Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Алтай баурайы



Найза шыңдар тіктелген,

Көк бөрінің атындай.

Сына таппай жіктелген,

Қарағайлы Қатындай.

Жамал апаң шырқаған,

Алтай қазақ алқасы.

Бораны бар бұрқаған,

Маралдың мол марқасы.

Алтай өлке алабы,

Сұлудардың ордасы.

Өскеменнен тарады,

Ғажайыптар жол басы.

Таңбалы мөр бар ізде,

Күлтегіннен бастаған.

Швейцария, Париж де,

Өскеменнен аспаған.

Көңіл қалай селт етпес,

Тамсанған соң не дейін.

Хантәңірі қол жетпес,

Биіктігім, мерейім.

Келмес мұнда қартайғың,

Оның сырлы мәні бар.

Ақындары Алтайдың,

Топ-тобыман танымал.

Кенді Алтай маңайы,

Күн сәулелі жарығым.

Қазағымның Абайы,

Шығыстағы алыбым.

Ертіс тума еркесі,

Бұқтырмада мән-жай мың.

Жазушының серкесі,

Оралханы Алтайдың.

Зайсаң көлге барғандар,

Ұғар қоса тау жайын.

Марқакөлде арман бар,

Бір шомылсаң баурайтын.

Тау бұлағы тас жарған,

Шын ғажайып осы де.

Өскеменнен басталған,

Жер-ананың осі де.

Көр ананы, мынаны,

Шабытыңа ерік бұл.

Шығысымның шынары,

Сенде қалғым келіп тұр.

ЖЫЛАП ТҰРМЫН

Жылап тұрмын мен бүгін, жылап тұрмын,

Жағдайымды айтайын, құлақ түргін.

Елу жасқа келіппін, о құрғыр-ай,

Қалай ғана жастықты лақтырдым?!

Лақ қылдың, сен өмір, лақ қылдың,

Айыра алмай түр-түсін шын ақ, кірдің.

Бала едім ғой мен кеше, кенже едім,

Ал бүгін ше, мұңайып жылап тұрмын.

Солай досым, осындай жағдайым бар,

Ая мені, хал сұра ағайындар.

Қайда кетіп барамын, қартайдым ба,

Марапатың қанеки тағайындар?

Құрып кетсін барлығы, құрып кетсін,

Жастық деген ауылдан жүріп кеттім.

Арал болсам мен бүгін сусап жатқан,

Енесейді құяды бұрып кеп кім?

Жылап тұрдым ұйқымнан, жылап тұрдым,

Тартып бара жатқандай тұмақ құрдым.

Жас едім ғой кеше-ақ, жас едім ғой,

Мүжіп бітті мына өмір, сынақ шіркін.

Айна алдында тарансам, солғынмын ба,

Шаштан қайрат қашқаны, толқынның да.

Төбем ойық, таз болып бара жаттым,

Жанар қайда от шашар, тор құрдың ба?

Түсім екен көргемім, бала шақты,

Кім болжаған мастықпен болашақты.

Жылайтұғын жөнім бар, ауыр тарттым,

Құрбым қайда сұлу көз қарақатты?

Жер ортасы жастамын марғаулаған,

Жастық кетті жыраққа жарда аунаған.

Көңіл бірақ сол қалпы он сегізде,

Түлкі көрсе елеңдер қарға аунаған.

Жылағаным шындығым, айқындығым,

Санап осы тауысқан ай-күнді кім.

Өмір-өзен тоқтамай ағып жатса,

Кідіртеді жолаушы қайығымды кім?

Сондадағы жылаймын жастықты ұғып,

Жастықты ұғып, мастықты бас құт қылып.

Жылап кетіп барамын елу жаққа,

Жырларымды басыма жастық қылып.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 321 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...