Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сімдегі және бордақылаудағы малдардың қозғалысын құжаттау



Мал шаруашылықтарындағы өсірудегі жас малдар мен бодақылаудағы малдар өсіру және бордақылаудың нәтижесінде құрамын, тірілей салмағын өзгертеді және олар тиісті алғашқы құжаттар мен есеп регистрлерінде көрсетілуі тиіс.

Ірі қара малынан, қойдан, шошқадан және басқа да малдардан алынған төл үшін «Мал төлдерін кірістеу актісі» рәсімделеді. Бұл акт екі данада шаруашылық меңгерушісімен не болмаса бригадирмен толтырылып, бір данасы ұйымның есеп бөліміне өндірістік есеппен бірге тапсырылады, ал екінші данасы шаруашылық меңгерушісінде немесе бригадирдің есебіне тіркеледі. Ал төлдерін кірістеу актісіндегі мәліметтер есепті мерзімнің соңында «Малдар мен құстардың қозғалыс есебінің ведомостісіне» түсіріледі.

Өсімдегі және бордақылаудағы малдардың салмағын кезеңдік немесе іріктеп өлшеу кезінде «Малдарды өлшеу ведомостісі» толтырылады. Оны шаруашылық меңгерушісі немесе бригадир толтыру қажет.

Өсімдегі және бордақылаудағы малдарды бір топтан екінші топқа ауыстыру үшін «Малдарды топтан топқа ауыстыру актісі» рәсімделу қажет. Актіні шаруашылық меңгерушісі (бригадир) осы мал топтарына жауапты тұлғалардың, яғни малдарды бір жас тобынан тапсырушы екінші жас тобына қабылдаушы тұлғалардың қатысуымен толтырады және бұл актінің мәліметтері есепті мерзімнің соңында малдар қозғалысының есебінің ведомостісін жасау үшін негіз болып саналады.

Егер шаруашылық жеке тұлғалардан немесе басқа да ұйымдардан өсіруге және бордақылауға жас төл мен малдар сатып алатын болса, жасасқан келісім шарттың негізінде «Шот фактура» және «Малдарды қабылдау, сатып алу актісі» жасалып, рәсімделуі қажет. Шаруашылық жеке немесе заңды тұлғалардан өсіруге және бордақылауға жас төлдер мен малдарды сатып құрамында шаруашылық меңгерушісі, бригадир, мал дәрігері, қабылданатын малдарға жауапты тұлғаның қатысумен комиссия арқылы кірістеледі. «Малдарды қабылдау, сатып алу актісі» үш данада толтырылып, оған барлық комиссия мүшесі қол қойғаннан кейін, кәсіпорынның басшысымен бекітіледі, содан кейін бір данасы есеп бөліміне тапсырылады, екінші данасы шаруашылықтың меңгерушісінде, үшінші данасы сатушыда қалады. Бұл құжат малдарды сатушы жақпен есеп айырысу үшін және есепті мерзімнің соңында малдар қозғалысы есебінің ведомостісін жасау үшін негіз болып табылады.

Бордақылаудағы малдарды ет қабылдайтын комбинатқа немесе бөлшек сауда орындарына сатуға жіберген кезде «Тауарлық-транспорттық жүкқағазы» не болмаса «Жүкқағаз» рәсімделеді.

Егер өсімдегі және бордақылаудағы малдар амалсыз сойылуына немесе олардың өлуден жойылуына байланысты «Малдарды және құстарды шығару актісін» малдарды есептен шығаруға құрылған арнайы комиссия толтырып, оны кәсіпорын басшысы бекітеді. Актіні ұйым басшысы бекіткеннен кейін есеп бөліміне тапсырылады және ол малдардың қозғалысы есебін жүргізу үшін ақпарат көзі болып табылады.

Өсімдегі және бордақылаудағы малдардың союдан немесе олардың амалсыз сойылуына байланысты алынған ет, қосымша өнім, тері шаруашылықтың орталық қоймасына «Жүкқағазы» арқылы кірістеледі.

Ұйымның бөлімшелеріндегі малдар мен құстардың қозғалысы бойынша есепті бөлімше меңгерушісі немесе бригадир «Малдар қозғалысы есебінің ведомостісі» арқылы жүргізеді. Бұл ведомості өсімдегі жас төлдер мен бордақылаудағы малдардың топтық түрлері бойынша жасалады және есепті мерзімнің соңында осы ведомостідегі малдар қозғалысы жөніндегі мәліметтер есепті кезең үшін «Өсімдегі және бордақылаудағы малдар қозғалысы есебін» жасауға негізгі жинақтаушы ақпарат көзі болып саналады. Бұл есепте өсірудегі және бордақылаудағы малдардың жастық тобына және түріне байланысты есепті мерзім басындағы саны, есепті мерзімде түскені мен шыққаны және есепті мерзім соңындағы қалған малдардың саны көрсетіледі.

Егер ұйымның бірнеше мал өсіретін бөлімшелері болған жағдайда бөлімшелердегі мал қозғалысының есебін бөлімше меңгерушісі ай сайын жасап отырса, ал жалпы кәсіпорын бойынша малдар қозғалысы жөніндегі есепті бөлімшелерден алынған ай сайынғы «Малдар қозғалысы есебінің ведомостісі» негізінде тоқсанға бір рет жасауға болады.





Дата публикования: 2014-10-30; Прочитано: 1112 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...