Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып№27: Сөздік құрастырудың техникасы



Мазмұны: 1. Лексикография теориясы туралы түсінік

2. Сөздік түрлері

Лексикография теориясы — әр түрлі сөздіктерді жасау жұмыстарының тәжірибелерін ғылыми тұрғыдан қорытындылаудың негізінде және лексикологиялық зерттеулер мен олардың жетістіктерін таяныш етудің негізінде жасалады.

Сөздіктерді жасау жұмысында лексикография теориясының маңызы айрықша. Себебі сөздіктердің сапасы лексикография теориясының дәрежесі неғұрлым жоғары болса, сөздіктер де соғұрлым сапалы болмақ. Лексикографиялық жұмыстарды жүргізіп, әртүрлі сөздіктерді жасау лексикологияны және лексикографияның 0205010818теориясы мен091000108000практикасын жете білуді қажет етеді. Сөздіктердің сапасын арттыру сөздік жасау жұмысына қатысты көптеген теориялық және практикалық мәселелер жайында зерттеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Олардың ішінде айрықша назар аударатын мәселелер мыналар: – сөздің 09050108000лексикалық 0900218000мағыналарының типтері; – мағына мен қолданыс; – сөз мағыналарының сөздікте берілу тәртібі; – 09000810500818полисемия құбылысы мен 090000800818омонимия құбылысының айырмашылығы; – фразеологиялық сөз тіркестерінің сөздікте берілу принциптері; – сөздікке кіретін туынды сөздердің түрлері және олардың аумағы мен шегі; – 013907сөздерге берілетін 001829100000анықтама (түсіндірме) мен стилистикалық мінездеме және т.б.

Лексикографиялық жұмыста грамматика мен стилистиканың атқаратын қызметі зор. 0139070410Сөздіктерде сөздерге әртүрлі сипаттама (мінездеме) беріледі. Осыған орай, лексикографилық теорияның тіл білімінің әртүрлі салаларының, мысалы, лексикологияның (оның ішінде семасиология мен фразеология), грамматиканың және стилистиканың сөздерге мінездеме беру тұрғысынан қатыстылығы келіп тұрады. Мысалы, сөздің мағыналық жағы түсіндірме сөздікте де, аударма сөздікте де маңызды мәселе болып саналады. Оларда сөз, ең алдымен, мағыналық жақтан талданып, анықталады. Осыдан сөздің мағынасын, мағыналық түрлерін, қарастыратын0105000108000030818семасиологияның лексикография теориясымен тікелей байланысы келіп туады. Сөздікті құрастыруда сөздерге 01000000108000грамматикалық мінездеме беру де қажет болады. Сөздердің грамматикалық тұрғыдан қандай лексико–грамматикалық топқа, яғни сөз табына, қатыстығы сөздікте тиісті белгілер арқылы көрсетіледі. Сөздік құрамының белгілі бір стилге тән, соған телінген сөздер де болады. Осыдан сөздіктерде ондай сөздердің қай стилге тән екендігін аңғартатындай берлгілер берудің қажеттілігі келіп туады. Мұның өзі тілдің лексикасының стилистикалық жақтан дифференсациялануын зерттеп, 09050108000лексикадағы стильдік топтар мен тармақтарды айқындаудың нәтижесінде ғана іске асады. Осы мағынада 011080081108000стилистика да 09050108000310010818лексикографиялық теорияда көмекші қызмет атқарады.

Сөздіктердің тіл–тілде бірнеше түрі бар. Олардың әрқайсысы әртүрлі мәдени қажеттілікті өтеу үшін жасалады. Лингвистикалық сөздіктер жасалу мақсатына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Олар:

1. Сөзіктердің ішінде тілдің лексикасының шығуын, дамуын және оның бірнеше дәуірін сипаттайтын түрі бар. Мұндай сөздік тарихи сөздіктер деп аталады. Керісінше, сөздіктердің кейбір түрі қазіргі тілде жаппай және жиі қолданылатын сөздерді қамтып, оларға талдау жасап, сипаттама беруді мақсат етеді. Мұндай сөздіктер тілідің заманауи сөздіктері деп аталады.

2. Сөздіңтердің белгілі бір түрі тілдегі күллі сөздерді түгел қамтып сипаттауды мақсат етеді. Мұндай сөздік толық сөздіктер деп аталады. Сөздіктердің енді бір түрі тілдің сөздік құрамындағы барлық сөздерді емес, оның белгілі бір дәуірдегі сөздерді немесе лексиканың белгілі бір саласын қамтитын сөздік түрінде жасалады. Мұнадай сөздік кіші сөздік немесе толық емес сөздік деп аталады. Сөздіктің бұл түрлеріне аранаулы сөздіктерді де жатқызуға болады. Олар: 02051008000003081801829139070410терминологиялық сөздік, 0108000080синонимдерсөздігі, 04100070500003081801829139070410фразеологиялық сөздік және т.б. жатқызуға болады.

3. Сөздердің сөздікте ана тілінде түсіндірілуі немесе басқа тілге аударылып түсіндірілуіне қарай сөздіктер екі түрге бөлінеді: алғашқысы – бір тілдік түсіндірме сөздіктер, екіншісі – екі тілідік немесе көп тілдік 0104001000139070410аударма сөздіктер.

4. Сөздіктер оларда берілген сөздердің әліппи тәртібімен көрсетілуіне немесе сөздермен белгіленетін ұғымдардың топтарының рет–ретімен көрсетілуіне қарай екі түрге бөлінеді: 1) Дыбыстық немесе алфавиттік сөздіктер; 2) Идеологиялық сөздіктер немесе ұғымдар сөздігі. Сонымен, сөздіктерді шартты түрде төрт топқа бөліп қарауға болады.

І. Сөздердің шығу тегі мен олардың семантикалық дамуы туралы мағлұмат беретін сөздіктер. Оларға: 1. 0108000003081801829139070410Этимологиялық сөздік. 2. 02001081Тарихи сөздік

ІІ. Қазіргі тілдердегі сөздердің мағыналарын түсіндіріп, олардың қолданылуы жайлы мағлұмат беретін сөздіктер. Олар: 1. 02211004110051390704101Түсіндірме сөздік. 2. 0104001000139070410Аударма сөздік. 3.020510080000030818Терминологиялық сөздік]]. 4. 0080000501000030818Диалектологиялық сөздік. 5. 041000705000030818Фразеологиялық сөздік. 6. 0108000080Синонимдер сөздігі.

ІІІ. Сөздердің дыбыстық құрылысы мен олардың жазылуы туралы мәлімет беретін сөздіктер. Олардың қатарына: 1. 040005108000Фонетикалық сөздік. 2. 091100310010818Орфографиялық сөздік.

ІV. Заттар мен құбылыстардың ұғымдарын айқындап, түсіндіретін сөздіктер. Олардың қатарына: 1. 00108000005040818Энциклопедиялық сөздік. 2. 0001811100108021101390704101Иллюстративтік сөздік.

Аударма сөздік — лингвистикалық (тілдік) 0139070410сөздіктің бір түрі. Аударма сөздік екітілді немесе көптілді (ағылшынша-орысша-қазақша) болып келеді. Аударма сқздіктің негізгі объектісі белгілі бір тілдегі сөздер мен тұрақты сөз тіркестерін екінші тілге тәржімалау. Тұңғыш 0104001000Аударма сөздік үлгілері еткен ғасырдың II жартысынан бастап жарық көре бастады(Алекторов A. Е., Краткий казахско-русский словарь, Приложение к книге "К мудрости ступенька", М., 1891; БокинТ., Русско-киргизский словарь,005101809Верный, 1913; Катаринский В. В. Краткий русско-киргизский словарь, Оренбург, 1897; Радлов В. В. Опыт словаря тюркских наречии, 4-изд., СПб., 1888-1905). Осы ғасырдың 20-ж. бастап орысша-қазақша сөздіктер жасауға айырықша мән берілді. 1925-26 ж. бірнеше Аударма сөздіктер (Казахско-русский словарь, 291807180010400ҚHYPERLINK "%22Қызылорда"ызылорда, 1925; Орысша-қазақша әскерлік атаулары, Қызылорда, 1926), ал 1936 ж. 090011803010010811латын әHYPERLINK "%22латын%20әліпбиі"ліпбиі негізінде "Қазақша-орысша сөздіктер" ұдайы шығарылып тұрды. 0104001000Аударма сөздіктің бірнеше түрлері бар: бір тілдің сөздік құрамына, 09050108000лексикалық байлығына негізделіп, сөздің негізгі мағынасы, семантикалық құрылымы, сөздің грамматикалық тұлғалымар арқылы түрленуі, стильдік ерекшеліктері, сөзтіркесімділік қабілеті, осы сөз дәйек болатын тұрақты тіркестер жан-жақты қамтылатын екітілді сөздіктер; ғылымның белгілі бір саласына қатысты терминдік атаулардың екінші тілдегі баламасы көрсетілетін сапалық терминологиялық сөздіктер\ сөздік құрамының белгілі бір шектеулі бөлігі ғана қамтылатын, арнайы бір топқа (Мысалы, мектеп оқушыларына, тілді жаңа үйренушілерге) арналған 02100010011тілашар сөздіктер және т. б. Аударма сөздік лексикография ғылымының принциптеріне сәйкес жасалады. Сөздер әліпби тәртібімен беріліп, оның тұсына стильдік белгілер (көне, тарихи, эмоциялық экспрессия) қойылады немесе түсініктемелер жазылады, сондай-ақ техникалық әдістер (таңба-белгілер, курсив, қалың бояулы жазу) пайдаланылады.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Лексикография туралы не білесіз?

2. Сөздік құрастырудың оңай және қиын жолдары?





Дата публикования: 2015-06-12; Прочитано: 2326 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...