Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Микропроцессор жасаудан басты орындағы 2 брэнд,одардың өнімдері



Микропроцессор — жүйелік тақтаның ең маңызды құраласы, ол деректерді тікелей өңдейді, атап айтқанда, бөлектелген деректермен арифметикалық және логикалық амалдарды орындайды. Бірінші микропроцессор 1971 жыл Intel (АҚШ)- МП 4004 фирмасымен шығарылды. Қазіргі таңда жүздеген әр түрлі микропроцессолар шығарылуда, бірақ Intel және AMD фирмаларының микропроцессорлары кең тараған.

Дербес компьютердің типі онда орналастырылған микропроцессордың үлгісімен анықталады. Өндірісте процессорды Intel және AMD фирмалары шығарады.

Қазіргі кезде көп тарала бастаған, жетілдірілген процессор, Intel фирмасының басты жетістіктерінің бірі - «пентиум» (Pentium),ол орналастырылған компьютерді «Пентиум» деп атайды.

Бірінші бір кристалды микропроцессор 1971 жылы Intel корпорациясында жасалған Intel 4004 болып табылады.

Pentium процессоры Intel фирмасының басты жетістіктерінің бірі болды. Pentium процессорын құру 1989 жылғы маусымнан басталды, оны құру және тестілеу процесіне дербес компьютерлер мен программалық жасаудың барлық негізгі құрушылары белсенді қатысты, бұл жобаның жалпы жетістігіне өз ықпалын тигізді. Бір ғана кремний төсемде 3.1 миллионнан артық транзисторлар біріктірілген 32 разрядты Pentium процессоры жоғары өнімділікпен сипатталады. Pentium процессорының суперскалярлық архитектурасы Intel-мен ғана сәйкес келетін екіконвейрлі индустриалдық архитектураны білдіреді, бұл процессорға тактылық жиіліктің бір кезеңінде бірден астам команданы орындау арқылы өнімділіктің жаңа деңгейіне жетуге мүмкіндік береді.

Intel Core i7 – AMD64 архитектурасына негізделіп жасалған Intel процессорлар отбасы. Intel Core i7 процессорларының жиілігі 1,07-4,2 ГГц, жылдамдығы 4,8-6,4 ГП/с, 2,4,6 және 8 ядролы болып келеді, Intel Core i7 процессорларының көптеген мүмкіншіліктері бар. бар.

AMD компаниясы 1 мамыр 1969 жылы Джерри Сандерсен мен оның 7 достары негізін қалады. Компания логикалық интегралдық микросхема өндірушісі ретінде өз бизнесін бастады. Am9080 ең бірінші микропроцессор ретінде Intel лицензиясымен шығарылды. Ал 1975 жылы AMD бірінші RAM AM1902 микросхемасын шығарады.

AMD Opteron - AMD фирмасының 64 биттік AMD64 технологиясына негізделіп жасалған алғашқы микропроцессоры. Бұл микропроцессордың жиілігі 1,8-2,6 ГГц, жылдамдығы 4,8-6,4 ГП/с, кэш жады 64-1024 КБ. Opteron процессорларын AMD фирмасы негізінен серверлер үшін жасаған, сондықтан AMD Opteron процессоры 1-8 процессорлы компьютерлерде қолданылады.





Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 1592 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...