Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Капитал айналымына түсінік беру. Айналым уақыты және оның негізгі бөлімдеріне сипаттама жасау



Айналым капиталы (айналым каражаты) – кәсіпорын капиталының өзінің ағымдағы активіне салынған бөлігі. Материалдық-мүліктік белгі бойынша айналым капиталының кұрамына: еңбек заттары (шикізат, материал, отын және т.б.), кәсіпорын қоймасындағы даяр өнім, кайта сатуға арналған тауар, ақшалай каражат және есептердегі каражат енгізіледі. Капитал айналымы- үнемі жаңарып, қайталанып отыратын процесс,яғни кәсепкердің жұмсаған бастапқы ақша капиталының қайта айналып келу циклі.

Капитал әртүрлі жылдамдықпен қозғалады, яғни өндіріс және айналыс уақытының ұзақтығына тәуелді. Кәсіпорын капиталының айналым уақыты төмендегілерден құралады:

---өндіріс уақытынан (шикі-заттар, материалдар, жабдықтардың өндірістік запастарда болу уақыты,яғни еңбек заттары тікелей адамның өзгертуіне ұшырайтын уақыт)

---айналыс уақытынан (өндіріс құрал – жабдықтарын сатып алуға және жұмыс күшінің өндірілуін қамтамасыз етуге, тауарларды өткізуге кететін уақыт)

Айналым уақытын қысқартудың маңызды шаралары: ғылыми-техникалық жетістіктерді игеруді жеделдету, өндірісті ұйымдастыруды жақсарту, жабдықтарды ауыстыру коэффициентін көтеру, жұмыс уақытын бос өткізуді қысқарту, экономикалық байланыстардың прогрессивті формаларын дамыту, көтерме сауда мен көлік жұмысын жетілдіру. Айналым уақыты ресурстар өндіріс және айнылым сфераларынан өтіп, алғашқы формасына қайта келетін уақыт аралығы.





Дата публикования: 2015-04-10; Прочитано: 1762 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...