Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Толқындық әрекеттің болжамдық нұсқаулары



1. Жылы аз жылжымалы антициклонның Батыс Еуропада немесе РЕТ-да қалыптасуы және осы антициклонның жотасының Орта Азия мен Қазақстанға таралуы болуы керек.

2.Батыс Сібірден Балкан түбегіне дейін немесе Каспий теңізініңбегіне дейін немесе Каспий теңізінің солтүстігіне дейін өтетін суықтың жырасы болуы керек.

3.Аталған жыралардың алдыңғы жағында Орта Азия мен Қазақстанның үстінде бірнеше ЖФА-ның қосылу нәтижесінде пайда болатын белсенді қарқынды ЖФА болуы керек.

4. Осы ЖФА-дағы температураның айырмашылығы жотаның алдыңғы бөлігіндегі ультраполярлы бағыттың арқасында суық енудің арқасында күшееді.

5. Толқындық әрекеттің аяқталуы биік жылы антициклон бұзылған кезде және жыралардың жылжуы басталған кезде болады.

6. Егер ендік бойымен бағытталған полярлы фронт Орта Азия мен Қазақстанның үлкен бөлігін алып жатса. Онда қарқынды жауын-шашын алып келеді.

7. Егер осы ЖФА оңтүстікке қарай орналасса, онда түман және сіркіреуік пайда болады.

8. СФ тауға жақындаған кезде таудың ық жағынан ЖА фронтты жылжытады, ал оның артына СА енеді. Нәтижесінде жылы сектор пайда болады. СФ-тағы суық ауаның вертикалды қуаттылығының аз болуы толқындық әрекет қалыптасуы үшін қажет жағдай. Бірақ жалғыз емес. Екінші қажет жағдай ол өте белсенді ЖФА-ның болуы.

9. Толқындық әрекет кезінде бұлттылық оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай созылып жатқан тығыз жамылғысы ретінде байқалады. Оның құрылымы мен мөлшері біркелкі болмайды кейде ауа райның ашылуы байқалады.





Дата публикования: 2015-04-06; Прочитано: 299 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...