Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Осымша ем



Дексаметазон к/т0,15 мг/кг 4 тәулік бойы

МІҚ төмендету –гиперосмолярлы ерітінділер (манитол), глицеринді пероральді қабылдау

Қолданған әдістердің көмегі болмағанда – барбитураттар.

Менингитің алдын-алу:

Байланыс болған кезден кейін бір ай ішінде химиопрофилактика жасалмаған жағдайда инфекцияның туындау қауіпі жоғары болады. 2 жастан төмен балаларда даму қауіпі жоғары. Үлкендерде және 2 жастағы балалрға таңдау препараты болып рифампицин есептеледі (20 мг/кг 4 күн бойы)

Химиопрофилактиканы тағайындамайды 2 жәна одан жоғары жастағы баларда 60 күн ішінде аурудың 2 жағдайы тіркелген бала бақшада байланысса. 2 жастан төмен балалрда ол жеке қарастырылады.

Жүктілерге тағайындалмайды.

Химиопрофилактиканың альтернативті заттары:

Цефтриаксон 250мг б/е

Моксифлоксацин (тек қана үлкендерге 500 немесе 750 мг бір рет)

Дәріс 3 Нейропротекцияның фармакологиялық стратегиясы. Регенераторлы-репаративті процесстерінің жақсаруына бағытталған ем. Ишемиялық және геморрагиялық инсульттердің емі.

Бас миының қан-тамырлық аурулары әлуметтік-медициналық мәселелердің бірі болып табылады. Басынан инсультті өткізген науқастардың 80% мөгедек болып қалады олардың 10% - ауыр және басқа адамдардың көмегін қажет етеді. Тек қана инсульттің 10% бірінші аптада бұзылған қызметтерінің қалпына қалыптасуымен аяқталады.

Неврологиялық дефекттің пайда болуында инсульттан кейінгі пайда болған жедел ми қанайналымының бұзылысының 21 күнінен басталған қалыптастыру кезеңі маңызды болып есептеледі. Бұл жағдайда аурудың бірінші сағатында өткізіп жіберілген процесстердің оның ішінде жоспарланған клеткалық өлімнің (апоптоз), микроциркуляция және ГЭТ өткізгіштігінің бұзылыстары өз маңыздылығын жоғалтпаған.

Ишемиялық инсульттардың патогенетикалық емінің негізгі принциптері:

  1. зақымдалу жерінде қанайналымын қалыптастыру,
  2. ми қызметін қалыпқа жағдайда ұстап тұру және оларды құрлымдық зақымдалуларан сақтау.

Зақымдалу жерінде қанайналымын қалыптастыру үшін қолданатын заттар:

· антиагреганттар - аспирин, дипиридамол, тиклид, пентоксифиллин,

· антикоагулянттар - фраксипарин, гепарин, фенилин, варфарин,

· ноотропты заттар - пирацетам, церебролизин, семакс, глицин, пикамилон,

· вазоактивті заттар - винпоцетин, кавинтон, ницерголин, инстенон, эуфиллин, циннаризин,

· ангиопротекторлар - пармидин, продектин, аскорутин, троксевазин, этамзилат, добезилат, вобензим,

Ми қызмет қалыпты жағдайда ұстап тұру үшін қолданатын заттар:

· антиоксиданттар - эмоксипин, милдронат, витамин Е, аскорбин қышқылы,

· тіндік энергетикалық метаболизмді жақсартатын препараттар - цитохром С, актовегин, рибоксин, аплегин.

· Қимыл қызметін қалыптастыруға арналған антихолинэстеразды заттар

Геморрагиялық инсультті емдеудің негізгі бағыты болыпқантамырларының өткізгіштігін төмендету және пайда болған тромбтың бұзылуын алдын-алу. Бұл үшін келесі топтар қолданылады:

· ангиопротекторлар - пармидин, продектин, аскорутин, троксевазин, этамзилат,

· вазоактивті препараттар - винпоцетин, кавинтон, ницерголин, инстенон, эуфиллин, циннаризин.





Дата публикования: 2015-06-12; Прочитано: 879 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...