Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Антивирустық программалар



Компьютерлік вирустармен күресу үшін, оларды зерттейтін және антивирустық (вирусқа қарсы) программалар жазатын мамандар бар. Ресейдегі атақты программистер: Д.Лозинский, Д.Мостовой, И.А. Данилов, Н. Безруков және т.б.

Вирустарды табуға және жоюға мүмкіндік беретін программалар антивирустік программалар деп аталады. Windows-та вирусқа қарсы программалар жеткілікті. Бірақ кез келген вирусты іздеп табатын және оны толық жоятын программа әлі шыққан жоқ. Белгілі антивирустік программаларды бірнеше типтерге бөлуге болады.

Антивирустық программалар былай бөлінеді:

1) Детектор-программалар белгілі вирустардың бірімен зақымдалған файлдарды табады, мұндай программалар жеке түрде сирек кездеседі.

2) Фагтар немесе доктор-программалар, сондай-ақ вакцина-программалар вируспен зақымдалған файлдарды тауып қана қоймай, оларды «емдейді» де, яғни программаны вируспен зақымдалғанға дейінгі қалпына келтіре отырып, файлдардан вирус программасының тәнін жояды. Фагтар өз жұмысының басында вирустарды жедел жадтан іздейді, оларды жояды, тек содан кейін ғана файлдарды «емдеуге» кіріседі.

3) Ревизор-программалар вирустардан қорғайтын құралдардың ең сенімдісі. Ревизор программалардың алғашқы қалпын, яғни компьютердің вируспен зақымдалмаған кезін есте сақтайды, содан кейін ағымдағы жағдайды алғашқы жағдаймен салыстырып отырады. Егер өзгеріс болса, онда дисплейдің экранына хабарлама шығарады.

4) Фильтр-программалар немесе «күзетшілер» - ұдайы компьютер жадында болатын шағын резидентті программалар. Олар компьютердің операцияларын бақылайды және компьютер жұмысының барысында вирустарға тән күмәнді әрекеттерді табады. Фильтр-программалар вирусты көбеймей тұрып, оның өмірінің ең алғашқы сатысында табуға мүмкіндік береді.

Антивирустық программаларды таңдаған кезде тек ғана вирустарды табу қасиетіне карамай, сонымен қатар антивирустың базасының вирустар санын анықтауына, базаны жаңалау жиілігіне және қосымша қызметтеріне де қарау керек.

Қазіргі кезде көптеген антивирустық программалар бар. Олар:

Norton AntiVirus 4.0 и 5.0 (производитель: «Symantec»). Вирустарды тану пайызы өте жоғары (100 пайыз). Программада белгісіз жаңа вирустарды табу механизмі жұмыс істейді. Бұл программаның кемшілігі баптауы қиын.

Dr Solomon’s AntiVirus (производитель: «Dr Solomon’s Software»). Ең жақсы антивирустардың бірі болып саналады. Танымал әрі жаңа вирустарды 100 пайыз табады.

Dr.Web (производитель: «Диалог Наука»). Танымал антивирустық программа. Вирустарды жақсы табады, бірақ басқа антивирустық программаларға қарағанда базасы әлдеқайда кішкентай.





Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 5259 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...