Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып№36: Герундий мен герундиялық айналымдардың аударылу жолдары



Мазмұны: 1. Герундий

2. Қазақ тіліне аударған кезде герундийдің сөйлем мүшесінің қызметін атқаруы

3. Герундиялық айналымдардың аударылу жолдары

Герундий инфинитив және есімше сияқты ағылшын тілінің етістіктерінің бір формасы болып табылады. Құрылысы бойынша ол есімше формасына ұқсайды, бірақ есімшенің өткен шақта қолданылатын түрі герундийге ұқсамайды, яғни Patriciple ІІ формасы.

Gerund Active Passive

Infinite doing being done

Perfect having done having been done

Герундий аударма кезінде ағылшын тілінің формасы бойынша –ing жалғауы бар басқа етістіктермен немесе грамматикалық формалармен шатастырмау үшін оның ерекшеліктерін жақсы білу қажет, - ing жалғау бар етістік герундий деп аталады, егер:

сөйлемде бастауыштың қызметін атқарса – бұл жағдайда ол етістіктен туындаған зат есім болып, ешқашан артикльсіз және көпше түрдің –s жалғауынсыз қолданылады. Мысалы: Smoking is harmful – Шылым шегу денсаулыққа зиянды.

етістікке қатысты болып тұрған предлогтан кейін тұрса. Мысалы: On completing the experiment, we decided to consult the supervisor– Тәжірибені аяқтаған соң, біз басшымызбен ақылдасуды ұйғардық. The result depended on the problem being solved on time – нәтижелер мәселенің уақытында шешілуіне байланысты.

етістіктен кейін тұрса. Мысалы: They regretted having told about him – Олар оған бұл туралы айтқандары үшін өкінді.

Герундий бастаманы, жалғасатын немесе аяқталған іс әрекетті білдіретін етістіктерден кейін ғана тұра алады: start, begin, continue, do on, finish, stop. Өздеріне тән предлогтары бар және олардан кейін герундий қолданылатын етістіктер тізімін жаттап алу қажет, өйткені сол етістіктердің орыс немесе қазақ тілдерінде ағылшын тіліндегідей предлогтары жоқ, сондықтан аудармашы шатасып кетуі мүмкін:

account for - түсіндіру, differ in - ерекшелену, be interested– қызығушылық таныту, keep from – кедергі ету, result from – нәтиже болу, succeed in– қол жеткізу.

тәуелдік жалғауында тұрған етістіктен кейін немесе ілік септігінде тұрған зат есімнен кейін тұрса. Мысалы: Do you mind my opening the window? – Менің терезені ашып қоюыма қарсы емессіз бе?; His coming late was not a surprise to anyone –оның тым кеш келгені ешкімді таң қалдырмады; My friend’s becoming the prize winner pf the contest a good news for all of us - менің досымның байқау лауреаты атануы баршамызға тамаша жаңалық болған – ды.

келесі сөз тіркестерден кейін қолданылады:

cannot help –бір нәрсені жасай алмау, I cannot help thinking about it- Мен бұл жайында ойламай тұра алмаймын.

it is worth(it is worth while)- бір нәрсені жасау қажет, It is worth while reading this book – Бұл кітапты оқып шығу қажет.

it is no use - пайдасы жоқ, нәтижесі жоқ, бостан босқа, It is no use waiting for him – оны күтудің пайдасы жоқ.

Жоғарыда айтылған мысалдарға сәйкес қазақ тіліне аудару барысында герундий зат есім, көсемше, құрмалас сөйлемнің құрамдас бөлігі бола алады.

Қазақ тіліне аударған кезде герундийдің сөйлем мүшелерінің қызметерін атқаратынына назар аударыңыз:

Бастауыш – Implementing market reforms in a lengthy process –Нарық реформаларының жүзеге асуы – бұл ұзақ мерзімді процесс. Ескерту: Есімшемен шатастырып алмаңыз - Implementing market reforms it is necessary to keep in mind social needs of the population - Нарықтық реформаларды жүзеге асыра отырып, халықтың әлеуметтік қажеттіліктерін ұмытпау қажет.

Тура толықтауыш – Would you mind showing us the whole process?- Бізге процестің барлығын көрсетіңізші. Would you mind their showing us the whole process?- Сіз олардың бізге процестің барлығын көрсетуге қарсы емессіз бе?

Тура толықтауыш қызметінде герундий келесі етістіктерден кейін қолданылады: avoid (қашқақтау), engoy (ұнату), excuse (кешіру), intend (ынталану), like (жақсы көру), prefer (қалау), revent (кедергі ету), regret (өкіну), try (талпыну), withstand (қарсы тұру).

Предлогы бар толықтауыш - We have succeeded in maintaining productivity level over the whole period- Біз барлық берілген уақыт бойынша өнім өндіру деңгейін сақтай алдық.

Пысықтауыш – In establishing a refinance rate it is necessary to take into account a monthly inflation rate- Қайта қаржыландыру талаптарын бекіткен кезде айлық инфлияцияның деңгейін назардан тыс қалдырмау қажет.

Анықтауыш - There is little probability of financial assistance being provided this year- Биылғы жылы қаржылай көмек көрсететініне кәміл сенім жоқ.

Герундиялық айналым екі формада болып зат есім ретінде және құрмалас сөйлемнің құрамдас бөлігі болып аударылады:

Тәуелдік есімшедегі зат есім (есімдік)+герундий. Мысалы: Professor Johnson’s (His) presenting a paper at the conference was not announced until yesterday-Профессор Джонсонның (оның) конференцияда баяндама қорғайтыны кеше ғана хабарландырылды. The outcome depends on all of factors being used together- Нәтиже барлық факторлардың бірге қолданылуына байланысты болады.

Ағылшын сөйлемнің бастауышы (герундийдің субьектісі емес) + герундий. Мысалы: All the former Soviet republics are alike in having their poorly developed infrastructure- Бұрынғы совет республикалары өздерінің нашар дамыған инфрақұрылымдарымен ұқсас болып келген.

Практикалық тапсырма

Берілген сөйлемдерді ағылшын тіліндегі герундий және герундиялық айналымдардың аударылу жолдарына көңіл бөле отырып, ана тіліне аударыңыз:

Calculating consumer price index is part of general statistic procedure.

He could not help telling the results of the negotiations.

It is worth while having all the data together before discussing them.

Would you mind our taking part in the discussion?

High credit emission in 2nd quarter resulted in the inflation rate having been considerably raised.

Both the companies are alike in being represented in the European market.

In dealing with statistic data it is necessary to have all the factors involved.

Upon being shown in tables, the figures were subject to thorough analysis.

There is high probability of their being invited to the congress as special guests.

We’ll probably think of trying another approach in this matter.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Герундий дегеніміз не?

2. Герундий қазақ тіліне аударылған кезде қандай сөйлем мүшелерінің қызметін атқарады?

3. Герундиялық айналым қандай формаларда аударылады?

Тақырып№37: Мәтіннің мағыналық және тілдік құрамына бүтіндей жол табу коммуникативті жағдайлардың экстра-лингвистикалық факторлардың тізімі

Мазмұны: 1. Аударманың жалпы теориясы, аударма нормасы

2. Аударма нормасының бес түрлі нормативтік талаптары

3. Адекватты аударма

Аударманың жалпы теориясы аударманың сапасының бағасы ретінде пайда болатын аударма нормалары түсінігін береді. Аударма лингвистикасы қатарында теориялық және нормативті бөлімдері бар. Аудармашы алдымен өз іс-әрекеттерінің мақсатын айқындап осы мақсатқа жету жолдарын іздеу керек. Бұл үшін аудармашы аударманың негізі теориямен, соның ішінде аудармашы өзі жұмыс жасап отырған саланы жетік білуі тиіс. Сондықтан нақты мәтін шарттарына сәйкес келетін аударманың қолайлы тәсілін қолдану және аударма процесінің нәтижесінде әсер ететін прагматикалық факторлардың тізімін табу да аудармашының маңызды жұмыстарының бірі. Аударма сапасы аударманың түпнұсқаға мағыналық жақындығы деңгейімен беріледі. Сондықтан түпнұсқа мәтіндері мен аударманың жанрлық-стилистикалық тәуелділікпен және аударма нұсқасын таңдауына әсер ететін прагматикалық факторларымен беріледі.Бұл аспектілер аудармашының стратегиясын анықтайды. Аударма нормасы бес түрлі нормативті талаптар нәтижесінде қалыптасады.

● аударма баламасының нормалық мөлшері

● аударманың жанрлы(стилистикалық нормалары

● аударма тілі нормалары

● аударманың прагматиалық нормалары

● аударманың конвециалды нормалары

Аударманың баламасының нормалары құбылмалы параметр емес. Жанрлы стилистикалық нормаларды мәтін түрінің стилистиалық ерекшеліктеріне аударманың сәйкес келу талабы ретінде анықтауға болады. Бұл нормалар балама деңгеін талап етеді. Аударма мәтіні аударма тіліндегі тілдік шығармалар. Ол үшін норма ережелерін білу қажет. Аударманың прагматикалық нормаларын және құндылықтарын қамтамасыз ететін талап ретінда анықтауға болады. Аударма актінің прагматикалық шарттары аударма нормаларын сақтаудан толығымен бас тартуға әкеп соқтырады. Жалпы айтқанда түпнұсқа мазмұнын түсінік айтумен, мәнжазбалармен ауыстырады. Аударманың конвенциалды нормалары қазіргі жағдайда аударманың түпнұсқаға жақындығы талабы ретінде қарастыруға болады. Оның шеберлік іс әрекет ретінде түпнұсқаның орын басу және аударманы жүзеге асыру барысында түрлі міндеттерді орындау. Аударма процесінің нәтижесі түсініктерінде мына терминдерді қолданылады.

Адекватты аудармаға баламаны аудару, дәлме-дәл аударма және еркін аударма жатады.

Адекватты аударма – аударма сапасы бағасын жүзеге асыратын жақсы аударма. Ол аударма актісінің пранматикалық міндеттерін қамтамасыз етеді.

Баламалық аударма – басқа тіл түпнұсқасының балмсының деңгейлерінің бірігуінің мазмұнының айтылуы болып табылады.

Дәлме-дәл аударма – түпнұсқа мәтінінің заттық логикалық бөлігі ғана айтылады. Онда жанрлы стилистиалық нормалардың артта қалуы әбден мүмкін. Сөзбе-сөз аудармада түпнұсқаның формальді элементтері беріледі, осының нәтижесінде нормалар бұзылады.

Еркін аударма кезінде түпнұсқа мазмұны жойылады.

Практикалық тапсырмалар

Төмендегі мәтінді аударманың түрлі тәсілдерін қолданып, ағылшын тілінен қазақ тіліне аударыңыз:

Bolashak

The Bolashak Presidential Scholarship Program for study in the United States offers scholarships for a maximum of two years to Kazakhstani students to earn graduate degrees at U.S. Universities in a variety of fields, including business administration, economics, law, ecology and environmental sciences, computer science, international relations, petroleum engineering, sociology, humanities, and social sciences. In Kazakh, bolashak means “the future”.

Kazakhstan was the first central Asian country to launch a presidential scholarship program for study abroad. Begun in 1993, the program was established by President Nazarbaev to train future leaders in business, international relations, law, science, engineering, and other key fields. Upon completion of their programs, scholarship recipients return to Kazakhstan to perform government service for a period of five years.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Аударма лингвистикасы қатарында қандай бөлімдер бар?

2. Аударма нормасы қандай нормативтік талаптар нәтижесінде қалыптасады?

3. Адекватты аудармаға қандай аудармалар жатады?





Дата публикования: 2015-06-12; Прочитано: 2871 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.01 с)...