Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сымсыз желілер. Желілік технологияларды дамыту келешегі мен тенденциялары



Сымсыз орта

«Сымсыз орта» тіркесі жағдайды күрделендіру мүмкін, себебі ол желіде өткізгіштің толығымен жойылғанын білдіреді. Көп жағдайларда оны жоққа шығырып тастаймыз. Әдетте сымсыз компонентер таратқыш орта ретінде кабельді пайдаланатын желімен өзара әрекеттеседі. Аталмыш желі аралас компоненттермен бірге гибридті деп аталады.

Мүмкіндіктері

Сымсыз желі идеясы тартымды, себебі оған кіретін компоненттер:

· кабельді желіге уақытша қосуды қамтамасыз етеді;

· кабельді жүйеге қосалқы көшіру шараларын ұйымдастыруыға жәрдемдеседі;

· ықшамдықтың белгілі деңгейіне кепілдік береді;

· мыс немесе көптармақты кабельдерден тұратын желінің максимал ұзындығына қойылатын шекті алып тастауға мүмкіндік береді.

Қолданыста

Монтаждау күрделігі–сымсыз ортаға басымдық беретін фактор. Сымсыз орта келесідей жағдайлар туындағанда ерекше пайдалы болып табылады:

· адамдар көп шоғырланған ғимараттарда (мәселен, қабылау бөлімінде);

· тұрақты жұмыс орындары жоқ адамдар үшін (мәселен, дәрігерлер мен медбикелер үшін);

· оқшауланған ғимараттар мен нысандар;

· жиі жоспарлау өткізетін ғимараттар;

· кабель төсеуге тиым салынған құралыстарда (мәселен, тарихи ескерткіштер мен архитектураларда). Сымсыз желілердің түрдері:

Пайдаланатын технологияларға байланысты сымсыз желілерді үш түрге бөлуге болады:

1. жаһандық есептеу желілері;

2. ауқымы кең жаһандық есептеу желілері;

3. ықшам желілер (жылжымалы компьютерлер).

Осы аталған желі түрлерінің негізгі ерекшеліктірі–беріліс параметрлері. Жергілікті жердегі немесе ауқымы кең жергілікті есептеу желілері тарату және қабылдау құрылғылары қамтиды. Жылжымалы компьютерлер үшін тарату ортасының қызметін телефон желілері немесе интернет секілді жалпыға ортақ желілер атқарады.






Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 1527 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...