Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дәрістер



1 1С:Кәсіпорын жүйесінің негізгі мүмкіндіктері

1.1 Бухгалтерлік есептегі 1С: Кәсіпорын жүйесінің негізгі мүмкіндіктері

1С: Кәсіпорын жүйесі бухгалтерлік есептің барлық бөлігінде қолданылады:

1. Банк және касса есебі.

2. Негізгі құралдар және (активті емес) матер-ң емес активтер есебі.

3. Тауарлар есебі, өнім өндіру және қызмет көрсету.

4. Ұйымдар мен алашақ берешектері мен есеп беруші тұлғалармен өзара есеп айырысу есебі.

5. Еңбекақы бойынша есеп айырысу.

6. Бюджеттің есеп айырысу

7. Көп деңгейлі шоттар жоспарымен жинақтамалы есеп жүргізу.

8. Бірнеше шоттар жоспарымен жұмыс істеу

9. Валюталық есеп

10. Көп деңгейлі таңдамалы есеп өлшеміне байланысты көп деңгейлі таңдамалы есептің жұмыс жасау.

11. Сандық есеп.

12. Бір деректер базасымен бірнеше кәсіпорындарда есеп жүргізу желілігі.

Бағдарламаға ақпараттарды енгізу бірнеше режимнен тұрады:

1) қолмен енгізу режимі

2) типтік операциялар режимі

3) құжаттау режимі

Бағдарлама жеке немесе желі бойынша істейді. Әр түрлі объектілермен бір уақытта жұмыс істеу үшін қолайлы көп терезелі интерфейспен қамтамасыз етілген. Бухгалтерлік бағдарламаны жұмысқа дайындаудың ең бірінші жауапты және көлемді кезеңі тұрақты және шарты тұрақты деректерді компьютерге енгізу болып табылады.

1С: Кәсіпорын бағдарламада осындай деректерді сақтауға арналған анықтамалар мен аспаптамалар бар. Олардың ішіндегі ең негізгісі жоспарланған шоттар болып табылады. Бағдарлама лармен жұмысты бастамас бұрын бухгалтер пайдаланушы кәсіпорында жүргізілетін есептің негізгі принципіжәне оны жүргізу барысында қолданылатын шоттарды анықтап алып, оны Қазақстанның шоттаржоспарына ауыстыру керек. Осы шоттар негізінде бухгалтерлік есеп жүргізіледі немесе керекті құжаттар алынады. Кәсіпорында нормативті құжаттармен берілген стандартты жоспардың шоттар және басқа басқа да арнайы жоспар шоттар, шоттар жүйесі кәсіпорынның есеп саясатына байланысты. 1С: Бухгалтерия жүйесінде есепті бірнеше жоспарланған тағы да жүргізу мүмкіндігі қарастырылған.

Жоспарланған шоттарды басты менюдің амалдар пунктінен таңдау арқылы іске қосамыз. Жоспарланғаншоттардың әр жолы бухгалтерлік есептің нақты және қосалық шотын көрсететін кестеден тұрады.

1.2 1С: Бухгалтерлік жүйесінің қысқаша түсініктемесі

1С Бухгалтерия жүйесін қолданғанда кездесетін қысқаша түсініктемелер:

1.Тұрақтылар (константы). Тұрақтылар тұрақты мәлiмет жазу үшін қолданылады. Мысалы: кәсіпорынның аты бас бухгалтердің аты жөні және тағы басқалары.

2. Анықтамалықтар (справочник). Анықтамалық есеп берулер кезіндегі мәліметтерді енгізу үшін немесе құжаттарды толтыру үшін қолданылатын бір типті объектілер. Көбінесе анықтамалықтар болып қызметкерлер, мекемелер, материалдар тізімі болып табылады. 1С: Бухгалтерия көп сатылы анықтамалықтар мен және бағынышты анықтармен жұмыс жасайды.

3. Тізбектеу (перечисление). Тұрақты мәліметтер жиынтығын тізбектеу үшін қолданылады. Мысалы: ақшаны тізбектеу қолма-қол, қолма-қол емес.

4. Бухгалтерлік шот. Бухгалтерлік есептің жоспарланған шотын сақтауға арналған. 1С:Бухгалтерия бір мезетте бірнеше жоспарланған шоттарда жұмыс істей алады. Жоспарланған шоттардың әрқайсысында өздерінің кез-келген шоттарының кодының ұзындығы және суб. счеттардың сатысыныңсаны болады.

5. Операциялық және проводкалар. Мүліктердің қозғалысын бухгалтерлік есеп беруде операциялар және проводкалар түрінде жазады. Операция кәсіпорында бухгалтерлік есепте болған толықтай шаруашылық операциясын басқарады, ол бірнеше проводкаларды сақтай алады. Проводкалар өз бетімен операциядан бөлек бола алмайды.

6. Субконттар термині бухгалтерлік счеттарбойынша аналитикалық есеп беруді қолдануға арналған жиынтық мәндерін енгізу үшін қолданылады.

7. Құжаттар. Кәсіпорында болып жатқан кез-келген жағдайда көрсету үшін 1С: Бухгалтерия құжаттарды. Құжаттардың негізгі қасиеті оның бухгалтерлік операцияларды автоматикалық қалыптастыру.

8. Журналдар. 1С:Бухгалтерияны құжаттарды операциялармен проводкаларды қаралу үшін және сақтау үшін журналдар жасалған барлық бухгалтерлікоперациялардыңтізіміқарау үшін журнал операциялар қолданылады. Бұндағы кез-келген жолды операциялар белгіленіп келесі мәліметтерді қамтиды: Дата, номер, мазмұны суммасы бұл 4 операция түрінде болады. 9. Есептеу, берулер және оңдеулер (отчеты и обработки). Есеп берулеранықталған критериялар бойынша қорытындылар сақтайтын ақпаратты алу үшін алады. Өңдеу бір нәрсені толығынан сервистік жағдайда қарастыру

Жоспарланған шотта басты менюдің амалдар пунктімен жоспарланған шоттар таңдау арқылы іске қосылады. Жоспарланған шоттардың әр жолы бухгалтерлік есептің нақты және қосалқы шоттын көрсететін кестесімен тұрады.

1. Код. Счеттың толық кодының номері

2. Атауы (наименование). Счеттың қосалқы счетінің атауы.

3. Вал. Валюталық есеп жүргізу белгісі есеп берілген счет немесе қосалқы счет бойын валюталық есеп жүргізілсе онда валюта таңбасына + қойылады.

4. Кол. Сандық есеп жүргізубелгілі егер берілген счет немесе қосалқы счет бойынша есеп жүргізілсе, онда кол. Бағасына + бағасы қойылады.

5. Заб. Баланстан тыс счеттар белг.

6. Акт. Активтіксчеттар мынандай мәндерді қабылдайды. А активті П пассивтік + субконттар 1...С10 бұл бағанада көрс счеттардың таңдамалы есебін құрайды. Егер жүйеде бірнеше счет тең болса онда терезенің жоғарғы жағына жоспарланған счеттардың атауы көрсетілген кескін шығады. Керекті счеттар жоспарын таңдау үшін сол кескіннің бірін таңдалғанын керек.

Бақылау сұрақтары:

1. 1С: Кәсіпорын жүйесінің негізгі объектілеріне сипаттама

2. 1С: Кәсіпорын жүйесінде анықтамалықтар нешеге бөлінеді?

3. 1С: Кәсіпорын жүйесінде бухгалтерлік есептің қандай бөлімдері қолданылады?

4. Бағдарламаға ақпаратты енгізу неше бөлімнен тұрады?

5. Жоспарланған шот дегеніміз не?


2 Конфигурация және 1С: Кәсіпорынның





Дата публикования: 2014-10-20; Прочитано: 1329 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...