Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып. Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде



1. Жұмысбастылық пен жұмыссыздық ұғымдарының мазмұны. Жұмыссыздықтың негізгі түрлері.

2. Инфляция ұғымының мазмұны мен түрлері. Филипс қисығы.

Негізгі сөздер: жұмыссыздық, инфляция

1. Жұмысбастылық пен жұмыссыздық ұғымдарының мазмұны. Жұмыссыздықтың негізгі түрлері.

Жұмысбастылық ұғымымен еңбекке жарамды халықтың (есейген санының) жұмыспен қамтылғаны түсіндіріледі. Жұмыссыздықтың табиги деңгейі дегеніміз - өлшем, өйткені уақытша жұмыссыздарға сәйкес бос жұмыс орындардың табу үшін уақыт керек.

Жұмыссыздықтың табиги деңгейі 5-6%-ға тең.

Фрикциондық жұмыссыздық- бұл жұмыс күшінің объективті қажетті қозғалысымен байланысты жұмыссыздық. Құрылымдық жұмыссыздық - бұл жұмыс күші құрылымының жұмыс орны құрылымына сәйкес емес жұмыссыздықты айтады. Фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздық түрлері болмай қалмайтын шарасыздық, сондықтан жұмыссыздықтың бұл түрлері елде жұмысбастылық халықты толық қамтиды деп санайды. Циклдық жұмыссыздық деп экономикалық тоқырау, дағдарыста көрінетін жұмыссыздық түрін айтады. Әлемдік тәжірибеде Оукен заңы қолданылады: жұмыссыздықтың деңгейі ағымдық көтерілуі табиғи жұмыссыздықтан 1% үлкен болса, потенциалды ЖҰӨ салыстырғанда ЖҰӨ 2,5 % төмендейді.

Оукен заңы – ЖҰӨ мен жұмыссздық деңгейі арасындағы айырмашылық, яғни жұмыссыздық деңгейінің табиғи деңгейімен салыстырғанда 1% -ға көтерілуі ЖҰӨ-нің өсу жылдамдығын 2,5%-ға төмендетеді.

2. Инфляция ұғымының мазмұны мен түрлері. Филипс қисығы.

Инфляция – экономикадағы жалпы баға деңгейінің тұрақты көтерілуінен ақшаның құнсыздану процесі.

Инфляция түрлері: Ашық – бағаның тұрақты көтерілуі. Қысымға түскен – баға мен табысыты уақытша тұрақтандыру, бағаға бақылау орнату. Сырғымалы- жылына 10% дейін. Өршімелі- жылына 10-нан 200% дейін. Гипер инфляция – айына 50%-ға дейін немесе 200% дан жоғары.

Инфляция себептерінің екі типін ажыратуға болады. 1. Шығын инфляциясы – орташа шығынның өсуі табысты өндіріс көлемін қысқартады, ал фирмалар өндіріс көлемін қазіргі баға деңгейімен ұсынуға дайын. 2. Сұраныс инфляциясы – артық сұраныс бағаның өсуіне әкеледі және сұраныс инфляциясын тұдырады. Көп ақша көлемі аз тауар санына сұраныс қалыптастырады.

Жұмыссыздық пен инфляция арасында байланысты ағылшын экономисті А.Филлипс зерттеген. Жұмыссыздық көрсеткіштері атаулы жалақының өсуі төмендеген жағдайда жоғарылайды да, жалақының өсуіне қарай төмендейді. Өндірістің құлдырауы – жұмыссыздықты өсіреді – табыс, шығындарды және жиынтық сұранысты қысқартады, нәтижесінде – бағалар төмендейді. Өндіріс жоғарылағанда – жұмыссыздық төмендейді – табыстар, шығындар, сұраныс өседі – нәтижесінде бағалар өседі.





Дата публикования: 2014-10-19; Прочитано: 2696 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...