![]() |
Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | |
|
Пакеттік файл – компьютерді нақты бір режимге орнататын немесе нақты бір операциялар орындайтын тізбектелген командалар тобы.
Пакеттік файл әдеттегі ережелер бойынша құрылады, бірақ кеңейтілуі тек .bat болуы керек (batch – «пачка» сөзінен қысқартылған).
Пакеттік файлдарды орындауды тоқтату Ctrl+Break немесе Ctrl+C командаларымен орындалады. Мұнда файлды командалық процессор рет-ретімен орындайды.
Ол файлдарды құру үшін операциялық жүйенің арнайы ішкі командалары және сыртқы find, sort, mode,more командалары қолданылады (3.1 кестені қараңыз).
3.1 кесте - Пакеттік (командалық) файл командалары
Команда | Қызметі |
сall | бір пакеттік файлды басқа пакеттік файлдан шақыру |
еcho | хабарлама шығару және командаларды экранда көрсету режимдерін ауыстыру |
exit | cmd.exe (командалық жол интерпретаторы) программасын аяқтау |
for | жиындағы файлдар үшін көрсетілген команданы орындауға жіберу |
goto | басқаруды пакеттік файлдың көрсетілген жолына беру |
if | пакеттік файлда команданы шартты орындау операторы |
pause | пакеттік файлды тоқтата тұру және хабарлама шығару |
rem | түсініктемелерді пакеттік файлға жазу |
set local | пакеттік файл ортасы үшін ішкі өзгертулердің басы |
shift | пакеттік файлға баратын көрсеткіштердің мәнін өзгерту (жылжыту) |
Пакеттік файлдан басқа пакеттік файлды Call (қайтаруымен) командасы немесе әдеттегі шақыру командасымен (қайтарусыз) шақыруға болады.
Пакеттік файлдың командасын орындар алдында сол ортаның мәні экранға шығарылады. Пакеттік файлдың әрбір жолын экранға шығаруды болдырмау үшін жолды @ символынан бастау керек.
3.2.1 еcho командасының жалпы түрі: ЕCHO [ON|OFF].
Команданы келесі форматтарда қолдануға болады:
еcho off – экранға шығаруға тыйым салу;
еcho on – экранға шығаруға рұқсат беру;
еcho (параметрсіз) – команданың ағымдық мәнін (on немесе off) анықтау үшін сұраныс беру;
еcho + мәтіндік хабарлама – экранға мәтіндік хабарлама шығару;
еcho + % орта айнымалысының аты% – орта айнымалысының мәнін шығару;
3.2.2 Пакеттік файлды орындауды тоқтата тұру үшін pause командасын қолданғанда экранға келесі хабарлама шығады:
Для продолжения нажмите любую клавишу…
Бұл команданы дисплейге үлкен көлемдегі ақпарат бет бойынша порциямен шыққанда қолдану ыңғайлы, яғни оқып алып, содан кейін келесі форматқа көшуге болады. Оны пакеттік файлды басқару үшін де қолдануға болады. Егер pause командасына жауап ретінде Ctrl+C басатын болсақ, онда келесі сұрақ пайда болады:
Завершить выполнение задания?
Жауабы: Y-пакеттік файлды орындауды тоқтату, ал N-жалғастыру.
3.2.3 find командасының мысалында командалардағы формалды көрсеткіштер мен ауыстырылатын параметрлерді қолдануды қарастыру.
Мысал 1.
tt1.txt мәтіндік файлын құрайық:
what country are you from?
what is you name?
cf1.txt пакеттік файлын құрайық:
find /%1”%2”%3
Құрылған пакеттік файлда келесі ауыстырылатын параметрлер жатыр: %1- іздеу режимін көрсетеді, %2-іздеуге арналған символдар жолы, %3- «what» сөзі ізделетін жерді, яғни файл атын сұрайды.
Келесідей орындалады:
С:\DOCUME~1\bista\0016~1\ooo\cf1.bat n what tt1.txt
С:\DOCUME~1\bista\0016~1\ooo\find /n “what” tt1.txt
Бұл кезде іздеу нәтижесі келесідей:
-------------- tt1.txt
[2] what country are you from?
[3] what is you name?
Іздеудің басқа нұсқасын келесідей іске асыруға болады:
С:\DOCUME~1\bista\0016~1\ooo\cf1.bat n what tt1.txt
С:\DOCUME~1\bista\0016~1\ooo\find /с “what” tt1.txt
3.2.4 goto командасы пакеттік файл операторларының тізбекті орындалуын өзгеруге мүмкіндік береді. Командалық процессор goto орналасқан жолды кездестіргенде ол файлдың барлық жолдарын қарап, сәйкес: белгісі бар жолды іздейді. Белгі идентификаторы сегіз символға дейін бола алады. Команда өздігінше немесе if командасымен бірге жүруі мүмкін.
3.2.5 Пакеттік файлды орындағанда if командасы тармақталуды ұйымдастырады, яғни команданы шартты орындауды іске асырады. Оның форматы:
if шарт команда
Шарт ретінде әдетте қоданылатындар:
а) файлдың болуын тексеру. Бұл жағдайда шарт ретінде келесі фраза жазылады:
exist диск:\жолы\файл аты.кеңейтілуі
б) екі символдық жолдың бірдейлігін тексеру. Шарт келесі түрде беріледі:
str1==str2
Мысал 2. Екі символдық жолдың бірдейлігін тексеру.
echo off
set /p s=str
set /p s1=str
if %s%==%s1% goto m1
echo all right
:m1
begin
set /a n=2
echo on
echo %n%
end
Not командасын қолданып кері шартты тексеруге болады.
Мысал 3. i2.bat пакеттік файлы ағымдық каталогте aaa.txt файлының бар екенін тексереді.
if exist aaa.txt goto m1
echo aaa.txt no exist
go end
:m1
type aaa.txt
:end
Терістеуді қолданумен:
if not exist aaa.txt goto err1
type aaa.txt
goto end
:err1
echo it is bad
:end
Мысал 4. i5any.bat пакеттік файлы кез келген файлды іздеп, ішін қарап шығады.
echo off
if /%1==/ goto r1
if not exist %1 goto r2
type %1|more
goto end
:r1
echo there_is_not_name_of file_%1
goto end
:r2
echo there_is_not_this_file_%1
goto end
:end
Файлды шақыру: i5any.bat aaa.txt
3.2.6 Командаларды бірнеше рет қайталау үшін for командасы қолданылады. Команда форматы келесідей:
а) командалық файл жолдары үшін:
for %% айнымалы in (жиын) do команда
б) командалық жолдың режимдері үшін:
for % айнымалы in (саны) do команда
Параметр ретінде айнымалы қолданылады, ол бір әріптік айнымалы, (жиын) параметрінде көрсетілген сөздердің немесе файл атының мәнін рет-ретімен қабылдайды. Жиын – бір немесе бірнеше символдық жолдар немесе файл көрсеткіштері. Файл көрсеткіштері келесідей:
диск:\жолы\файл_аты.кеңейтілуі
Топпен жұмыс істеу үшін шаблондарды қолдануға болады:
диск:\жолы\*.кеңейтілуі
Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 506 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!