Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Пәннің міндеттері. Қазақ тілі сабағын оқыту мынадай міндеттерді жүктейді: сөйлеуге үйрету



Қазақ тілі сабағын оқыту мынадай міндеттерді жүктейді: сөйлеуге үйрету, білім дағдыларын қалыптастырып дамыту, кәсіби біліктілігін арттыру.

Студенттердің сабақ шеңберімен ғана шектеліп қалмай, қосымша өзіндік жұмысты орындауы мен олардың өз бетінше ізденіп, кәсіби тіл шеберлігін жетілдіруіне мүмкіндік туғызу мақсатында әр мәтінге қатысты жиі қолданылатын сөздер мен кәсіби терминдердің қазақша-орысша баламаларын түсініп, есте сақтауы сабақтың тағы бір міндеті болып табылады. Осы мақсаттағы тілдік материалдар орысша ойлап, қазақша сөйлеуге қиналатындардың ұлттық таным-түсініктерінің қалыптасуына, тілдік ортаға енуіне де көмек бола алады. Қойылған міндетті шешуге кешенді тұрғыдан келу мен сабақтың мазмұны белгіленеді.

Дағдыны қалыптастыру процесін үдетудің маңызды факторы фонетикалық, грамматикалық және лексикалық ережелерді қолдану мен түсіндіру болып табылады.

Қазақ тілін меңгерудің деңгейі бақылау тестілері және әңгімелесу нәтижелерімен, бағалау өлшеміне сәйкес анықталады.

Бақылау жұмыстарының параметрлері студенттердің алған біліміне арналған білік-дағдыларының көлеміне сәйкес беріледі және оған естіп-түсіну, оқу-жазу, сөйлеуді тексеру кіреді.

Естіп-түсіну

Студенттер мынаны білуі керек:

1. Оқу мәтіндері мен кәсіби мәтіндерді есту және түсіну;

2. Шағын сұхбаттарды, тірек сөздерді түсіну;

3. 5-10 минуттық хабарды естіп-түсіну.

Сөйлеу

Студенттер мынаны білу керек:

1. Өзін қоршаған әлеуметтік ортада, қоғамда, отбасында және замандастар арасында қазақ тілінде қатысым жасай білу;

2. Ұсынылған сөйлеу жағдаяты, проблемалық тақырып және мәтін бойынша пікір білдіру;

3. Иллюстрация, бейнекөріністер, дидактикалық көрнекіліктер, сюжетті суреттер арқылы ойын жеткізу.






Дата публикования: 2015-04-10; Прочитано: 356 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...