмегімен жазамыз. Құрамында құрама операторы бар ІF операторының жазылуы





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 1866 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...