Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

ПӘнді оҚыту маҚсаттары мен міндеттері



2.1 Кіріспе (пән туралы қысқаша мағлұмат)

Пәннің оқу әдістемелік кешенінінде экология ғылымы организмдердің өзара және қоршаған ортамен байланысын, дамуын және қарым-қатынас заңдылықтарын зерттеу, қоршаған ортаны қорғау процестеріндегі қарым-қатынастың тиімді табиғат пайдалану принциптері және стратегиясын қарастырады. Сонымен бірге табиғи ресурстар - атмосфералық ауа, су, топырақ, күн және ғарыш радиациясы, пайдалы қазба байлықтары, климат, өсімдіктер, жануарлар дүниесі, сарқылатын табиғи ресурстар, сарқылмайтын табиғи ресурстар, биологиялық ресурстар: өсімдіктер ресурсы және жануарлар ресурсы, ерекше қорғалатын аймақтар жүйесі: қорықтар, мемлекеттік бақтар, ұлттық ескерткіштер т.б. сипатталады.

Адамзат қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. Мұндай дамуды - тұрақты даму деп атайды. Бірақ бұл үшін адамдардың сана-сезімі, олардың мақсаты мен адамгершілік бағыттылығы өзгеруі тиіс.

«Тұрақты даму» дегенде қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуге қауіп туғызбайтын даму деп түсіну керек. Табиғаттың және қоғамның тұрақты дамуының негізгі заңдылықтары туралы біртұтас түсінік қалыптастыру экологиялық мәселенің негізгі мақсаты - болып табылады.

2.2 Пәнді оқытудың мақсаты

Экология және тұрақты даму пәнінің теориялық негізімен таныстыру, білім кешенін қалыптастыру, практикамен ұштастыра білуге дағдыландыру.

2.3 Курстың міндеттері

· студенттерде табиғаттың және қоғамның тұрақты дамуының негізгі заңдылықтары туралы біртұтас түсінік қалыптастыру.

· студенттердің экологияның, коршаған ортаны қорғаудың және тұрақты дамудың күрделі және шиеленіскен мәселелерін талқылауда ауқымды кешенді, объективті және шығармашылық көзқарасын қалыптастыру.

· әртүрлі мемлекеттердегі және Қазақстан Республикасындағы тұрақты

дамудың тұжырымдамалары, стратегиясы және практикалық міндеттері туралы заманауй түсініктерді қалыртастыру.

2.4 Пәнді оқу нәтижесінде студент білуі тиіс

· Қоршаған орта мен тірі организмдер арасындағы байланысын

· Атмосфера, Гидросфера, Литосфера ластануы және қорғау шараларын

· Өндіріс қалдықтарының қоршаған ораға әсерін

2.5 Теориялық материалды меңгеру нәтижесінде студент қолдана білу керек

· практикалық жұмыстарды жасай білу

· анықтама әдебиеттерді қолдана білу

2.6 Пәнді оқу нәтижесінде студент игеруі керек

· табиғи және антропогендік экологиялық процесстерді анықтап, талдауы және олардың реттелуінің ықтималды жолдарын болжауы;

· биосфераның тұрақтылығын сақтау және адамзат қоғамының апатты күйзелістерсіз дамуын қамтамасыз ету мақсатында, шаруашылық жүргізудің дәстүрлі формалары мен адамдардың тіршілік салттарын жоспарлы түрде өзгертуге бағытталған, адамзаттың тұрақты дамуының осы заманғы тұжырымдамалары мен стратегияларын ажырата білуі

2.7 Пәнді оқу нәтижесінде студент сай болуы керек:

· экологиялық процестерді талдап, табиғат қорғау қызметінде тнақтылы міндеттер қойып басым бағыттарды белгілеуге және алған білімдерін экологиялық мәселелерді шешу үшін пайдалануға машықтануы тиіс;

· биосфераның дамузаңдылықтары, оның тұрақтылығының сақталу шарттары, сондай – ақ, әртүрлі мемлекеттерде, соның ішінде Қазақстан Республикасында Тұрақты даму идеясының іске асырылуыжөнінде білімдер жинақтауы тиіс.

3. оқу пәнінің мазмұны және жоспары





Дата публикования: 2014-10-18; Прочитано: 1311 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...