Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

ШЫҒАРУ ЭПИКРИЗІ



Эпикриз ауру тарихының көшірмесі болып табылады және ауру тарихының негізгі мазмұнын қысқаша түрде баян ету керек, оны оқыған кезде, науқасты тексеру барысы туралы, диагностикалау тәртібі, аурудың клиникалық ағымы мен оның ерекшеліктері, емі мен ақыр соңы туралы толық көрініс туындау керек.

Ауру тарихының барлық материалының көрінісі және оның жиынтығы болып табылатын қорытынды жазу ретінде, эпикриз, міндетті түрде мәтіндегі, ауру тарихының сыртындағы жазбаларға, температуралық қисыққа сәйкес келу керек, сондықтан студент эпикризді құрастырған кезде осы жазбаларды тексеру тиіс (ауырған күндері, қосалқы ауруларды шығаруды, екіншілік инфекцияларды және емін).

Өзінің қалауы бойынша аумақты немесе қысқаша эпикриз құрастыруға болады. Оның мазмұнының негізгі сәттерін қалдырмауды естен шығармау керек, ал егер бұл жіберіліп кетсе, мазмұндаманың қысқасы, міндетті түрде, басымдырақ болады.

Эпикриздің мазмұны келесі құрама бөліктерден құрастырылу керек:

Науқас Ф.А.Т., ОЖАА –на ауруының... күні жолдаған мекеме диагнозымен, қайдан және қандай жағдайда келіп түсті).

Жіктеуіне сәйкес қорытынды диагноз.

Осы науқастағы ауру клиникасының қысқаша суреттелуі (тек патология), ауру формасы, негізгі симптомдардың болуы, клиникалық ерекшеліктері, интерпретациясыз лабораториялық анализдер, егер жүргізілсе мамандардың кеңестері (қорытындылары).

Асқынулары.

Екіншілік инфекциялары.

Емі (нені және қайда енгізілді, қанша күн).

Ақыр соңы. Шығару кезіндегі науқастың жағдайы, аурудың негізгі симптомдары динамикасының қысқаша суреттелуі және шығару алдындағы лабораторлы тексерулердің нәтижелері.

Ұсыныстар:

- ауруханадан шығару критерийлері

- әрі қарай жүргізілетін режим мен ем, егер лабораторлы анализдерді қайталау керек болса, нені және қандай мерзімдерде тапсыру.

- әрі қарай мамандардың кеңесі мен бақылауы.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 2037 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...