Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Археологиялык материалдар



Археологиялық ескерткіштер – халықтардың ежелгі тарихына қатысты материалдық мәдениетінің ескерткіштері. Оған: қалашықтар мен қалалар; ежелгі қоныстардың қалдықтары; обалар, қабір үстіне орнатылған ескерткіштер мен салт-дәстүрлік құрылыстар; адамның еңбек қызметін сипаттайтын ескерткіштер; тасқа және үңгірде қашалған жазулар; табылған жекелеген қазбалардың орындары жатады.

А.е. Солтүстік Қазақстан облысы ежелгі тұрғындарының жоғ. палеолит дәуірінен ортағасырлық кезеңге дейінгі өмірі мен тұрмысын көрсетеді. 100-ден аса нышанға қазба жұмыстары жүргізілді, нәтижесінде ежелгі адамдардың материалдық және рухани мәдениетін көрсететін көптеген коллекциялар жиналды. Қола дәуірінің заттық кешендері негізінде Г.Б. Зданович қола ғасырдың алатын кезеңі мен хронологиясын жасады, Петровтік мәдениет дербес өз алдына бөліп қаралды (1975). С.Я. Зданович Солтүстік Қазақстан облысы және көрші облыс материалдары негізінде қола ғасырдың аяқ шеніндегі Саргарин мәдениетін анықтады. В.Ф. Зайберт неолит кезеңінің А.е. материалдары бойынша Атбасар мәдениетіне жататын ескерткіштердің хронологиясын әзірледі, ал энеолит кезеңінің ескеткіштері Ботай мәдениетімен біріктіріле қарастырылды. А.А. Плешаков мезолит және неолит дәуірі материалдары бойынша тәжірибе-трассологиялық әдіспен ежелгі халықтардың шаруашылыққа қолданған кремнийден жасалған еңбек құралдарын қалпына келтіру ісін жүзеге асырды. М.К.Хабдулина зерттеген ескерткіштер негізінде номадтардың Ұлы даласы жүйесіндегі ерте темір ғасыры далалық Есіл өңірінің мәдени-тарихи оқиғаларын айқындап берді. Облыста сақталған — 171 А.е. ішінен Петропавл қ-нда бір нышан, Бескөл ауданында — 26, Булаевта — 3, Возвышенскийде — 1, Жамбылда — 17, Есілде — 50, Мамлютте — 1, Пресновта — 6, Сергеевте — 50, Аққайыңда — 3, Қызылжарда — 13 нышан бар. А.е. облысы су көзі — Есіл өзені бойында орналасқан. Мамлют ауданында 7 А.е-тен тек ерте темір ғасырына жататын жалғыз Мәңгісор ескі моласы ғана сақталған, Мамлюттегі қорғандар қазылды, ал қалған ескерткіштер жүргізген жұмыстар кезінде бұзылып тасталған. Мәскеу ауданындағы (қазіргі Шал ақын атынд.) ерте темір ғасырына жататын Бұлақ ескі қорғаны карьер қазғанда бұзылған. Преснов ауданында ерте темір ғ. және қола дәуіріне жататын 9 қабір ескерткіштері мен бір қоныс бар екендігі туралы мәліметтер болды. Қазіргі кезде ерте темір ғасырына жататын алты қабір орны мен кейбір қорғандар сақталған. Сергеев ауданы ежелгі тарихтың әр кезеңіне қатысты 74 А.е. бар екендігі белгілі. Оның 50-і сақталып қалған. Алты нышан ғыл. жұмыстар мақсатында қазылды, ал қалғандары а.ш. қызметі салдарынан жойылды немесе Сергеев су қоймасының астында қалды. Сергеев ауданыдағы көптеген ескеркіштерден Солт. Қазақстанның ежелгі тұрғындарының ш. мен әлеум.-мәдени өмірін білдіретін коллекциялар табылды. Алыпқаш моласының материалдары бойынша қола дәуірінің алтын әшекейлі киімі қайта қалпына келтірілді. Бұрлық, Кеңес, Ұлубай және т.б обалар қола дәуірі және ерте темір ғасырындағы тарихи үдерістерді болжауға мүмкіндік берді. Аққайың ауданыдағы үш археол. нышан ерте темір ғасыры қорғандары түрінде қабір ескерткіштеріне жатады. Соколов а-нда табылған А.е. де қызықты материалдар. Вишневка-І қонысы ерте қола дәуірі бойынша мәліметтер ұсынады, қазіргі кезде ғылымда Вишнев үлгісіндегі керамика белгілі. Петропавл қ. жерінде әр дәуірдің 16 А.е. болған, қазіргі кезде соның біреуі ғана — ерте темір ғасырындағы Ақтау қалашығы ғана сақталған.

30. Салыстырмалы-тарихи тілдік зерттеулер

— тіл білімінің шығу тегі бір тілдерді зерттейтін саласы. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі салыстырмалы-тарихи тәсіл негізінде туыс тілдердің дамуын, салыстырмалы-тарихи грамматика және этимол. сөздіктерді қарастырады. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі синхрондық нормативті жүйеде жалпы тіл біліміне қарсы қойылады. Барлық табиғи өзгерістерден тарихи заңдылықтарды іздеу бұл кезеңде елеулі орын алады. Түркі тіл білімінде салыстырмалы-тарихи тәсіл қолданысы М.Қашқаридың “Диуани лұғат-ат-түрк” еңбегінен басталған. Ескерткіште түркі тілдері мен диалектілері жинақталып, тілдердің лексикасы, фонетикасы, грамматикасы салыстырмалы түрде берілген, алғаш тілдік карта жасалған. Семит тілдерінің сөздік құрамын, граммат. құрылымын салыстыру нәтижесінде 17 ғ-да салыстырмалы грамматиканың негізі қаланды. Француз ғалымы И.Ю. Скалигер (1540 — 1609) туыстас тілдер тобын айқындап, оларды шығу тегінің бірлігі тұрғысынан топтастыруға алғаш қадам жасады. Скалигер идеясын 18 ғ-да Г.В. Лейбниц, М.В. Ломоносов әрі қарай дамытты. 18 ғ-дың 1-жартысында швед ғалымы Ф.И. Страленберг финн, угор, самоди, түркі, моңғол, тұңғыс-маньчжур тілдерінің туыстығын айқындап, “Орал — Алтай теориясын” ұсынды. Голланд ғалымы Л.Тен-Кате герман тілдері арасындағы дыбыс сәйкестігін анықтап, олардың туыстық қатынасын дәлелдеді. 1786 — 87 ж. “Барлық тілдер мен наречиелердің сөздігі” (270-тен астам тіл) жарыққа шығып, Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің негізін қалыптастырды. В.Джонз үндіеуропа тілдерінің бір негізден тараған туыстас тілдер екенін анықтаса, Ф.Бопп санскрит тіліндегі етістіктердің жіктелу жүйесін салыстыра келіп, үндіеуропа тілдері үшін негіз тіл санскрит екендігін дәлелдеді. 19 ғ-дың 30-жылдарында Я.Гримм герман тілдерінің салыстырмалы грамматикасын жасаса, А.Х. Востоков славян тілдеріндегі дыбыс сәйкестігін айқындады. Осы кезеңнен бастап Салыстырмалы-тарихи тіл білімінде екі бағыт орнықты: салыстырмалы және тарихи, тілдік деректерді зерттеу осы екі бағытта өрбіді. 19 ғ-да Салыстырмалы-тарихи тіл білімі Ф.Диц, Ф.Миглошич, А.А. Потебня, Г.Пауль, К.Бругман, Б.Дельбрюк, Бодуэн де Куртенэ, Ф. де Соссюр, т.б. еңбектері негізінде дамыды. И.К. Аделунг алғаш рет тілдердің граммат. құрылысын салыстырса, У.Джоунс санскрит, грек, гот, латын тілдеріндегі етістік түбірлер мен граммат. тұлғалар ұқсастығы, ортақ бір тілден тарауы турасында болжам айтқан. Ф.Ф. Шлегель “Үнділердің даналығы мен тілі туралы” еңбегінде үндіеуропа тілдері салыстырмалы-тарихи грамматикасының алғашқы қағидаларын жасады. Гумбольдт Салыстырмалы-тарихи тіл білімін жеке лингвист. пән ретінде қарастырды. Зерттеушілер “генетикалық заңдар” ұғымын дәлелдеп, граммат. аналогия әсерін түсіндірді, лингвист. реконструкцияны жетілдіріп, тіл мен диалект деректерін кеңінен пайдаланды. 20 ғ-дың басында Салыстырмалы-тарихи тіл білімі А.Мейе, А.А. Шахматов, т.б. лингвистердің зерттеулері арқылы жаңа деңгейге көтерілді. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі үшін дыбыстардың, морфемалардың және фонемалардың маңызы зор. Ол дәстүрлі тіл білімінен тілдік құбылыстарды түсіндіруімен ерекшеленді. Ол үшін тарихи себептілік қағидасына сүйеніп, фонет. заңдылықтар қолданылады. Қазіргі тіл білімінде Салыстырмалы-тарихи тіл білімі салыстырмалы-тарихи грамматика, этимология, тарихи грамматика, салыстырмалы және тарихи лексикология, тілдердің тарихи дамуы, қайта құру теориясы, лингвист. палеонтология, әдеби тілдердің тарихы, т.б. пәндерді қамтиды. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі жеке тілдердің тарихи грамматикасы мен этимологиясы, тарихи сөздіктердің жарыққа шығуы негізінде көрініс тапты. Қазақ тіл білімінде түркі тілдерінің салыстырмалы-тарихи грамматикасын зерттеу толыққанды қолға алынбаған. Бұл сала бойынша М.Томановтың “Тіл тарихы туралы зерттеулер” (2002) атты еңбегін атауға болады. Зерттеуші еңбегінде түркі тілдерінің фонетикасы, оның жүйелік ерекшеліктері, морфол. құрылысы ғыл. сипатталған. Түркі тілдерінің жеке тілдік деректерін салыстырмалы-тарихи тұрғыдан қарастырған Ә.Құрышжанұлы, Ә.Ибатов, А.Аманжолов, Б.Сағындықұлы, Е.Қажыбеков, М.Оразов, т.б. ғалымдар еңбектері жарық көрген.

31. Арминий (Vambery) Вамбери (Герман) (13.3.1832 — 15.9.1913) — венгр түркітанушысы, этнограф, саяхатшы. 20-дан астам Еуропа және шығыс тілдерін меңгерген. Вамбери 1863 ж. мұсылман қажы кейпінде Ираннан Орталық Азияға саяхат жасады. Бұл сапары туралы жазған еңбектерінде (“Орталық Азияға саяхат”, 1865; “Ежелгі заманнан бүгінге дейінгі Бұхара немесе Транссаксония тарихы”, 1873, т.б.) Вамбери 19 ғ-дың 60-жылдарындағы Орталық Азия халықтарының тұрмысы, мәдениеті, тарихы, экономикасы, сол өңірдің география жағдайы жөнінде құнды мәліметтер берген. Вамберидің шағатай, ұйғыр тілдері, түрік-татар және финн-угор лексикографиясы жайында жазған шығармаларының ғылыми құндылығы жоғары бағаланады.

ОРТА АЗИЯҒА САЯХАТ

А. Вамбери.

Мен Венгрияда, Дуна-Сцердахели елді мекенінде, Петербург комитетінде, 1832 жылы тудым. Шет тілдерді үйренуге деген құлшынысымның арқасында, мен сонау балалық шағымда-ақ, бірнеше еуропалық және азиялық тілдерді үйренген едім. Басында, мені Шығыс пен Батыстың тарихы қызықтыратын-ды, осының нәтижесінде, тілдердің арақатынасына да көңіл аудара бастадым, және сондықтан, “nose te ipsum” деген сөзді ұстанып, ана тілімнің басқа тілдермен туыстығы

32 .Ер адамның сырт киімдері

Аба – киім сыртынан киетін жамылғыш.

Қамзол – жеңсіз жеңіл киім.

Бешпет – тік жағалы, ұзындығы тізерлікке жететін, астарлап тігілген жеңіл киім.

Шалбар (аяққап) – қой терісінен не матадан тігілген, балағы аяқ басына жететін, бұтқа киетін киім. Тігілу үлгілері мен материалдарына байланысты түрі көп. Мысыла: түймелі шалбар, тері шалбар, жарғақ шалбар, елтірі шалбар, қырықпа шалбар, қап шалбар, сырма шалбар, сал шалбар.

Сым – 1. Екі балағына белдіктен төмен, ені екі елідей жіңішке сым тартылып теріден тігілген ертедегі шалбардың бір түрі. 2. Матадан тігілген шалбар.

Сақсыр – тар балақты, жұмсақ материалдан тігілген шалбар.

Кеудеше – жас түйенің иірілген жүнінен не түбіттен тоқылған жағасыз, жеңсіз тоқыма.

Қаттау – қалың кездемеден тігілген кеудеше.

Кебенек – күзем жүнінен сұрыпталып, жаңа басылған киізден бітеу тігілген, боранда, жауын-шашында киетін сырт киім.

Күме – арасына түйе, қой жүнін салып, шүберекпен астарлап, тыстап, сырып тігілген жылы киім.

Жадағай – астарсыз не жұқалап қой жүні салып астарланған жеңіл сырт киім. Далбағай, далбай, жолбай деп те аталады.

Шапан – астарына жүн не мақта салып сырып тігілген не астырсыз сырт киім.

Желең – кең, жеңіл жұқа шапан.

Қара шапан – жібектен өзге матадан тігілген шапан.

Қаптал шапан – жұқа, сырмалы, жағасыз, етек ұзындығы тізеге, кейде одан да төмен түсетін шапан.

Күпсер – қаптал шапанның бір түрі.

Күмпей шапан – арасына түтілген түйе жүні қалың салынып сырылған, сырау аралығы күмпиіп тұратын шапан.

Қималы шапан – қынама шапан.

Шеге шапан – мақұлдасуға келген жаушыға кигізетін шапан.

Шапанша – кішкене жеңіл шапан.

Шекпен – жүннен иіріліп, өрмекпен тоқылған сырт киім.

Бозшекпен – боз түйе жүнінен тоқылып тігілген шекпен.

Биязды шекпен – түйе жүнінен түйін қосып тоқылған шекпен.

Шидем шекпен – түйе жүнінен тоқылып астарланған, сырылып тігілген шекпен.

Има (име) шекпен – биязды жүннен сәндеп тоқылған жеңіл шекпен.

Қаптама шекпен – сырты тысталған қалың киім.

Мая жүн шекпен – мая (түйе) жүнінен тоқылған, жауын-шашында киетін ұзын сырт киім.

Ішік – іш жағына аңның, малдың терісі салынып, сыртқы жағы бағалы матамен тысталған жылы сырт киім. Ішік түрлері: түлкі ішік, қасқыр ішік, күзен ішік, құндыз ішік, бұлғын ішік, жанат ішік, қоян ішік, пұшпақ ішік, зерлі ішік.

Қамқап – қамқа терісінен істелген аса бағалы ішік.

Тайжақы – құлын, тай терісінен иленіп, астарланған, көктемде, күзде киетін ішік.

Тон – иленген қой терісінен, жүнін ішіне қаратып тіккен жылы қалың сырт киім. Тонның түрлері: жабағы тон, бүрмелі тон, қаптал тон, жарғақ тон, былғары тон, тұлып тон, шолақ тон, зерлі тон, қырықпа тон, іштік тон.

Іліктон – құдалыққа барғанда сыйға тартылатын әдемі тон.

Шентон – лауазымдылық киім, мундир.

Оқалы тон – оқа, түйме тағылған, сыйға тартылатын әдемі тон.

Күпі – 1. арасына жүн салып, тысталып тігілген қыстық сырт киім. 2. матамен тысталған тері тон.

Күрте – былғарыдан не арасына мақта салып, матадан тігілген жылы сырт киім.

Сырма – арасына жүн не мақта салып немесе жай сырып тігілген сырт киім.

Мәллә - басқы, диуаналардың ұзын сырт киімі.

Жеңде – бақсылар мен серілердің түрлі түсті кездемені қарап, әшекейлеп тіккен сырт киім.

Шалма – түйе жүнінен не түбіттен тоқылған, мойынға салатын орамал.

Шобыт – ескі-құсқы киімдер.

33. Сақ мәдениеті — ерте темір дәуірінде Қазақстан мен оған жапсарлас өлкелерді мекендеген тайпалар қалдырған археологиялық ескерткіштер жиынтығы. Бұл тайпалардың тарихы бізге сақ атауы негізінде көне парсы және грек жазба деректерінен жеткен. Археологиялық зерттеулер Қазақстандағы Сақ мәдениеті жөнінде (б.з.б. 7 — 3 ғ-лар) неғұрлым толығырақ деректер береді. 1930 жылдардың соңында басталған зерттеу жұмыстары іс жүзінде 1946 жылдан кейін ғана кеңінен өрістеді. Жетісу, Төменгі Сырдария, Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстанда Сақ мәдениеті ескерткіштері ашылды, көптеген қорымдар, ғұрыптық орындар, т.б. жәдігерлер қазылып, зерттелді. Жетісудағы Есік (Алтын адам) Бесшатыр обалары мен көптеген көмбелер, Сырдың төменгі ағысындағы Үйғарақ қорымы, Орталық және Солтүстік Қазақстандағы Тасмола мәдениетінің обалары, Шығыс Қазақстандағы Берел, Шілікті қорымдары, т.б. көптеген нысандар көне сақтардың тамаша ескерткіштері ретінде танымал. Кең байтақ аумақтарға тарағандықтан, әр өлкенің мәдениетін зерттеудің өзіндік жүйелері қалыптасқан.

Олардың жерлеу ғұрпы, мүліктік мәдениеттегі жергілікті ерекшеліктері мен өзара жақындығы да анықтала бастады. Беріге дейін сақтар тек қана бақташы, көшпелі тайпалар болған деген ескі көзқарастың әсерімен көп уақыт бойы бұлардың отырықшы орындары, яғни қоныстық мекендері зерттеулер аясынан тыс қалған. Ондаған жылдар бойы зерттелген жерлеу ескерткіштерімен (обалар) қатар, қазір жер-жерлерде сақ дәуірінің көптеген қоныстары да ашылды.

Талғар өңірінде ашылған 50-ге жуық қоныстың деректері мұнда сақ тайпалары егіншілікті де кеңінен өрістеткенін көрсетті. Қарқаралы өңіріндегі Қарақуыс, Едірей тауларымаңынан табылған 20-дан астам сақ қоныстары осы пікірді дәлелдей түседі. Мұндағы беткейлерде тау ықтасындарында орналасқан қоныстар кейінгі қазақ қыстауларына топографиялық тұрғыдан өте жақын орналасқан.

Қазбалар барысында көптеп табылған тас кетпендер мен дәнүккіштер Орталық Қазақстан сақтары егіншіліктің қыстақ маңында орналасқан түрін ұстанған деген пікірді негіздеді. Сақ ескерткіштерін зерттеуде әлемдік ғылымның бүгінгі қол жеткен әдіс-тәсілдерін қолданудың маңызы зор. Қазақ Алтайынан ашылып отырған Берел обаларындағы жасанды тоң қабатында сақталған жылқы денелері, шірімей жеткен ағаш бұйымдар, сондай-ақ бальзамдалған адам мәйітін зерттеу маңызды мәліметтер береді. Сақ мәдениеті ескерткіштерін тек зерттеу ғана емес, оларды сақтап қалу, қалпына келтіру мен консервациялау, музейлендіру шаралары қолға алынды. Б.з.б. 7 — 6 ғ-ларда қалыптасқан сақ өнерінің хайуанаттық нақышы дүниежүзілік адамзат өркениетінің тамаша жетістіктеріне жатады. Осындай атаумен белгілі болып отырған сақ қолданбалы өнерінің бұйымдары Қазақстанда, Сібір, Орталық Азия өлкелерінде, Еуропаның оңтүстігінде кеңінен тараған. Нақыштың негізгі құрамын жыртқыш аңдар мен басқадай жануарлар, сондай-ақ мифол. зооморфтық құбыжықтар түрінде жасалған бейнелер түзеді. Бұлар жекелеген бұйымдар немесе бұйымдар мен беттердегі бейнелер, аралас тұрған күрделі композициялар арқылы беріледі. Мазмұны бойынша мифологиялық, пішімі бойынша реалистік деп атауға болатын хайуанаттық нақышты қолдану бағыты бойынша декоративтік өнер болып табылады. Хайуанаттық нақыш дәстүрімен берілген қолдану тәсілдері көбіне металл қазандар мен құрбандық ыдыстарды, қанжарлар мен семсерлерді, қорамсақтар мен айбалталарды, ат әбзелдері мен айналарды, сондай-ақ тулар мен түрлі киімдерді әшекейлеуде пайдаланылған. Табиғат аясын ерекше құрметтеп, оны астарлы мағынада қабылдай білген сақтар арқар, таутеке, жолбарыс, қабан, бұғы, марал, түйе, жылқы, бұлан, бүркіт, сайғақ, қасқыр, қоян сияқты жануарлардың өздеріне етене таныс тұлғаларын тамаша шеберлікпен бейнелеген. Бізге жеткен бұйымдар, ең алдымен, қола, алтын сияқты металдардан, ішінара сүйек, мүйіз, темірден жасалған. Ағаш, тері, киізден жасалған аң бейнелері де бар.





Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 1481 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.012 с)...