Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дәріс 5– Коммерциялық банктін меншікті қаржыларын (капиталын) талдау



Мақсаты: Студенттерді коммерциялық банктің меншікті қаржы құрамын талдау негізгі ұғымдарымен таныстыру, оның мақсаты мен міндеттерін айқындау, әдебиеттер тізімін ұсыну, дәріс сұрақтарын қарастыру.

Мазмұны

1. «Бантің меншікті қаржысын талдау.

2. Меншікті қаржы- нетто көлемін анықтау.

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: меншікті қаржылары, баланс өтімділігі, табыстар,пассивтік операциялар, депозиттік операциялар, брутто, нетто ұғымдары және т.б.

Коммерциялық банктін меншікті қаржыларын (капиталын) талдаудың негізгі мақсаты: банкті меншікті қаржы жағдайына баға беру; меншікті қаржы құрылымының өзгеруін бағалау; банктің меншікті қаржыларының шашырау себептерін анықтау, банктің меншікті қаржыларын тиімді пайдалану арқылы баланс өтімділігі мен табыстардың өсі резервтерін анықтау.

Баланстың пассив бөлімі меншігіне қарай және пайдалану мақсатына қарай топтастырған қаражаттардың қайнар көздерін көрсетеді. Пассивтік операциялары болып, банктік операциялардың нәтижелерінде пассивтік немесе актив-пассивтік шоттардағы ақша қаражаттарының ұлғаю процесі жүретін операциялар табылады.

Коммерциялық банктер үшін пассивтік операциялар маңызды рөл атқарады. Нақты солардың көмегімен банктер ақша нарықтарында несиелік ресурстарға ие болады. Коммерциялық банктердің пассивтік операцияларының төрт формасы бар:

1.құнды қағаздардың бірінші эмиссиясы;

2. банк табыстарының қалыптасуы мен ұлғаюына қаржы бөлу;

3. басқа заңды тұлғалардың алынған несиелер мен заимдар;

4. депозиттік операциялар;

Пассивтік операциялар айналымдағы ақша қаражаттарын банктерге тартуға мүмкіндік береді.

Ал жаңа ресурстар банктік жүйемен қарқынды несиелік операциялар нәтижесінде қалыптасады. “Валют–Транзит Банк” АҚ-ның міндеттемелерінің құрамын 7-кестеде қарастырамыз.

Кесте 7- “Валют- Транзит Банк” АҚ- ның міндеттемелерінің құрамын талдау (мың.тг)

Көрсеткіштер 2004ж 2005ж Ауытқуы (+;-) өсу қарқыны %
1. Банктердің корреспонденттік есеп- шоттары мен салымдары         113,9
2. РЕПО шарты бойынша сатылған бағалы қағаздар         202,1
3. Туынды қаржылық құралдар       3,3есе
4. Қызмет көрушілердің банктен есеп- шоттар мен салымдар         145,9
5. Шығарылған берешек бағалы қағаздар       126,3
6. Банктер алдындағы берешек       34,4есе
7. Басқа тартылған қаржылар       39,5есе
8. Субординацияланған берешек - - - -
9. Салық міндеттемелері       9,3есе
10. Мерзімі ұзартылған салық талаптары - - - -
11. Басқа міндеттемелер       150,3
12. Төленетін дивидентер - - - -
Міндеттемелердің барлығы       151,9

Есептеу нәтижелері бойынша “Валют - Транзит Банк” АҚ – ның 2004 – 2005 жылдар аралығындағы міндеттемелер 13 583 199 мың теңгеге (39 716 177- 26 132 978) немесе 51,9 пайызға өсті, себебі:

- банктердің корреспонденттік есеп шоттары мен салымдары 147832 мың теңгеге;

- РЕПО шарты бойынша сатылған бағалы қағаздар 659010мың тенгеге;

- туынды қаржылық құралдардың 208770 мың теңгеге;

- қызмет көрушінің банктік есеп-шоттары мен салымдары 10297344 мың теңгеге;

- Банктер алдындағы берешек 1,6 пайзды;

- Басқа тартылған қаржылар 1,0 пайызды;

- Туынды қарждылық құралдар 0,5 пайызды;

- Салық міндеттемелері 0,04 пайызды құраған;

Банктің өз меншігіндегі капиталдың құрылымын 9-кестеде қарастырамыз.

Есептеу нәтижелері бойынша “Валют – Транзит Банк” АҚ-ның меншікті капиталдың құрылымы 4889578 мың теңгеге (10319096-5429518) өсті, өсу себебі:

- жарғылық капиталдың 4470491 мың теңгеге (7580221-3109730);

- эмиссиялық кірістің 500000 мың теңгеге (1370516-870516);

- кезеңдегі таза табыстың 376458 мың теңгеге (1100701-724243) байланысты болған;

Сондай-ақ, “Валют – Транзит Банк” АҚ-ның міндеттемелерінің құрылымын 8-кестеде қарастырамыз. Банктік меншікті акционерлік капиталы оның шығарған акцияларының номиналды (көрсетілген) бағасына тең болады. Табыстың шығыстардан артықтығын сипаттайтын банк балансының стаьясы тартылмаған пайда болып табылады. Акционерлік капиталды эммиссиялау арқылы құрылтайшылық пайда есебінен құрылатын (яғни шығарылған акциялардың көрсетілген бағасы мен оны сатудан түскен түсім ақшаның айырмасы) резервтік капитал және әр жылдық ағымдық пайдадан аударым жасалынатын резервтік капитал.

Банктің меншікті қаржы құрылымы

БРУТТО Н Е Т Т О
Иммобилизацияланған (шашыраған) меншікті қаржылар

Меншікті қаржы-нетто () меншікті қаржы-бруттодан () иммобилизациялаған (шашраған) меншікті қаржыларды () азайтқанға немесе формула бойынша:

= -

1 теңге несие салымдарына келетін меншіті қаржылардың тиімді пайдалану коэффициенті мына формуламен анықталады:

К= меншікті қаржы сомасы / несие салымдар сомасы





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 2374 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...