Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Баяндама: Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы

Азақ хандығы- Ата жолы» қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына орай ұйымдастырылған тарихи-танымдық кештің сценарийі

«Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді

«Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық»
Н. Ә. Назарбаев

Кітапханашы:

Армысыздар, бүгінгі кешке жиналған қонақтар, оқытушылар, студенттер!

Мемлекеттің басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» кезекті Қазақстан халқына Жолдауында елімізде аталып өтетін басты оқиғаларды атап айтты. Биыл Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Соғыс ардагерлері жылы, Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл, Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығын тойлау қолға алынды. Елбасы Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толатынын және ол тарихи датаны айрықша атап өтетінімізді мәлімдеді. Бұл – қалың қазақты бір жасатып тастады. Еліміздің барлық аумақтарында осы аталған атаулы оқиғаларға іс-шаралар өткізілуде. Осы орайда біздің кітапхана тарапынан өз үлесімізді қосу мақсатында сіздермен «Қазақ хандығы-Ата жолы» атты тарихи кешті өткізіп отырмыз. Бүгінгі тақырып - Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл. Осы ерекше датаның бүгінде мәні мен маңызы қандай? Бұл шараға біз қандай үлес қоса аламыз? Міне осы сауалдар төңірегінде бүгін қызу талқылаулар болмақ.

Кештің қонақтары: жазушы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, профессор Бегман Ысқақ; жазушы, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің «Заң және заман» бөлімінің меңгерушісі Шойбек Орынбай; ақын Құрал Көмек; М. Әуезов атындағы ОҚМУ қызметкері Өтен Ғалымжан.

Қатысушылар: Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университетінің, М.Әуезов ат. Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетітің, Оңтүстік Қазақстан инновациялық-технологиялық колледжінің ұстаздары мен студенттері.

Біз бүгінгі кешімізді Сембек Абдрахмановтың «Қазақ елі-Мәңгілік ел» өлеңімен бастаймыз.

ҚИПХДУ-нің «Қазақстан тарихы» кафедрасының студенті­­___________________________________________________

Біз қазақпыз!
Ежелден - ақ қазақ болып аталған,
Қатал болды әр күн, әр түн, атар таң
Күйдірсе де ызғарлы аяз, жалынды от,
Ел боп келдік, қалып қоймай қатардан.

Баяндама: Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы

ҚИПХДУ-нің «Қазақстан тарихы» кафедрасының студенті­­___________________________________________________

(слайд көрсетіледі)


1456 - шы жылы Алтын Ордадан бөлініп шыққан Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергені тарихтан аян.«Қазақ» деп ұран тастағанда рухы көтеріліп, намысы оянған барлық қазақ тайпалары түгел жиналып, Қазақ хандығының іргесін қалағанын баршамыз білеміз. Әлбетте, одан кейін тағдыр сан түрлі сынаққа салды бізді. Үш ғасыр тарихымыз пен ар - ожданымыз табанға тапталды. Түрлі нәубетті бастан өткердік. Бірақ, мың өліп мың тірілген қазақ ақыры азаттығын алды. Ал, Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту – сол азаттық сыйлаған бабаларға деген құрмет болса керек - ті.

Жүргізуші: Баяндамаңызға көп рахмет.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақтың тарихи көкжиегі өте кең, ол тұңғыш қазақ хандығы құрылған уақыт межесімен ғана шектеліп қалмайды. Қазақ хандығының құрылуы қазақстан тарихындағы сындарлы кезең болып табылады»,– деген болатын. Осы тұрғыда сіздердің де ой-пікірлеріңізді білсек.

Ендігі сөз кезегін қонақтарға берсек:

-Жазушы, профессор Бегман Ысқақ;

-Жазушы Шойбек Орынбай

Тыңдаушылар тарапынан қойылатын сұрақтар бар ма? (ортаға тасталар сұрақтар)


1. Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды, қазақтың

мемлекеттілігінің тарихы сол кезден бастау алды ма?
2. Хандықтың құрылуының бүгінде маңызы қандай?


Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 638 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...