![]() |
Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | |
|
Геодезиялық бөлулердің негізін құруды заказ берушінің геодезиялық қызметі жүргізеді. Тұрғылықты жерде геодезиялық бөлулерге жататындар:
а) белгілер, бұрылу бұрыштарының төбесін бекіту және айналудың басты нүктелері, сонымен қатар түзу аймақтардағы жолдың осі жиі емес әр 1 км;
б) жол трассасының бойындағы реперлер (жиі емес әр 2 км)
Осы белгілер арнайы ведомостарда тіркеледі. Көпір, құбыр және де басқа қондырғылар үшін геодезияның негізі ҚНмЕ «Мосты и трубы» сәйкес құрылады.
Геодезиялық қызмет жол құрылысында, құрылыстың барлық стадиясында жобалаудан бастап объектіні пайдалануға дейінгі геодезиялық жұмыстардың орындалуының сапасын бақылайды. Қызмет құрамы құрылыс-монтаж жұмыстарының көлеміне байланысты. Геодезиялық қызмет қосымша бақылау қондырғыларын жүйелеуге қатысады. (мысалы: откосниктер, асфальт төсегіштегі плиткалар және де басқа жабық қондырғыларда).
Геодезиялық бөлулердің бөлшектену негізінің құрамына енетіндер:
- Геодезиялық негіздің барлық белгілерін жол жиегінің шекарасынан ары шығару;
- Пикеттерді бөлу мен плюстік нүктелерді жол жиегінің шекарасынан ары шығару;
- үйінді > 3м қосымша реперлерді қондыру, ойық тереңдігі > 3 м, жасанды қондырғыларда, ғимараттарда және т.б. қиылысу жерлерде аралық реперлерді қондыру;
- қисықтар мен өтпелі қисықтарды бөліп шығару және аралық нүктелерге бекіту;
- жол-құрылыс машиналарының жұмысын геодезиялық басқару;
- орындалған жұмыстарды геодезиялық бақылау;
- планда жол төсемесінің орналасуын бақылау(таңдау өлшеулермен)
- нивелирленген жолдың ұзына бойлық профилі;
- көлденең профилі (көлденең қиманы нивелирлеумен);
- жер төсемесі мен жүру бөлігінің ені;
- суағарлардың еңістігі мен пішіндері, құлама беткейлері;
- жамылғы тегістігі;
- пландағы және ұзына бойлық профильдегі биіктік белгілер;
- қисықтарды бөлудің орындалу дәлдігі;
- жол осінің бекітілу дәлдігі.
Қондырғылардың формасы мен пішіндерінің ауытқуларын, жол элементтерінің салыну дәлдіктерін анықтау үшін, орындалатын геодезиялық түсірім аяқтау стадиясында орындалады. Геодезиялық бөлу жұмыстардың СН и П III – 40 – 78 бойынша тексеріледі.
Жол жобасын жерге орналастыруда жіберілетін ауытқулар 1 кестеде келтірілген мәндерден аспауы керек.
4.1 кесте
№ п/п | Көрсеткіш атаулары | Жіберілетін ауытқулар мөлшері |
өлшенген горизонтальді бұрыштардың жүрісіндегі п кезіндегі өлшенетін бұрыштар, қосындысындағы келтіру мин… | ![]() ![]() | |
Жобалақ материал бойынша трасса ұзындығы мен трассаны жерге шығару кезіндегі арасындағы қатысты ауытқулар. -жазық жерде - таулы жерде | 1/1000 1/500 | |
Аумақ ұзындығындағы нивелир жүрісінің келтіруі (км), мм | ![]() |
Орындалатын түсіріс бір данада орындалады және жұмыс атқарушы жұмысын тапсырған кезде заказ берушіге табыстайды..
Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 1681 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!