Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ойтүрткі. 1. Бәсекеге қабілетті тауар шығару үшін кәсіпорынға не қажет?



1. Бәсекеге қабілетті тауар шығару үшін кәсіпорынға не қажет?

Сіздің ойыңыз: 1. ______________________________________

2. ______________________________________

3. ______________________________________

Мемлекетімізде тиімді нарықтық экономика құруда, бәсекелестік ортаның қалыптасуында шағын және орта бизнестің маңызы өте зор.

Әлеуметтік тәжірибенің көрсетуінше, шағын және орта бизнес нарықтық экономикаға тез және тиімді әсер етеді. Өндірістік өнімнің өсу қарқыны халықтың жалпы сұранысымен тығыз байланысты. Тауардың белгілі бір нарықта қарқынды өтуі үшін ол бәсекелестікке қабілеті жоғары тауар болып, сапасы бекітілген стандартқа сәйкес келуі керек.

Бәсекелестікті жеңіп, басып озу үшін, осы заманға сай, бәсекелестік қабілеті жоғары тауар (өнім) шығару керек.

Бәсекелестікке қабілеті жоғары тауар шығару мыналардан тұрады:

- қосымша пайда түсіретін тауар жасау идеясын қалай, қайдан алу, іздеу;

- ол үшін нарықты зерттеу (ерекшелігін, қаншалықты қажеттілігін, ассортиментін, қасиетін, пайдасын);

- өндіру (аз шығынды қолайлы өндіріс);

- тиімді баға белгілеу;

- жарнама (тауар жөнінде ақпарат, тұтынушыны ынталандыру, сатып алуды жеңілдету, сыйлықтар, конкурстар, т.б.);

Бәсекелестік қабілеті жоғары тауар жасау тиімділігі тұрақты пайда мен тұрақты сұранысты қамтамасыз етеді.

Сұрақтар:

1. Шағын және орта бизнес қаңдай экономикаға тез және тиімді әсер етеді?

2. Тауардың белгілі бір нарықта қарқынды өтуі үшін ол бәсекелестікке қабілеті жоғары тауар болып, сапасы бекітілген неге сәйкес келуі керек?

3. Бәсекелестікке қабілеті жоғары тауар шығару нелерден тұрады?

1-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.





Дата публикования: 2014-10-19; Прочитано: 610 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...