Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ші дәрістік сабақтар: Топырақтың химиялық қасиеттерін дала жағдайында зерттеу



Дәрістік сабақтың жоспары:

1. Топырақ үлгісін және монолиттерді алу әдістемесі

Монолиттер алу

Осылым және жаңатүзілім

Далада, әдетте, үш химиялық қасиеттері зерттеледі: топырақта карбонаттардың болуы, топырақ ерітіндісінің (рН) реакциясы, топырақта күкіртқышқыл, хлорлы тұздарының және темір қосылысы шала тотықтарынының болуы.

Топырақта карбонаттарды (СаСО3 МgCO3) анықтау 10 % НСl көмегімен жүзеге асырылады. Ол үшін топырақ кесіндісінің қабырғасына тамызғыдан тұз қышқылы ерітіндісін тамызады және ажырату керек:

1. реакция интенсивтілі, мұнда бөлу керек:

2. қатты қайнауын;

3. орташа;

4. әлсіз, бұл жағдайда қайнау байқалмайды, бірақ қышқылмен суланған топырақ салыстырмалы баяу көтеріледі.

5. кесіндінің вертикальды қабырғасында қайнаудың таралуын және тереңдеген сайын қайнаудың өзгеру сипатын, мұндай жағдайда қайнаудың келесі түрлерін ажыратады: тегіс, жергілікті және үзілмелі;

6. в) тереңдігін, одан қайнау бастала

Күкіртқышқыл және хлорлы тұздарын анықтау – дистилденген су көмегімен сығындының аздаған мөлшері дайындалады, пробиркалардағы жеке сынамалаға BaCl2 и AgNo3 қосылады. BaCl2 бар пробиркада ақ тұнбаның немесе ылайдың түзілуі, топырақта хлорлы тұздардың бар екенін көрсетеді

Темір шала тотығының бар екенін анықтау қызыл қан тұзы (K4Fe(CN)6) жаңа ерітіндісінің тамшысынан топырақтың көгеруі бойынша білінеді.

рН реакциясын анықтау универсальды индикатор көмегімен өткізу ең ыңғайлысы. Ол үшін пробиркаға аздап топырақ салып, хлорлы калий ерітіндісінің шамамен екі мөлшерін қосып, шайқайды және түзсіз ерітінді болып тұнғанша қойып қояды. Содан кейін тамызғымен ерітіндіден бір бөлімін фарфор табақшасына алады, оған екі-үш тамшы индикатор қосады, араластырады және алынған реңді стандартты түрлі-түсті шкаламен салыстырады.

Топырақтың химиялық қасиеттерін зерттеудің барлық нәтижелерін, сонымен бірге морфологиялық зерттеу нәтижелерін далалық журналда нақтылықпен жазып бекітілуі керек.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 1057 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...