Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

технологиялық карта



Білім беру саласы: таным, шығармашылық.

Бөлімі: ҚМТҚ.

Тақырыбы: «Үлкен – кіші. Биік – аласа. Ұзын – қысқа.».

Мақсаты: таңертең(таң) – тәулік бөлігімен таныстыру.

Міндеттері: таңертең тәулік бөлігімен таныстыу; осы сөздерді сөйлеу барысында қолдану; таныс заттарды көлеміне қарай(үлкен-кіші) және санына қарай (бір-көп) салыстыруды үйрету; қоршаған ортадан бір және көп затты таба білуді дамыту. Шыдамдылыққа, қызығушылыққа тәрбиелеу.

Қажетті көрнектіліктер мен құрал-жабдықтар: әр балаға бір оыншық аюдан, таспалар (қысқа, ұзын) салынған жәшік. 4 үлкен және 5 кішкентай қызыл текшелер, жұмыс дәптері, жай қарындаш, екі жолақ сызылған таспа және қатырғыққағаздан жасалған 4 үлкен және 5 кішкентай киіз үй.

Сөздік жұмыс: үлкен, кіші.

Билингвальді компонент: үлкен – большой, кішкентай – маленький.

Оқу іс әре-кетінің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотвациялық-қозғаушылық Ғажайып сәт. «Бір қорап таспасы бар аю» Есіктен тықыр естіледі, есікті ашып, қолында қорабы бар аю ойыншықты көреді. Оны топқа әкеліп, балаларға көрсетеді. -Балалар, аюмен амандасып, бізге не әкелгенін көрейік. Ол бізге сыйлық әкеліпті. Қорапты ашып көрейік. Ішінде таспасы бар қорапты үстелге қояды. Аю қораптан екі таспадан алып, қайсысы ұзын, қайсысы қысқа салыстыруды сұрайды. «Қайсысы көп?» ойыны. Педагогтің үстелінде 4 үлкен көк текше мен 5 кішкентай қызыл текше жатыр. Олар бір-бірімен араласып кеткен. Педагог қолына бір үлкен, бір кішкентай текшені алып, балаларға сұрақ қояды: -Бұл не? -Олардың түсі қандай? -Текшенің қайсысы үлкен? -Қайсысы кішкентай? (Сұраған сайын педагог текшелерді бір-біріне қояды). -Үлкен және кішкентай текшелердің тең немесе тең еместігін қалай білуге болады? Қызығушылық танытады.   Қораптан таспаларды алады. Әрқайсысы өз таспасының ұзындығын айтады.   -Текше. -Көк және қызыл. -Көк текше үлкен. -Қызыл текше.     -Бір-бірінің үстіне қойып тексереміз.
Ұйымдастырушылық-ізденістік -Дұрыс, кішкентай текшені үлкеніне қойып тексереміз. Педагог бір баланы тақтаға шақырады. Одан үлкен текшелерді бір қатарға қойып шығуды тапсырады. Содан соң екінші баланы шақырып, кішкентай текшелерді үлкен текшелердің үстіне қойып шығуды өтінеді.   -Текшелерді қай қолмен алу керек? -Оларды қай жақтан бастап қою керек? Балалардың жауабын тыңдап болғаннан кейін педагог: -Дұрыс, текшелерді оң қолмен алып, солдан оңға қарай рет-ретімен қою керек. -Үлкен текшелер жетті ме? -Кішкентай текше көп пе, әлде үлкен текше көп пе? -Қайсысы аз? Содан соң педагог кішкентай текшені алып тастайды да, алалардан сұрайды: -Енді текшелер теңесті ме? -Текшелер теңдей дедіңдер. Неге олай ойлайсыңдар? Содан кейін балалардан көздерін жұмуды сұрап, кішкентай текшенің тағы біреуін алып тастайды. «Жануарларды жапсыр» ойыны. Жұмыс дәптеріндегі 18 оқу іс-әрекеті, 1-тапсырма, жапсырмамен жұмыс: үлкен және кішкентай аю. Педагог балаларға жұмбақ жасырады: «Қысы-жазы бір түсті». (Шырша) -Ол не? Педагог балалардың назарын шыршаладың суретіне аударады. -Сендердің дәптерлеріңде қандай шыршалардың сукреті салынған? Содан соң педагог балаларға жапсырмаларды ұсынады. Биік шыршаның астына – үлкен аюды, аласа шыршаның астына – кішкентай аюды жапсыру тапсырылады. -Үлкен аю қай шыршаның астында тұр? -Кішкентай аю қай шыршаның астында тұр? Сөздік жұмыс: үлкен, аласа. Билингвальді компонент: үлкен – большой, кішкентай – маленький.   Сергіту сәті. «Аю». Тәтті көрсе бас салар, Айнымайды баладан. Үп-үлкен боп жасқанар, Кіп-кішкентай арадан.     Бірінші шыққан бала үлкен текшелерді бір қатарға қатарластырып қойып шығады. Екінші бала кішкентай текшелерді үлкен текшелердің үстіне қояды.   -Оң қолмен. -Солдан оңға қарай.     -Жоқ. -Кішкентай текшелер көп.   -Үлкен аз.     -Енді теңесті. -Өйткені артық текше жоқ.   Көздерін ашқаннан кейін қайсысының көп, қайсысының аз екенін айтады.   -Шырша.     -Биік және аласа.   Балалар тапсырманы орындайды.   Биік шыршаның. -Аласа шыршаның.   Қайталайды: үлкен, аласа. Қайталайды: үлкен – большой, кішкентай – маленький. Балалар қимыл-қозғалыстар жасайды.
Ұйымдастырушылық-ізденістік «Бір-біріне қос» ойыны. (18 оқу іс-әрекеті, 2-тапсырма) Педагог үлкен және кішкентай бал салынған бөшкелердің суретін көрсетеді. Үлкен бөшкені үлкен бөшкемен, кішкентай бөшкені кішкентай бөшкемен қосуларын ұсынады. «Үлкен және кішкентай киіз үйлер» ойыны. Педагог балаларға үстелдегі үлестірмелі материалдар мен жолақтар салынған тәрелкені көрсетеді. Үлкен киіз үйлерді жоғарғы жолаққа, ал төменгісіне сонымен бірдей етіп кішкентай киіз үйлерді орналасырыңдар. Солдан оңға қарай орналастыру керек. -Үлкен киіз үйлер мен кішкентай киіз үйлер саны тең бе? -Үлкен киіз үйлер қайда тұр? - Кішкентай киіз үйлер қайда тұр? -Енді тексеріп көрейік. Үлкен киіз үйдің үстіне кішкентайларын қойып салыстырыңдар?   -Қайсысы көп, қайсысы аз екен.   Жеке жұмыс жүргізеді.     Үлкен бөшкені үлкен бөшкемен, кішкентай бөшкені кішкентай бөшкемен сызық арқылы қосады.     Балалар жоғарғы жолаққа үш үлкен киіз үй, төменгі жолаққа, әр үлкен киіз үйдің астына кішкентай киіз үй салып шығады.   Жауап береді. -Кішкентай киіз үй мен үлкен киіз үй тең. -Жоғарғы жолақта. -Төменгі жолақта. Балалар кішкентай киіз үйлерді үлкен киіз үйдің үстіне қойып салыстырады.   -Олардың саны бірдей.
Рефлексия-лық-түзе-тушілік Аю оқу іс-әрекеті өте ұнағанын, олардың барлығы белсенді болғанын, оның достарына шыршаның түбінен орын тауып бергендеріне және тапсырманы дұрыс орындағандары үшін рақметін айтып, қоштасады. Балалар аюдың тапсырмасын дұрыс орындағандарына қуанады.

Күтілетін нәтижелер:
жасайды: әртүрлі топтардағы заттарды санына, көлеміне(үлкен-кішкентай), ұзындығына(ұзын-қысқа), биіктігіне(биік-аласа) қарай салыстыруды;

түсінеді: заттарды санына, ұзындығына, биіктігі мен көлеміне қарай салыстыруды;

қолданады: әртүрлі топтардағы заттарды теңестіру тәсілдері туралы түсінікті.





Дата публикования: 2015-02-17; Прочитано: 2573 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...