Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Еңбек жағдайын талдау



Тіршілік қауіпсіздігі

Жобаланған қондырғы орындарында бөлмеде электр тогына түсіп қалмау қауіпі негізінде сипаттама беру

Қарастырылып отырған дипломдық жобаның негізгі мақсаты - Алматы қаласында орналасқан контакт-орталыққа келіп түсетін трафикті моделдеу жұмысы жүргізіледі. Келіп түсетін трафикті моделдеу өңдеудегі тиімділікті - бөгеуілдің мәні, дестелердің жоғалуы және арналардың қолданылуы сынды көрсеткіштерін жақсарта отырып – арттыруын қамтамасыздандыруы керек.

Жалпы, ақпаратты тарату үшін жаңа технологияларды және қазіргі заманғы әлемдік стандарттарға жауап беретін құрылғыға көшу ең маңызды шешім болып табылады. Алайда, мұндай жағдайда қауіпсіздік шараларын қарастырған жөн. Бұл бөлімде жобаланған қондырғы орындарында бөлмеде электр тогына түсіп қалмау қауіпі негізінде сипаттама беремін. Ол үшін жерлендіру қондырғылар аймағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету тапсырмасы ретінде адам электр тогына түсу қауіпін азайту жағдайы қарастырылады. Адамның токқа түсу қауіпінен қорғауды қамтамасыз ету қажет немесе мүмкіндігінше азайту және электр құрылғылардың сымдарының қорғанышы әртүрлі факторлардың салдарынан зақымданған кезде электр тоғына түсу қаупі пайда болуы мүмкін. Осындай жағдайда бөлмеде орналасқан жабдықтарға жерлеу және нөлдеуді қолданамыз.

Еңбек жағдайын талдау

Тіршілік қауіпсіздігі бөлімінде Алматы қаласында орналасқан серіктестіктің контакт-орталығының операторлық бөлмесі алынады. Операторлық бөлменің өлшемі: ұзындығы L = 10 м, ені В = 5 м, биіктігі Н = 3 м. Ішкі қабырғалары ақ түспен сырланған, еденіне жұмсақ линолеум төселінген. Әрбір жұмыс столына өсімдік қойылған. Қабырғада оқу материалдары мен компьютермен жұмыстағы маңызды техникалық нұсқаулықтар ілінген. Жұмыс орнында сервер, кабелді тармақтау тағаны, үзіліссіз қоректендіру көзі, 10 сұйық кристалды мониторлар, принтер және 10 жүйелі блок орналасқан. Бұл жер 10 адамның жұмыс жасауына арналған, әрбір оператор үшін жеке компьютер столы мен орындығы бар. Құрал-жабдықтар айнымалы 220В кернеуінде жұмыс істейді. Операторлардың жұмыс істеу режимі – сегіз сағат [25].

Жұмыс орнында ең алғаш отырар кезде кез келген қызметкер алдымен техникалық қауіпсіздік нұсқаулығымен танысып үйренеді.

Еңбек ету жағдайы дегеніміз ортадағы фактілер жиынтығы мен адамның еңбек ету кезіндегі жұмыс істеу қабілетіне және денсаулығына әсер етуін айтамыз.

Жұмыс істеу жағдайын жақсарту мақсатында техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарына сәйкес бөлмеде кондиционер, жарық көзі, өрт қауіпсіздігі құралдары қойылған. Жұмыс бөлмесінің бір қабырғасында екі терезе ретіндегі әр қайсысы 2,2 м табиғи жарықтандыруы бар. Бөлмеде ЛД40-4 типті төрт шам орналасқан әр қайсысының жарық ағыны 3000 лм, ал қуаттары 40Вт-қа тең. Қаралып жатқан бөлмеде жұмыс істеуге қажетті жарықтандыру қалып бойынша Ен=300лк, осылайша бөлмедегі қажетті жарықтандыруды қамтамасыз етеміз.

Бұл бөлімде жобаланған қондырғы орындарында бөлмеде электр тогына түсіп қалмау қауіпі негізінде сипаттама беремін. Ол үшін жерлендіру қондырғылар аймағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету тапсырмасы ретінде адам электр тогына түсу қауіпін азайту жағдайы қарастырылады. Кеңседе жұмыс істеген кезде адамның токқа түсу қауіпінен қорғауды қамтамасыз ету қажет немесе мүмкіндігінше азайту және электр құрылғылардың сымдарының қорғанышы әртүрлі факторлардың салдарынан зақымданған кезде электр тоғына түсу қаупі пайда болуы мүмкін. Осындай жағдайда нөлдеуді қолданамыз.

1 – салқындатқыш (сыртқы блок); 2 – салқындатқыш (ішкі блок); 3 – қабырға; 4 – терезе; 5 – жұмыс орны; 6 – өрт сөндіргіш; 7 – есік; 8 – өртті ескертетін құрылғы

4.1-сурет. Оператор бөлмесінің үлгісі





Дата публикования: 2015-02-20; Прочитано: 2182 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...