Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Термикалық депрессияның қалыптасу жағдайлары, термобарикалық алқабы



Термикалық депрессия дегеніміз- ашық құрғақ ыстық және сағымды ауа райы кезінде төменгі тропосферада циклондық циркуляциясы анық болатын фронтсыз төмен қысымның аумағымен сипатталатын синоптикалық процесс. Термикалық депрессияның тәуліктік жүрісі анық көрсетіледі. Күндізгі сағаттарда тереңдеуі және аймақ бойынша кеңейуі, ал түнгі сааттарда әлсіреуі болады. Жаздың ең ыстық күндерінде п.б. 2-3 күн жалғасады. Термикалық депрессия п.б. үшін келесі макорсиноптикалық жағдайлар қолайлы: Орта Азияның батыс бөлігінде биік жылы жотаның дамуы және оның осі оңт.-батыстан солт-шығысқа қарай бағытталады. Осы жотаның шығыс бөлігінде оң жағында Батыс Сібірден Памирге қарай созылыған биік жыра болу керек. Т. Депрессияда п.б. кезде О. Азия күшті ауа ағыны байқалатын аймақтан тыс жерде орналасады. Ол шөлдің үстінде ауа массасы жылынуына қолайлы және атм-ға жылудың келуінің негізгі көзі б.т. О. Азияның үстінде ПЖФА орналасса онда төс. Беткейден келетін жылудың көлемі улкен аймаққа таралып кетеді. Сонд. осындай жағдайда т. депрессия п.б. мүмкін емес. Депрессия дамыған кезде ПЖФА Қара теңізден Кавказ және Орал тауына дейін бағытталады. Ол О. Азияға бат-тан н/е солт-бат-тан суық ауаның енуіне кедергі болады. Биікте жылудың таралуы биік жылы жотаның дамуына болысады. Бұл жота солт-шығысқа қарай дамыған сайын ультраполярлы ағындар жүйесі қалыптасады. Олар т.депрессиядан кейін суық ауаның енуіне қолайлы болады. Осы кезде О.Азияның шығыс бөлігінде орта тропосферада ауа ағындарының бағыты солт-шығыс болады және олар күшейеді. Т. Депрессия орталығының қалыптасу ауданы болып Тәжістанның оңт, кейде солт аудандары саналады. Тянь-шань тау жүйесінің орналасуы ауа массаларының жылжуына кедергі болады. Нәтижесінде таудың ық жағында, яғни Тәжікстанда ауа мас-ң салмағы азаяды. Т.деп-я дамуының динам-қ фак-н қарағанда изогипстер мен изотерма-ң циклондық қисықтығы сымның өсуіне алып келеді. Бірақ таудың әсерінен Тәжікстанда ауа мас-ң азаюынан қысымның төмендеуі байқалады. Сондықтан т.деп-я қалыптасуының негізгі факторы болып шөлді далада ауаның жылынуы және ораграфияның әсері б.т.

37. Ортаазиялық термикалық депрессияның тропикалық емес циклондардан айырмашылығы. Тропикалық емес циклоннан айырмашылығы, ол фронттың болмауы, азжылжуы, даму процесстерінде қоңыржай ендіктік фронталды циклондық даму кезеңдерінен өтпеуі.

Ортаазиаттық термикалық депрессия дегеніміз Орта Азияның оңтүстік-шығысында ашық құрғақ ыстық және сағымды ауа райы кезінде төменгі тропосферада циклондық циркуляциясы анық болатын фронтсыз төмен қысымның аумағымен сипатталатын синоптикалық процесс.

Кәдімгі циклондардан термикалық депрессия атмосфералық фронттың жоқ болуымен, азжылжымалдылығымен және өзінің даму процессінде циклонның кәдімгі даму кезеңдерін өтпейтіндігімен ажыратылады. Оның тәуліктік жүрісі байқалады - күндіз тереңдеп, аумақ бойынша кеңейеді және түнде толады. Күндізгі қысым градиенттерінің өсуі желдің күшеюімен және шаңды борандармен өтеді. Термикалық депрессияны қалыптастыратын негізгі факторлары болып шөлдерде ауаның қызуы және орографиялық әсерлер табылады. Ол белгілі бір синоптикалық жағдайда пайда болады. Субтропикалық антициклонның біреуі батыста (Жерорта теңізінің шығысында, Месопотам мен Иранның батысында) орналасады, екіншісі шығыста Тибет тауында байқалады. Екі антициклонда, алдыңғы азиаттық термикалық депрессияның қалыптасуында маңызды рөлді атқаратын биік жырамен бөлінеді. Батыс антициклон, шығыс антициклонға қарағанда, әдетте қарқындырек және одан солтүстік-шығыста Орта Азияның батыс және орталық бөлігіне жылы биік жота дамиды. Сонымен қатар жотаның оң жағында Батыс Сібірден Памирге қарай созылып жатқан ультраполярлы биік жыра дамиды. Қазақстанның батысы мен солтүстігінде тропикалық ауаны қоңыржай ендіктің ауасынан бөлетін ЖФА орналасады және ол Орта Азияға суық ауа массаларының енуіне кедергі болады. Суық енулерден шектелу 2 – 3 тәулік жалғасады, сол арада термикалық депресияның дамуы болады.

Депрессияның толуы суық енудің нәтижесінде болады. Термикалық депрессияның пайда болуының болжауы Орта Азияның батыс немесе орталық бөлгінде оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай бағдарланған жылы биік жотаның дамуының болжамына келеді.

Термикалық депрессия жоғары температура кезінде (35 - 40°) дамиды. Максималды температура оазистерде 40 - 45° және шөлдерде 48 – 50 °С жетуі мүмкін. Термикалық депрессия болған кездер атмосфераның қатты ластануымен және мгланың пайда болуымен сипатталады. Горизонталды көріну қашықтық 4 - 10 км-ге дейін, кейде 2 - 4 км-ге дйін төмендейді.





Дата публикования: 2015-04-06; Прочитано: 1169 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...