Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Банктердің шағын бизнес субъектілеріне несиелік салымдары



млрд. теңге

Несиелік салымдар 1999-жыл 2000-жыл 2001-жыл 2002-жыл 2003-жыл
Жалпы банктік несиелер 148,8 276,2 489,8 672,5 978,1
Шағын бизнеске несиелер 39,9 74,2 122,0 146,5 196,2
- ұлттық валютада 22,3 40,7 46,7 55,5 104,4
қысқа мерзімді 12,5 23,2 24,1 30,7 48,3
ұзақ мерзімді 9,9 17,6 22,6 24,8 56,2
- шет ел валютасында 17,5 33,5 75,3 91,1 91,8
қысқа мерзімді 8,0 17,0 36,1 32,4 32,4
ұзақ мерзімді 9,5 16,5 39,2 58,7 59,4
Жыл бойындағы өсім, % 64,0 85,1 64,4 20,0 33,9
Шағын бизнеске берілген несиелердің үлесі, % 26,8 26,9 24,9 21,8 20,0

Алайда, осы несиелерді жалпы несиелер құрылымындағы үлесі тұрғысынан қарастыратын болсақ, онда кері көріністі байқаймыз. Жалпы экономикаға берілген несиелердің құрылымында шағын кәсіпорындарға берілген несиелердің үлесі 1999-жылғы 26,8%-дан 2003-жылы 20,0%-ға дейін төмендеп кеткен. Бұл еліміздегі шағын бизнесті қолдау және дамыту бағдарламасының әлі де болса «жаяу баяңмен» іске асырылып жатқандығын көрсетеді.

Еліміздегі кәсіпорындық сектордың дамуын және отандық бәскелестік қабілеті жоғары тауарлардың өндірілуін қамтамасыз ету үшін аталған кемшіліктерді жоюдың немесе төмендетудің шараларын іздестіру қажет. Арнайы қаржы-несиелік мекемелер жүйесін қалыптастыру арқылы қолайлы инвестициялық жағдайлар жасайтын қаржылық инфрақұрылымды жетілдіре түсу қажет. Бұл жерде құнды қағаздар нарығының экономиканың нақты секторына ақша ағындарын тиімді орналастыратын ролін көтеру де шешуші роль атқарады.

Соңғы жылдарда қабылданған шаралардың нәтижесінде Қазақстан экономикасына шетелден үлкен көлемде инвестициялар келген. Жалпы инвестициялық климаттың жақсаруы Қазақстанның дамуына және Орталық Азиядағы және ТМД елдерінің көшбастаушысына айналдырды. 2006 жылғы мәлімет бойынша негізгі капиталға келіп түскен инвестицияның мөлшері 2810277 млн. теңгені құрады. Бұл 2005 жылмен салыстырғанда біршама өскендігін кестеден байқаймыз. Келесі кестеден Қазақстанға 2006 жылы тартылған инвестициялары:

Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар

  2006ж. қаңтар-желтоқсан Анықтама: 2005ж. қаңтар-желтоқсан, қорытындыға % -бен
Млн. теңге қорытындыға %-бен
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар   100,0 100,0
олардан:      
үйлер мен ғимараттар салу және күрделі жөндеу жүргізу бойынша жұмыстар   46,3 47,3
машинлар, жабдықтар, аспаптар, мұқаммал   39,0 38,7
өзге де күрделі жұмыстар мен шығындар   14,7 14,0
Жалпы көлемнен – күрделі жөндеу бойынша жұмыстар   2,7 2,3

Кестеден көріп отырғанымыздай шетелден келген тікелей инвестициялар көбінесе мұнай-газ, тау-кен, құрылысқа тартылған. Осыған байланысты оның аймақтарға тартылуы мен игерілуі де біркелкі емес. Неғұрлым мұнай-газ шикізатына бай Атырау және Маңғыстау облыстарында, тау-кен өндірісі дамыған Шығыс Қазақстан облысы мен Қарағанды облысында игерілген инвестиция мөлшері жоғары.

Негізгі капиталға салынған инвестицияларды игеру

  2006ж. қаңтар-желтоқсан 2005ж. қаңтар-желтоқсанға %-бен
млн. теңге өңірдің республикалық көлемдегі үлесі, %-бен
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ   100,0 110,6
Ақмола   1,6 107,5
Ақтөбе   7,1 104,3
Алматы   3,7 101,3
Атырау   26,9 102,2
Шығыс Қазақстан   3,5 115,7
Жамбыл   0,9 102,8
Батыс Қазақстан   3,5 103,6
Қарағанды   5,2 91,3
Қостанай   2,3 107,0
Қызылорда   2,3 100,7
Маңғыстау   7,7 143,3
Павлодар   4,4 182,3
Солтүстік Қазақстан   1,0 69,2
Оңтүстік Қазақстан   2,7 111,6
Астана қ.   12,3 120,0
Алматы қ.   14,9 120,6

Бүгінде Қазақстан – әлемнің барынша серпінді дамушы мемлекеттерінің бірі, тікелей тартылған шетелдік инвестиция­лардың жан басына келетін көлемі жөнінен ТМД мемлекеттерінің арасында көшбасшы. Бүкіләлемдік банк Қазақстанды инвестициялауға барынша тартымды әлемнің 20 елінің қатарына қосты. 2005 жылы ғана тікелей шетелдік инвестициялар 6,4 млрд. АҚШ долларын құрады, ал олардың жалпы көлемі 50 млрд. АҚШ долларына жуықтады.

Ішкі инвесторлар да белсенді бола түсті. 2005 жылы негізгі ка­пи­талға келетін инвестициялардың өсуі 20 млрд. АҚШ дол­ла­ры дерлік болса, үстіміздегі жылдың төрт айында ол 1,3 есе өсті. Мұның бәрі осы заманғы экономикалық жүйе құрудағы ел­дің табыстарын және одан әрі дамудың үлкен әлеуетін көрсетеді.

Минералдық ресурстардың зор қоры бар Қазақстан екі жақты және көп жақты қатынастарда маңызды әріптеске айналуда. Сонымен бірге біз экономиканың шикізаттық бағытынан бел­сенді түрде арылуға ұмтылудамыз. Біз алдымызға өршіл міндет – әлемнің бәсекеге ең қабілетті 50 елінің қатарына кіру міндетін қойып отырмыз. Қазірдің өзінде 7 басым кластерді: туризм, тамақ өнеркәсібі, тоқыма өнеркәсібі, металлургия, мұнай-газ мәшинесін жасау, құрылыс материалдары және көлік логистикасы кластерлерін қалыптастыру жөніндегі жұмыс басталып кетті.

Инвестициялық ахуалды жақсартуға қатысты тұрақты жұмыс жүргізілуде. Мемлекет басым бағыттарда айрықша преференциялар құруда. Құрал-жабдықтар импортын кеден алымдарынан босату да инвесторлар үшін елеулі қолдау болады. Сондай-ақ инвестициялық жобаларға, өңдеу секторын дамытуға қажетті инженерлік құрылыстарға арналған жер учаскелерін мемлекеттік грант түрінде инвесторлардың меншігіне тегін беру жоспарланған. Экономикалық өсуді одан әрі ынталандыру мақсатында ҚҚС ставкасын 2008-2009 жылдары 15%-дан 13-12%-ға дейін кезең-кезеңмен төмендету көзделіп отыр. 2008 жылдан бастап сондай-ақ орта есеппен әлеуметтік салық ставкасы 30%-ға төмендетіледі.

Қазақстандық кәсіпорындардың инвестициялық





Дата публикования: 2015-04-10; Прочитано: 553 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...