Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Психологиялық ілімдердің тарихынан



Психология негізгі принциптері мен зерттеу әдістері.

Жоспар:

1. Психологияны зерттеу әдістеріне жалпы сипаттама

2. Эмпирикалық әдістер

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі:

1. Тәжібаев Т.Т. Жалпы психология. Алматы: «Қазақ университеті», 1993.

2. Аймауытов Ж. Психология, 1995.

3. Жарықбаев Қ.Б. Психология. Алматы, Білім, 2005.

4. Жарықбаев Қ.Б. Психология негіздері. Алматы: «Эверо», 2005.

5. Джакупов С.М. Психология позновательной деятельности. Алма-Ата, 1992г.

6. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Педагогика және психология. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2002.

7.Жақыпов С., Бердібаева С.Психологиялық зерттеу нәтижелерін статистикалық өңдеу тәсілдері. – Алматы, 1998.

8. Алдамұратов Ә. Қызықты психология. – Алматы; Қазақ Университеті, 1992.

9. Сейтәлиев Қ. Жалпы психология. Алматы, Білім, 2007.

10. Бап-Баба С. Жантану негіздері. Алматы, 2001.

Қосымша:

1.Ярошевский М.Г. История психологии.-М., 1985.

2. Петровский А.В. История советской психологии. Просвещение, М., 1967.

3. Жарықбаев Қ.Б. Қазақ психологиясының тарихы. Алматы, 1996.

4. Жарықбаев Қ.Б. Психологическая наука в Казахстане (история и этапы развития в ХХ веке), Алматы, 2002.

5. Жарықбаев Қ.Б. Ортағасырлық қазақ психологиясының тарихынан. Алматы: «Қазақ Университеті», 2004.

6. Жүкешов Қ. Ұлттық психологияның сипаты. Алматы, 1993.

7. Жұмабаев М. Педагогика, 1993.

8. Жарықбаев Қ.Б. Қазақ тәлім-тәрбиесі. А., Санат, 1995.

9. Адамзат ақыл-ойының қазынасы. Алматы, Баспалар үйі, 2006.

10. Ждан А.И.История психологии от античности до современности. М.: 1997.

Психологиялық ілімдердің тарихынан.

Қоғамдық өмірдің қажеттілігі ерте кезден бастап, адамдарды өздерінің іс-әрекетінде қоршаған ортаның психикалық келбетінің ерекшеліктерін айыра білуге және ескеруге мөжбүр етті. Алғашқы кезде бұл ерекшеліктер «жанның» іс-әрекетімен түсіндірілді. «Жан» ұғымының пайда болуы алғашқы қауымдық құрылыстағы адамдардың анимистік көзқарастарымен байланысты.

Алғашқы қауымдық кезеңдегі адамдардың түсінігінде «жан» адам денесінен айқын бөлінбейді. Бұл көзқарастар тіршілік құбылыстары мен сананы ғылымға дейінгі қарапайым материалистік талдау нәтижесінде қалыптасты, оның ішінде ұйқы, өлім т.б. Осындай құбылыстардың себебі мен сырын түсіндіре білмегендіктен, алғашқы адамдар оларды шындықтың мәні ретінде қабылдады.

Мәселен, түс көруді жанның ерекшеліктерімен түсіндіруге ұмтылды, түс кезінде жан адамның денесін тастап, әлемде сапар шегетінін түсінді. Алғашқы адамдарда өлім, өмір үрдісінің ең соңғы кезеңі екені туралы түсінік болмады. Сондықтан да өлім түс көрудің түрі ретінде қабылданды. Бұл жанға тәуелділік туралы түсініктер алғашқы адамдардың табиғат алдындағы әлсіздіктеріне байланысты қалыптасты.

Одан әрі қоғамның дамуына, дене еңбегі мен өндірістің рухани күштерінің саралануына, таптық қоғамның пайда болуына байланысты жанның материалдық табиғаттан тыс екендігі туралы идеялары қалыптасты. Бұрынғы анимистік, мифологиялық түсініктер жанды натурфилософиялық дүние тұрғысынан түсіндіру көзқарасына жол бере бастайды.

Бізге дейінгі ерте кезде, ғасырлар қойнауынан бізге жеткен жазба ескерткіштердің материалдары дәлелдегендей, психологиялық құбылыстарға қызығушылық адамдарда өте пайда болды. Ол біздің заманымызға дейінгі бірінші мыңжылдықтың орта кезінен бастап қалыптасты, оған ертедегі грек философтары Демокриттің, Платонның, Аристотельдің және басқаларының ғылыми трактаттары дәлел болып табылады.

Көптеген ертедегі ойшылдардың көзқарастарына ортақ болған «психология» сөзінің орнына «жан» ұғымын қолданады және ерекше мәнді құбылыс ретінде қарастырады.

«Жанды» түсіндіруде ертедегі ойшылдардың көзқарасы екі бағытта қалыптасты: материалистік және идеалистік. Бірінші бағыт негізінен Демокриттің, Эпикурдың, Лукрецияның, ал екіншісі – Платонның, кей жағдайда, Аристотельдің еңбектерінде қарастырылды. Аристотель екі жақты көзқарасты ұсынады, бір жағынан, материалистік көзқараста болса, екінші жағынан идеалистік бағытты ұстанды. Демокрит дүниенің атомистік сипатын ұсына отырып, «жанды» ұсақ және қозғалғыш атомдардан тұратын материяның ерекше түрі ретінде қарастырады. Адамдарда пайда болатын әртүрлі түйсіктер мен сезімдерді Демокрит әртүрлі атомдарды бір-бірімен біріктіру нәтижесінде алынатын субъективтік нәтижелер деп бағалады. Олар, жан денені тастап кетеді де қайтіп оралады. Дененің әртүрлі бөліктерінде жанның атомдарының әртүрлі саны болады, оның ішінде мида, жүректе, бауырда көп мөлшерде кездеседі.

Платонның шәкірті – Сократ «жанды» материалистік бағыттың өкілдерімен салыстырғанда басқаша түсіндірді. Ол мәңгі бақи және өзгермейтін заттардан тәуелсіз идеялардың өмір сүретінін ұсынды. Платонның ойынша, жан идеялар мен материалдық дененің арасында өмір сүреді, оларды біріктіріп тұрады, жан-заттар дүниесінің туғызған жемісі емес, идеялар дүниесінің жемісі. Жанның барлық бөліктері, Платон бойынша, бір-бірімен тиімді арақатынаста болуы тиіс, ал егер оның арақатынасы бұзылатын болса, онда оның психика мен мінез-құлықта әртүрлі ауытқушылықтар пайда болады.

Аристотельдің көзқарасы алғашқы жан туралы ілімнің шыңы болып табылады. Ол – алғашқы «Жан туралы» ғылыми-психологиялық еңбектің-трактаттың авторы. Аристотель бойынша, жан – тірі материяға тән жанды бастама. Аристотель адамда болатын негізгі 5 сезім органдарын атап көрсетті: көру, есту, тері, дәм, иіс. Оларды алғаш рет ғылыми тұрғыддан түсіндіруде сіңірген еңбегі ерекше. Егер де жан болмаған болса, Аристотельдің айтуынша, бүкіл тіршілік болмаған болар еді.

Адам жаны өлмейді, ол өмірден кеткенмен, жоқ болып кетпейді, дүниеге қайта оралады, барлық кеңістікке кеңінен тараған жан атомдары түрінде іске асады. Ертедегі дүниеде басталған «жанды» ғылыми зерттеу алғаш рет Аристотельдің психологиялық еңбектерінде бір жүйелі қолға алынды, орта ғасырда негізінен діни-мистикалық көзқараспен, схоластикамен және рух философиясымен ауысты.

Қайта өрлеу дәуірінде қайтадан «жанның» ғылыми-жаратылыстану зерттеулеріне қызығушылық пайда болды, бұл кездегі қол жеткен табыстар Р.Декарт, Т.Гоббс, Б.Спиноза, Д.Локк және тағы басқа да европа ғалымдарының есімімен байланысты. Декарт алғашқылардың бірі болып, ғылыми тұрғыдан жанның адам миында болып жатқан органикалық үрдістермен байланыс проблемасын шешуге әрекет жасайды. Декарт сырттан әсер еткен ықпалға жауап берудің автоматтық, механикалық тәсілі ретінде рефлекс ұғымын енгізді. Рефлекстің көмегімен одан әрі жануарлар мен адамдардың іс-әрекетін түсіндіре бастады. Декарт өзіндік бақылауды психологиядағы негізгі әдіс ретінде пайдалана отырып, ғалымдар XVIII-ХІХғ. адамдардың ішкі дүниесін зерттей отырып, бұл бағытта біршама жетістіктерге жетті. Психологиялық білімді дамытуға ерекше үлес қосқан голландиялық философ Б.Спиноза болды. Ол белгілі дәрежеде Декарттың дуализмін (оның екі жақты көзқарасын) өзгертуге талпыныс жасады. Спиноза дуализмнің орнына жан денемен тығыз байланысты, онсыз өмір сүре алмайды деген көзқарасты ұсынады. Ағылшын ғалымы Т.Гоббс, мәселен, ғылыми-жаратылыстану жолымен адамдардың қабілеттерінің айырмашылығын түсіндіруге талпыныс жасады. Осы кезден бастап, психологиядағы негізгі перспективалық бағыт ретінде эмпирикалық немесе тәжірибелік психология қалыптасты, оның негізгі мақсаты – жан туралы философиялық түсінік емес, объективті ғылыми дәйектерді жинау және талдау.

Ағылшын ойшылы Джон Локк психологиялық құбылыстарды тәжірибелік түсіндіруді және сипаттауды бір жүйеге келтірді, сонымен қатар тәжірибелік психологияның негізін салушы болып есептелді. XVIII ғасыр ғылыми психология тарихында ассоциативтік ілімнің дамуымен тығыз байланысты. Ассоциация – белгілі бір психикалық құбылыстар мен қозғалыстардың басқалармен заңды байланысын айтады. Ассоциациялар уақытқа, кеңістіктегі жақындағына, ұқсастығына және қарама-қарсылығына байланысты болады. Ассоциация идеясы XVIII ғасырда пайда болды және механика мен физикадан алынған түсініктерге негізделеді. Ағылшын ғалымы Д.Гартлидің еңбектерінде ассоциативтік психология аяқталған түрде берілді. Гартлидің айтуынша, адамның бүкіл жан дүниесі үш элементтің: түйсіктердің, идеялардың және сезімдердің бір-бірімен байланысы, біріктірілуі негізінде құрылған.

ХІХ ғасырда психология өз алдына дербес ғылым болып бөлінді. Психологияға эксперимент енгізілді және зерттеу әдістері жетілдірілді. Әсіресе, бұл кезеңде неміс ғалымдары психология ғылымының дамуына ерекше үлес қосты. Немістің эмпирикалық психологиясының негізін қалаған И.Ф.Гербарт болды. Ол ассоциативтік теорияның белсенді жақтаушыларының бірі әрі психологияға өлшеу әдістерін енгізуде көп жұмыс атқарды. Психологияны Гербарт елестетулер туралы ғылым, ол адамның барлық психикалық қызметі: сезімі, ерік-жігері, ойлауы, қиялы және т.б. – бұл түрлі өзгерген елестетулер деп қате түсіндірді. И.Ф.Гербарттың енгізген ассоциация және апперцепция ұғымдары қазіргі психологияда сақталған, өз мәнін жойған жоқ. Оның жұмысын Г.Эббингауз бен В.Вундт жалғастырды. Біріншісі ес үрдісін зерттеуде көп жұмыстар атқарды, екіншісі Лейпциг қаласында 1879 жылы эксперименталдік психологиялық зертхана негізін қалады, ол кейіннен эксперименталдік психология институтына айналды, ол тез араның ішінде ғылыми психологиялық ойдың және психолог кадрларды даярлауда әлемдік орталыққа айналды, онда бастапқы оқыту дәрісін алған кейбір ресейлік психолог-ғалымдар В.М.Бехтерев пен Н.Н.Ланге болды. Вундттың арқасында психологияның жаңа саласы – эксперименталдік психология қалыптасты (оны Вундт физиологиялық деп атады).

Ресейде бұдан бірнеше жыл бұрын психологияны дамыту бағдарламасымен И.М.Сеченов айналысты. Оның «Бас ми рефлекстері» (1863) атты белгілі еңбегі рефлекс ұғымына негізделген жаңа эмпирикалық психологияның негізін қалады. И.М.Сеченовтің бағыты кейіннен И.П.Павловтың және В.М.Бехтеревтің еңбектерінде өз жалғасын тапты.

И.П.Павлов үйретудің және бейімделудің тәжірибесінің қызметі ретінде шартты рефлексті ашты, ал В.М.Бехтерев Қазан қаласында бірінші отандық эксперименталдық психологиялық зертхананы негіздеді.

ХІХ ғасырдың аяқ кезі психология тарихында көптеген маңызды оқиғалармен ерекшеленеді. Олардың ішінде ең негізгілері таным үрдістерін зерттеумен байланысты проблемаларды ғылыми эксперименталдық талдау: түйсіну, қабылдау, ес, ойлау және психология ғылымының жалпы тоқырауы. Бұл тоқыраудың мәні төмендегіше сипатталады: интроспекцияны пайдаланатын және организм физиологиясына бағыттайтын ғылым ретінде санамен, жеке тұлғамен, адамдардың тұлға аралық қатынастарымен байланысты көптеген проблемаларды шешуге дәрменсіздік танытты. Сонымен қатар психологияның білімі жалпы алғанда тәжірибе үшін жеткіліксіз болды, ол әдістері арқылы алынған нәтижелері сенімсіздік байқатты. Осындай ахуалдан шығудың жолын психологтар әртүрлі бағыттарда іздестіре бастады. Бір жағынан, күрделі ғылыми проблемаларды шешуде сәтсіздікке ұшыраған кейбір психологтар шешімін таппайтын мәселелерге көңіл бөлді. Мәселен, америка ғалымдары психологиялық зерттеулер саласынан, сана, ойлау, олармен байланысты терминологияны алып тастап, адам мен жануарлардың мінезінің қарапайым түрлерін зерттеумен айналысты.





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 3991 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...