![]() |
Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | |
|
|
Ер адамдарда дамитын туа біткен гипогонадизмнің себептерінің бірі Клайнфелтер синдромы болып табылады. Клайнфельтер синдромының таралу жиілігі тірі туылған ер балаларға 1:500 қатынасындай. Жүре пайда болған гипогонадизм жиі кездеседі, ол ер адамдардың 20%-да дамиды. Бұл көрсеткіш алынған диагностика қағидаларына тікелей тәуелді.
6.6 кесте. Даму кезеңіне тәуелді гипогонадизм симптоматикасы
| Өзгерістер | Гипогонадизмнің дамуы | |
| Пубертатқа дейінгі кезең | Пубертаттан кейінгі кезең | |
| Сүйек | Евнухоидты ұзынбойлылық, остеопороз | Остеопороз |
| Көмей | Дауыс мутациясының дамымауы | Өзгеріссіз |
| Түктену | Әйел типі бойынша: шаптық түктенудің горизонтальды шекарасы, денеде түктенудің болмауы, сақал мен мұрттың шықпауы | Шаш өсуінің баяулауы немесе шаштың, сақал-мұрттың және аксилярлы және шап аймағында түктің түсуі, андрогенді алопецияның болмауы |
| Тері | Құрғақ, бозғылт, жасөспірімдік безеулердің болмауы | Атрофия, бозғылт |
| Эритропоэз | Анемия | Анемия |
| Мускулатура | Жетілмеген | Атрофия, күшінің төмендеуі |
| Май тіні | Әйел типі бойынша майдың жиналуы | Әйел типі бойынша таралуы |
| Сперматогенез | Инициирленбейді, бедеулік | Төмендейді, бедеулік |
| Эякулят | Жиі аспермия | Спермограмма көрсеткіштерінің нашарлауы |
| Либидо, потенция | Болмайды | Әлсірейді |
| Жыныс мүшесі | Инфантильді (ұзындығы < 5 см) | Өзгеріссіз |
| Аталық бездер | Жұмсақ < 5 мл | Жұмсақ < 15 мл |
| Ен | Пигментацияланбаған, қатпарсыз | Өзгеріссіз |
| Простата (қуық асты безі) | Жетілмеген | Атрофия |
Клиникалық көріністері
Гипогонадизмнің клиникалық көрінісі ең алдымен сырқаттың дамыған жас уақытына тәуелді (6.6 кесте).
Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 552 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!
