![]() |
Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | |
|
(жүрек ақаулары кезінде жүрек аускультациясын жүргізу)
Студентке арналған ақпарат: Сіз ЖДА қабылдауындағы жанұялық дәрігерсіз. Сізге 28 жастағы аздаған физикалық күш түскенде ентігуге, жүрек тұсында шаншып ауруға, жүрек жұмысындағы ырғақ бұзылуына шағымданатын науқас келді. Анамнезінен: жүрек ауруымен бала кезінен ауырады. Жүрек аускультациясын муляждан тыңдап, өз әрекетіңізді айтып отырыңыз. Алынған мәліметті бағалаңыз. Пациент мәселесін және осы патологияда жүргізілетін негізгі тексеру әдістерінің нәтижелерін қорытындылаңыз.
Экзаменаторға арналған ақпарат: Студентті төменде көрсетілген әр пункт бойынша баллмен бағалаңыз.
№ | Бағалау критериилері | Балл бойынша бағалау | ||
1. | Жүрек аускультациясы кезектілігін сақтады ма (митралды клапан-жүрек ұшында, қолқа қақпақшасы төстің оң жағында 2-ші қабырға аралығында, өкпе бағаны- төстің сол жақ 2-ші қ/а. Үш ашпалы қақпақша-төстің семсер тәрізді өсіндісінің негізінде, қолқа қақпақшасы- Боткин-Эрба нүктесінде). | 1,0 | 0,5 | |
2. | І және ІІ тондарға сипаттама берді ме (әлсіреу және күшеюі, ІІ тон акценті, екіге бөліну, екі еселенуі). І және ІІ тондардың ең жақсы естілетін нүктелерін, қосымша тондардың болуын көрсетті ме. | 1,0 | 0,5 | |
3. | Жүректегі шуларға сипаттама берді берді ме: - систолалық н/е диастолалық; - шудың белгілері (сипаты, күші, ұзақтығы) - шудың орналасуы (ең жақсы естілетін нүкте) - шудың таралу бағыты (иррадиация) | 1,0 | 0,5 | |
4. | Шудың жақсы естілетін жағдайын көрсетті ме | 1,0 | 0,5 | |
5. | Алынған мәліметтер негізінде пациенттің мәселесін қортындылады ма | 1,0 | 0,5 | |
6. | Осы клиникалық жағдайда студент пульс пен артериалды қысымның мүмкін өзгерістерін сипаттай алды ма. | 1,0 | 0,5 | |
7. | Осы клиникалық жағдайда студент рентгенологиялық зерттеудегі мүмкін өзгерістерді сипаттай алды ма. | 1,0 | 0,5 | |
8. | Осы клиникалық жағдайда студент электрокардиологиялық зерттеудегі мүмкін өзгерістерді сипаттай алды ма. | 1,0 | 0,5 | |
9. | Осы клиникалық жағдайда студент эхокардиологиялық зерттеудегі мүмкін өзгерістерді сипаттай алды ма. | 1,0 | 0,5 | |
10. | Осы клиникалық жағдайға тән қосымша мәліметтер бере алды ма. | 1,0 | 0,5 |
Өте жақсы - (90-100%) - 9-10 Жақсы – (75-89%) - 7,5-8,5
Қанағаттанарлық – (60-74%) - 6-7 Қанағаттанарлық емес- 5,5 және төмен
Станция бойынша максималды балл- 10
Дата публикования: 2015-06-12; Прочитано: 1299 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!