Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Билирубинді анықтау



Пробиркалар реті алынады: 1,2,3,4,5,6,7,8,9. Барлық прбиркаларға 0,5 мл дистирленген су құйылады, бірінші және екінші пробиркаларға 0,5 мл сарысу құйылады, 2 ші пробирка араластырылып, сосын 0,5 мл мөлшері 3 ші пробиркаға құйылады, 3ші пробиркадан 0,5 мл 4 ші прбиркаға құйылады ары қарай т.с.с, ең соңғысынан 0,5 мл төгіледі. Пробиркалар ішіндегі сұйықтық штативті қозғалту арқылы араластырылады.Әрбір прбиркаға 0,5 мл реактив құйылады. Тура реакция болғанда нәтижесі 3 минуттан кейін оқылады. Неғұрлым сарысу құрамында билирубин мөлшері көп болса, соғұрлым түсі қызғылт болады. 1 мл сарысуда 0,016 мг билирубин болса минимальды қызғылт түстің пайда болатындығы анықталған. Мына мөлшерде 1/16 (5 пробирка) араластырған кезде боялу байқалды десек, 1/16 (5 пробирка), 100 мл сарысудағы мг билирубин мөлшерін анықтау үшін 16 х 0,016 мөлшері қажет және алынған нәтижені 100 мл ға көбейту керек.Егер 1 ші прбиркада бірден боялу байқалса, онда реакция тура, егер біраз уақыт өткен соң байқалса реакция тура ақырындаған.Егер 1 ші пробиркада боялу байқалмса, онда реакция тура емес.Сау дамда Ван-Дер-Берг реакциясы тура емес.Билирубин мөлшері Бакальчук бойынша 1,6-6,25 мг %

ПРОБИРКАЛАР БИЛИРУБИН МӨЛШЕРІ

1 1/2 3,2 мг %

2 1/2 3,2 мг %

3 1/4 6,4 мг %

4 1/8 12,8 мг %

Нәтижесі:

Қорытынды:

6. Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Нұрмұхамбетұлы Ә. Патофизиология – Алматы, 2007.

2. Нұрмұхамбетұлы Ә. Патофизиология: оқулық – Алматы, 2000.

3. Дәрістер

Қосымша:

  1. Патологическая физиология п/р Адо А.Д.– М.: Триада-Х, 2000
  2. Зайчик А.Ш., Чурилов Л.П. Патофизиология. Том 1 – Общая патофизиология. Том 2 – Основы патохимии – Санкт-Петербург, 2005
  3. Мороз Б.Б. Актуальные проблемы патофизиологии (избранные лекции) Москва: Медицина, 2002
  4. Патологическая физиология. Том 1, 2 //Под ред. Воложина А.И., Порядина Г.В. – М.: «МЕДпресс», 2005

7. Бақылау: сұрақтар, тест тапсырмалары.

1. Гепатоциттердiң бiрiншiлiк зақымдануына әкелетiн этиологиялық факторды атаңыз:

1. бактериялар (стрептокок,стафилокок,сепсис)

2. жалпы амилоидоз

3. өт бөлiнудiң бұзылуы

4. қақпалы венадағы қан айналысының бұзылуы

5. жалпы қанайналым бұзылысы

2. Ауыр металдардың түзiлу механизмiң көрсетiңiз,бауырда (мыс,сынап,мышяк) залалсыздандыру керек:

1. өтпен экскреция

2. жұп қосылыстардың түзiлуi

3. ацетилдеу, метилдеу, тотығу, қалпына келуi

4. РЭС клеткаларымен фиксация және фагоцитоз

5. токсигендiлiгi аз қосылыстардың нуклеопротеидпен байланысуы

3. Бауырда тканьдердiң ыдырауынан пайда болатын микробтарды, эндотоксиндердi залалсыздандыру механизмiн көрсет:

1. токсигендiлiгi аз қосылыстардың нуклепротеидпен байланысуы

2. ацетилдеу, метилдеу, тотығу, тотықсыздану

3. жұп қосылыстардың түзiлуi

4. өтпен экскреция,РЭС жасушалармен фиксация және фагоцитоз

5. фагоцитоз

4. Бауырдың бiрiншiлiк билиарлы циррозы кезiндегi сарғаюдың түрiн анықтаңыз:

1. бауыр үстi

2. энзимопатиялық

3. холестатикалық

4. бауырклеткалық

5. бауыр асты

5. Бауырдың тотальды жетiспеушiлiгiндегi, бауырдың эндогендi комасының даму механизмiн көрсет:

1. портокавалды анастомоздың түзiлуi

2. бауыр жасушаларының массивтi некрозы

3. iшектен қанға токсикалық өнiмдердiң түсуiнен

4. бауырдың циррозы

5. бауыр клеткаларының дистрофиясы

6. Бауыр комасының патогенезiндегi клиникалық көрiнiстердi көрсетiңiз:

1. ОНЖ функциясының бұзылуы, су-электролит алмасуының жылжуы, метаболикалық ацидоз

2. жүрек-тамыр жүйенiң бұзылуы

3. қызба

4. қан-тамыр жүйесінің бұзылыстары,су-электролит балансының жылжулары

5. ОНЖ қызметінің бұзылуы, метаболикалық алкалоз

7. Өт тастарының пайда болу үшiн оттегi холестериннiң түсуiне әсер ететiн факторды ата:

1. холато-холестерин коэффицентiнiң жоғарылауы

2. өтте өт қышқылының жоғарылауы

3. өтте холестериннiң көбеюi, холато-холестерин коэффицентiнiң төмендеуi

4. өтте уробилиногеннiң көбеюi

5. өт тоқырауы, гипохолестеринемия

8. Гепатоциттердiң бiрiншiлiк зақымдануына әкелетiн этиологиялық факторды атаңыз:

1. жалпы қанайналысының бұзылуы

2. өттiң бөлiнуiнiң бұзылуы

3. жалпы амилоидоз

4. өндiрiстiк улар (фосфор,сынап,қорғасын)

5. вегетативті иннервация бұзылыстары

9. Бауырдың функционалдық жағдайына бөтен белокты парентералдi енгiзген кездегi болатын көрiнiстердi атаңыз:

1. бауыр циррозы

2. бауырдың диффузы

3. аллергиялық гепатит

4. вирусты гепатит

5. бауыр рагы

10. Экспериментте бауырды толығымен алып тастаған кезде болатын көрiнiстер:

1. қандағы және зәрдегi мочевинаның жоғарылауы

2. қандағы және зәрдегi мочевинаның төмендеуi, қан сарысуында альбумин, фибриноген, протромбиннiң төмендеуi

3. қанда аминдi азоттың және зәр қышқылының төмендеуi

4. қан сарысуында аминқышөылдардың, билирубиннiң (тура емес) төмендеуi

5. қандағы глюкоза жоғарылауы, белок алмасу өнімдерінің қанда жиналуы





Дата публикования: 2015-02-17; Прочитано: 1197 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...