Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Салық түрлері



Салықтың бірнеше белгілері бойынша жіктелуінің толық сипаттамасы келесі кестеде көрсетілген (кесте).

Салықты жіктеудің және бір белгісі болып, олардың экономикаға тікелей немесе жанама әсер етуі саналады. Осы белгілері бойынша салық төлемдерінің жалпы жиынтығынан мынадай ерекшелікті көруге болады: баға құрылымын, өндіріс шығынын, инвестицияны және жұмыспен қамтуды реттейтін салықтар ерекшеленеді.

Салықтың жіктелуі

Белгісі Салық түрі Қысқаша сипаттамасы
Салықтардыпайдалану сипаттамасынабайланысты Жалпы Салықтардың бюджеттің басқа кірістерімен араласып жұмсалуы
Мақсатты Нақты шараларды пайдалану үшін қолданылады
Өндіріп алу тәсілі немесе салық салу объектісі бойынша   Тікелей Салық төлеушілердің табысына немесе меншігіне тікелей салынады
Жанама Тауар бағасына немесе көрсетілетін қыз- меттер тарифіне үстеме ретінде қойылып, түтынушылармен төленеді.
Салық сомасы түсетін бюджет деңгейіне немесе салықты алатын және оған билік жасайтын органға қарай Республи- калық Мемлекет табысы болып саналатын салықтар
Жергілікті Жергілікті бюджеттің табыс көзі болып саналатын салықтар
Салық көлемін анықтау тәсілі бойынша   Үйлесімді табыс көлеміне қарамастан сальщ мөлшері өзгеріссіз қалады, яғни табыс қаншама ескенімен салық ставкасы сол күйінде қалады.
Үдемелі салық мөлшері табыстың өсуіне қарай өсіп отырады
Кемімелі салық мөлшері табыс өскен сайын кеміп отырады.
Салықтарды төлеу формасына байланысты Ақшалай Ақшалай формада төленетін салықтар
Натуралды Жер қойнауын пайдаланушылардың келісімінде белгіленген, кен өнімдерінің үлесі ретінде- гі салыктар
Субъектілері бойынша   Заңды тұлғалар Субъектісі болып заңды түлғалар, резидент және резидент емес, тұрақты мекемелер
Жеке тұлғалар Жеке түлғалармен төленетін жеке салықтар
Объектілердің экономикалық белгілері бойынша Табысқа салынатын Кез-келген салық салу нысанының табысынан алынатын салықтар
Тұтынуға салынатын Тауарлар мен қызметтерді тұтынғаны үшін төленетін шығын салықтары
Бюджеттік реттеу кұралы ретінде Бекітілген Бюджеттің белгілі түрінің табыс көзі ретінде заңға сәйкес бекітілген салықтар
Реттеуші Жыл сайынғы бекітетін бюджет процессінде жоғарғы бюджеттен төменгі бюджетке оны теңестіру мақсатында берілетін салықтар
Салық салу объектісін бағалау дәрежесіне байланысты Кадастрлік Салықтарды есептеу және өндіріп алу - салық нысандарының тізімдемесі негізінде, олардың нақты табыстарын есепке алмай, көрсетілген табыс нормасымен жүзеге асырылады
Салық есептілігі бойынша Салық төлеуші табыс көлемін, қажетті жеңілдіктері мен шегерімдерін есептілік нысанында көрсетеді және салық сомасын есептейді
Табысты алу кезінде Табысты алған жерде салық төлеушінің жұмыс істейтін орны бойынша есеп қызметкерімен сол жерде есептеліп, төленеді
Патент негізінде Кәсіпкерлік қызметтің белгілі бір түрлері бойынша патент арқылы есептеліп төленеді

Салықтар шаруашылық қызметтеріне жан-жақты әсер ететіндіктен, шартты сипаттамада болады және экономикалық қатынастардың барлық салаларына жалпы әсерін тигізеді. Қандай да бір салық түрінің, экономикалық құбылыстың нақты бір түріне жатқызуы кезінде, оның үстемдік әсері ескеріледі.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 1172 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...