Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Кіріспе. I-бөлім. Қазақстан Республикасы Ұлттық банк қызметінің юасқармасы және ұйымдастырылу



Мазмұны

Кіріспе. 3

I-бөлім. Қазақстан Республикасы Ұлттық банк қызметінің юасқармасы және ұйымдастырылу құрылымы.. 5

1.1. Қазақстан Республикасы Ұлттық банк қызметінің басқармасы.. 5

1.2. Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымы мен органдары.. 9

1.3 Қазақстан Ұлттық банкінің өкілеттілігі және құқықтары.. 12

2-бөлім. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметінің негізгі бағыттары 18

2.1 Қазақстан Ұлттық Банкінің міндеттері мен функциялары және оларды Агенттікпен бөлісуі. 18

2.2. Ақша-несие реттеуінің құралдары.. 20

Бөлім Ақша-несие саясатының негізгі бағыттары........................................22

Ақша-несие саясатының негізгі бағыттары..........................................22

Қорытынды.. 26

Қолданылған әдебиеттер тізімі 28


Кіріспе

Банк жүйесі – нарықтық экономиканың ең маңызды және ажырамас құрылымдарының бірі. Банктердің дамуы тауар өндірісімен және айналымымен қатар өсіп өзара тығыз араласып кеткен. Мұндайда банктер ақша есеп айырысуларын жүргізіп, шаруашылыққа несие бере отырып, капиталдарды қайта бөлуде арадағы делдал ролін атқарып өндірістің жалпы тиімділігін елеулі түрде арттырып, қоғамдық еңбек өнімділігінің өсуіне жағдай туғызады.

Қазіргі банктік жүйе – бұл кез келген дамыған мемлекеттің ұлттық шаруашылығының маңызды саласы. Оның практикалық ролі мемлекетте төлемдер мен есеп айырысулар жүйесін басқаратындығымен, өзінің коммерциялық мәмілелерінің көп бөлігін салымдар, инвестициялар және несиелік операциялар арқылы жүргізуімен анықталып, басқа да қаржы делдалдарымен қатар банктер халықтың жинақ ақшасын фирмаларға және коммерциялық құрылымдарға бағыттайды. Коммерциялық банктер мемлекеттің ақша-несие саясатына сәйкес әрекет ете отырып ақша ағындарының айналымына, эмиссиясына, жалпы массасына, оған қоса айналымдағы қолма-қол ақша санына әсер ету арқылы ақша қозғалысын реттейді.

Ақша массасының өсуін тұрақтандыру – инфляция қарқынын төмендетудің, бағалар деңгейінің тұрақтылығын қамтамасыз етудің кепілі болып табылады. Мұндай жағдайға қол жеткізген кезде нарықтық қатынастар халық шаруашылығының экономикасында тиімді түрде жүреді.

Қазіргі банк жүйесі – бұл банк ісінің негізін айқындайтын дәстүрлі депозитті-несиелік және есеп айырысу кассалық операциялардан бастап банк құрылымдары пайдаланып жүрген қазіргі заман талабына сай ақша-несие және қаржылық құралдарға (лизинг, факторинг, траст және т.б.) дейінгі өз тұтынушыларына көрсететін сан алуан қызметтер саласы.

Тұрақты, икемді және тиімді банк жүйесін құру – Қазақстандағы экономикалық реформалардың маңызды және өте күрделі міндеттерінің бірі. Әсіресе, шет елдердегі банк жүйесінің дамуын бақылаудың ерекше маңызы бар, өйткені дамыған елдердегі банктердің тәжірибесі біздің отандық банк жүйесінің қалыптасуына әсер етеді. Сөйтіп, оны халықаралық стандарттарға жақындата түсіп, Қазақстан банктерінің әлемдік деңгейге шығуына ықпал етеді. Демек, осыған орай шетелдік әріптестеріміздің біздің елге, оның ішінде біздің банктік жүйеге деген сенімін арттырады. Қазіргі тауар және қаржы рыноктарының дамыған жағдайында банк жүйесінің құрылымы күрт күрделене түседі.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады. Банк жүйесінің жоғары деңгейін құрады. Ұлттық банк басқа мемлекеттердің орталық банкімен қарым-қатынаста болады және халықаралық ақша-несие қатынастарында мемлекет атынан қызмет етеді. Ұлттық банк өз қызметінде республика ата-заңын, Президент заңдарымен жарлықтарын және жоғары заң шығарушы ұйым шешімдерін басшылыққа алады.

Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның дербес балансы болады және өзінің филиалдарымен, өкілдіктерімен және ұйымдарымен бірге біртұтас құрылым құрайды. Ұлттық банк мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын орган болып табылады.

Орталық банктер елдің несие жүйесін бас үйлестіруші және реттеуші органының рөлін орындай отырып ерекше орын алады және экономикалық басқарудың мемлекеттік орган болыды.

Бұл тақырыптағы курстық жұмысты таңдау себебім Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі біздің еліміздің банк жүйесінде орасан зор орын алады. Сондықтан құқықтарын, мәртебесін және жалпы Ұлттық банкті зерттеп білгім келді.

Әдістемелік негізі-заң актілері, ереже есепке ала отырып, журналдар, статистикалық бюллетень, кітаптар, газет-журналдар қолданылған.

Бұл курстық жұмыста Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктің құқықтары, міндеттемелері, функциялары, мәртебесі, қызметінің негізгі бағыттары қарастырылған. Мысалы, функцияларына тоқтала кетсек Ұлттық банк Қазақстан Республикасының баға саясатының тұрақтылығын қамтамасыз етеді және де Қазақстан Республикасының экономикалық дамуы мен дүниежүзілік экономикаға кірігуіне қол жеткізу мақсатында ықпал ететін ақша айналысы, несие, банктер мен олардың клиентері арасында ақша аударымдарын ұйымдастырады.





Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 569 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...