Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Электр қауіпсіздігі



Электр қауіпсіздігі — адамдарды электр тогының, электр доғасының, электрлі магнит өрісінің және статикалық электрдің зиянды және қауіпті әсерінен қорғанысын қамтамасыз ететін ұйымдастыру-техникалық шаралардың және құралдардың жүйесі.

Жергілікті электр жарақаттары электр тогының дене ұлпалары мен мүшелерін зақымауы: күюлер, электр таңбалары, терінің электр металдануы және электроофтальмия (көздің қарығуы) болып табылады.

Токтың келесі шектік мәндерін бөліп атауға болады:

− токты сезу шегі –ең аз сезілетін ток (0,5 -1,5мА);

− босатпайтын ток шегі –адам өз бетімен бұлшық еттері электродтармен қамтылған әрекеттен босана алмайтын ең аз ток мөлшері (6-10мА). Бұдан аз токтар босататын болып есептеледі;

- қаза ететін (100 мА және одан астам) ток.

4.3.1 Адам денесінің кедергісі. Адам денесі ток өткізгіш болып табылды. Tipi aғзаның әдеттегі өткізгіштерден өткізгіштік озгешелігі тек физикалық қасиеттерінде ғана емес, аса күрделі биохимиялық қасиеттерінде болады.

Адам денесі кедергісінің нәтижесінде көптеген факторларға, соның ішінде тepiciнің жағдайына, электр тізбегенін параметрлеріне және коршаған орта жағдайына сызықтық емес тәуелділігі бар ауыспалы шама болып табылады

Дененің әр түрлі ұлпаларының кедергісі біркелкі емес: терінің, сүйектердін, май ұлпасының, сіңірлердің салыстырмалы үлкен кедерісі бар, ал бұлшық ет ұлпасы, қан, лимфа және әcipece омыртқа жұлыны мен бас мыйының - кедергісі аз. Тұтастай адамның кедергісін анықтайтын басты фактор меншікті үлкен кедергісі бар тepi болып табылады.

Адам денесі арқылы ток тізбегіндегі негізгі кедергі қалыңдығы 0.005-0,2 мм құрайтын тepiнің мүйізді сыртқы қабаты болып табылады. Tepi қабаты алынған ішкі ұлпаньң кедергісі 800-1000 Ом-нан аспайды [26].

Құрғақ зақымдалмаған терінің кедергісі 10000 және тіптi 100000 Ом-ға дейін жетеді.

Адам денесінің кедергісі кең ауқымда терінің жағдайына (кұрғақ, ылғалды, таза, зақымдалған және т.б.), жанасу тығыздығына, жанасу ауданына, кернеу мен токтың, көлеміне, сондай-ақ токтың адамға әсер ету уақытына байланысты болады. 4.1-кестеде ток пен берілген кернеуге адам денесінің кедергі келтірілген.

4.1-кесте. Берілген кернеуге адам денесінің кедергісінің тәуелділігі

Адам денесінен өткен ток, мА 1,0 6,0        
Берілген кернеу, В 6,0          
Адам денесінің кедергісі, кОм 6,0 3,0 1,15 1,065 1,00 0,70

Әдетте адам денесі кедергісінің зандастырылған шамасы 1000 Ом деп қабылданған. Ұсынылған 4.1-кестеде берілгендер 1000 Ом-ға жуық адам денесін, кедергісі босатпайтын токтарда кездесетінін көрсетеді, өлтіретін токта дене кедергісі 700 Ом-ға дейін төмендейді. Ал босататын токта адам денесінің кедергісі әдетте 2000-2500 Ом-нан төмен болмайды.

Қорғаныс кұрылғыларының қажетті параметрлерін және үнемді қорғаныс шараларын белгілеу үшін (жерлендіру кедергісі, қорғаныс ажыратқышын орнату және т.б.) қауіпсіздікті қамтамасыз ететін ток пен кернеудің адам денесінен өткендегі шектік мәндерін анықтау қажет.

Адам денесінен өтетін токты арттыру терінің жергілікті қызуын күшейтеді және ұлпаны тітіркендіреді. Бұл өз кезегінде орталық жүйке жүйесі арқылы ағзаның жауап реакциясын тудырады: тамырлар кенейеді, қан айналымы артады және адам қатты терлейді, ал ылғалданған тері токты жақсы өткізеді, бұл терінің осы жердегі кедергісін төмендетеді.

Адам денесіне берілген кернеу Uh артуы адам денесінің, кедергісін Zв, ондаған есе төмендетеді, сөйтіп адамның ұлпаларының, кедергі ең төмен шекке (жобамен 300 Ом) жетеді. Көптеген тәжірибелер осы тәуелділіктің сипатын анықтайды, 6ipaқ әр зерттеушінің, өлшемдері әр түрлі болып келеді. Бұл жүргізілген тәжірибенің түрліше жағдайларына байланысты болады.

Берілген кернеуге байланысты адам денесінің кедергісінің томендеуі тepi кедергісінің азаюымен және ток өсумімен түсіндіріледі.

Адам тepici арқылы өтетін токтың өcyi ен алдымен адам, денесіне берілген кернеудің артуына байланысты.

Егер теріде пайда болған электр өpiciнің кернеуінің тесу қабілеттілігі Епр тәжірибелер керсеткендей 500-2000 В/мм тең болса, онда тері қабаты тесіледі.

Байланыс кәсіпорындарында өндіріс процестердің жүзеге асыру үшін электрлік энергия кең қолданылады. Сондықтан электроэнергияны қолданғанда электротравматизмнен сақталу үшін келесі шарттар орындалу керек:

- электрқондырғының токөткізгіш бөліктеріне жақындау немесе жанасу мүмкіндігін шектеу(жоғарыкернеулі қондырғыларда);

- әр түрлі себептермен кернеу астында болуы мүмкін электр кұрылғының токөтізбейтін бөліктерінің қорғанысын жүзеге асыру.

Адамды электртоғына зақымдануынан сақтау үшін негізгі 3 түрі бар:

- қорғаныс жерлендіру;

- қорғаныс нөлдеу;

- қорғаныс ажырау [26].

Изоляцияның бүлінуінің әсерінен кернеу астында қалған металды құрылымдарды немесе электр құрылғылардың корпусын ұстау нәтижесінде алынатын электрлік жарақаттарды болдырмау және аппаратураларды қорғау үшін қорғанысты жерлендіру орналастырылады. Ол электр қондырғылардың метал бөліктерін жермен әдейі жалғау арқылы жасалынады.

Жерлендіру құрылғыларын (ЖҚ) жобалау кезінде адамның электр тоғымен жарақат алу ықтималдылығы ескеріледі. Алайда, бірде-бір салада және жалпы өмірде адамдардың толық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкін еместігі белгілі.

Сондықтан, ЖҚ-ның аймағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін адам электр тоғымен жарақат алу қаупі жағдайының болу ықтималдылығын азайту деп түсіну керек.

Тиімді жерлендірген желілерде электр қауіпсіздігі қамтамасыз етілген деп жерлендіргіштегі φж потенциалы 10 кВ-тан аспайтын, ал жерлендіргіштің нәтижелі кедергісі жылдың кез-келген мерзімінде 0,5 Ом-нан аспайтын болып саналады.





Дата публикования: 2015-02-20; Прочитано: 15701 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...