Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тауар және оның қасиеттерін анықтау. Еңбек құн теориясының негізін ашып көрсету



Тауар болу үшін заттың тек басқалар үшін жасалуы, оның тауар болуына жетімсіз жағдай; осы зат басқаларға өткізілуі керек, оның орны эквиваленттік тұрде өтелуі қажет. Басқа адамның қажеттігін қанағаттандыру үшін жасалған сыйлық тауар болмайды. Енді тауарға анықтама берейік. Тауар дегеніміз еңбекпен жасалған қоғамдық бағалылықты иемденген және айырбасқа арналған заттар, немесе қызметтер. Заттар өзінен өзі тауар бола алмайды. Тауар болу үшін олар адамдар арасындағы айырбастың объектіне айналуға тиіс. Сондықтан тауар адамдар арасындағы еңбек өнімінің айырбасы арқылы білінетін қатынастарды көрсетеді. Тауармен алмасудың формалары сан алуан болуы мүмкін, бірак барлық жағдайда осы айырбастың әрекетінің нәтижесінде бір зат өтіп орнына екінші зат келуі қажет. Осыдан шығатын тұжырым: айырбас процесінде әр тауар нарықта айырбас құнына ие болады. Яғни белгілі сәйкестікте басқа пайдалы затқа айырбастала алатындық қабілетке ие болады.

Тауардың екі қасиеті бар:

а) адамның белгілі бір қажеттіктерін қанағаттандыру қабілетін оның тұтыну кұны деп атайды.

б) әрбір тауардың жалпылай айырбастау құны

Құнның еңбек теориясы XVIII және XIX ғғ. аралығында қалыптасты. Оның іргетасы саяси экономия классиктерінің еңбектерінде қаланған, олар құнды тауарды өндіруге жұмсалған еңбек арқылы анықтайды. К.Маркс пен Ф.Энгельс қоғамдық абстракті еңбек, құнның негізін құрайды дейді. Маркстің пікір бойынша, тауар өндіруші еңбегінің екі сипаты болады. Бір жағынан, бұл еңбектің нақты түрі. Ол жұмыскердін кәсіпқой біліктілігіне, қажетті еңбек құралдарын пайдалануына байланысты болады және нақты нәтижеге қолы жетуімен, яғни белгілі бір тұтыну құнының жасалуымен сипатталады. Осылайша жұмсалған еңбекті нақты еңбек деп атайды. Екінші жағынан, бұл еңбек өзінің нақты жұмсалу формасы болмайтын, жиынтық қоғамдық еңбектің құрамдас бір бөлігі, яғни ол жалпы жұмыс күшінің жалпылама жұмсалу процесі болып табылады. Мұндай еңбекті абстракты еңбек деп атайды. Ол құнды жасайды, өйткені ол сан алуан мамандардың еңбектерінен құралады және әртүрлі тұтыну құндарын бір-бірімен, өзара теңестіруге мүмкіндік беретін жалпылама категория.

Құн мөлшерін анықтауға байланысты әртүрлі көзқарастар қалыптасты. А.Смит құн мөлшерін жұмыс уақытымен анықтады. Ал Д.Рикардо нашар өндірістік жағдайдағы тауарды өндіруге жұмсалған жұмыс уақыты арқылы құн мөлшерін іскерлік пен еңбек интенсивтілігінің орташа деңгейіне негізделген, қоғамдық өндірістің қалыпты жағдайында өнімді өндіруге жұмсалған қоғамдық қажетті жұмыс уақыты арқылы анықтады.





Дата публикования: 2015-04-10; Прочитано: 745 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...