![]() |
Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | |
|
Мартенситтік айналымның кинетикасы. Мартенситтік айналымда диффузиондық айналымдағыдай тез салқындату мүмкін болмайды. Мн температурасында айналым тез басталады және температуралар аралығында жүріп отырады. Мн нүктесіне сәйкес температураға дейін салқындатса аустенит мартенситке айналуын бастайды. Мартенситтік айналым дамуы үшін, үнемі Мн температурасынан төмен қылып салқындату қажет. Егер салқындатуды тоқтатсақ мартенситтік айналымда тоқтап қалады. Бұл қасиеті диффузиондық перлиттіктен айырмашылық туғызады. Пайда болған мартенсит көлемі температураға байланысты, яғни салқындатылад және мартенситтік қисық деп аталады. Неғұрлым температура төмен болса, соғұрлым мартенсит мөлшері көп болады. Мартенсит көлемі жаңадан пайда болған кристалл нәтижесінде ұлғаяды. Әрбір болаттың өзіне тән температурасына жеткенде аустениттің мартенситке айналуы тоқтайды. Мартенситтік айналымның тоқталуын Мк білдіреді. Мн және Мк салқындау жылдамдығына тәуелсіз және аустениттің химиялық құрамымен байланысты. Неғұрлым аустенитте көміртегі көп болса Мн және Мк нүктесінде температура төмен болады. (сурет 115,б)
Мартенситтік айналым кернеуге өте сезімтал, Мн температурасынан төмен болса да аустенит деформациясы айналымға түседі.
Мартенситтің кристалы аустенит торымен ориентациялық байланысты. Сондықтан өсу жылдамдығы әр түрлі кристаллографиялық бағытта бірдей емес. Соған байланысты мартенсит кристалы пластин формасында яғни заңды ориентирленген бастапқы формада мартенсит кристалы болат құрамына және пайда болу температурасына байланысты әр түрлі морфологиясы және субструктурасы болады. Мартенситтің 2 түрі болады- пластинкалы және рейкалы. Пластинкалы мартенсит жоғары көміртегілік болат та құрылып, төменгі мартенситтік температураны сипаттайды.(сурет 114,115) Бұл жағдайда мартенсит кристалы орташа есеппен көбісі микроұқсастардан ортаңғы зонаны құрайтын мидридтен тұрады. Ұқсастардың қалыңдығы 100 ангстремге жетеді.
Бақылау сұрақтары.
1. Аустениттің перлитке ауысу жолы?
2. Не себепті көміртегілік эвтектоидтық сфероидизация мен легирленген болат үрдісі жүргізіледі?
3. Мартенсит қандай болып келеді?
4. Мартенситтің ерекшелігімен қасиеттері қандай?
5. Қандай легирленген элементтер коагуляция үрдісін баяулатады?
Әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер
1.Гуляев А.П.Металловедение.Учебник для вузов. Изд. «Металлургия»,1986г- CD-RW
2.Геллер Ю.А., Рахштадт А.Г. Материаловедение. (Методы анализа, лабораторные работы и задачи) М, Металлургия., 1983г. - CD-RW
3. Зуев В.Н. Термическая обработка металлов. М, 1976г.
4. Козлов Ю.С., Конструкционные материалы. М, 1978г
Қосымша әдебиеттер
5. Блатнер М.Е. Металловедение и термическая обработка. М, Металлургиздат, 1993г.
6.Дриц М.Е., Москалев М.А. Технология конструкционных материалов и материаловедение М, Машиностроение, 1991г.
7. Остапенко Н.Н., Кропивницкий Н.Н. Технология металлов М, 1970г.
8. Николаев Е.Н. Термическая обработка металлов и оборудование термических цехов. М, 1980г.
9.Мозберг Р.К., Материаловедение М., Высшая школа, 1991г.- CD-RW
10.А.М.Диаграмма состояния двойных и тройных систем. М. «Металлургия»,1990г- CD-RW
11.Д.Ұ.Смағүлов. «Металлография». «Баспа», 2007 ж
Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 711 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!