Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Технологиялық карта



Білім беру саласы: таным, шығармашылық.

Бөлімі: ҚМТҚ.

Тақырыбы: «Ұзын-қысқа. Заттарды бір-бірінің үстіне қойып және жанына қойып салыстыру. Фигуралар туралы өткенді пысықтау».

Мақсаты: таңертең(таң) – тәулік бөлігімен таныстыру.

Міндеттері: таңертең тәулік бөлігімен таныстыу; осы сөздерді сөйлеу барысында қолдану; таныс заттарды көлеміне қарай(үлкен-кіші) және санына қарай (бір-көп) салыстыруды үйрету; қоршаған ортадан бір және көп затты таба білуді дамыту. Шыдамдылыққа, қызығушылыққа тәрбиелеу.

Қажетті көрнектіліктер мен құрал-жабдықтар: Дымбілмес деген қуыршақ, ішіне екі 20 см ақ жолақтар салынған қорапша. Әр балаға жұмыс дәптері, жай қарындаш, екі 10 см-лік қызыл және 15 см-лік көк жолақтар, әр балаға 4 данадан ойыншық аттар.

Сөздік жұмыс: ұзын, қысқа.

Билингвальді компонент: ұзын- длинный, қысқа- короткий.

Оқу іс әре-кетінің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотвациялық-қозғаушылық Ғажайып сәт. «Дымбілмес» Есіктен Дымбілмес кіріп, балалармен амандасады. Дымбілмес өзімен бірге қорапқа салынған жолақшаларды ала келеді (20 см-лік жасыл және 15 см-лік ақ). Ол педагогтен заттардың ұзындығын салыстыруды үйретуін сұрайды. Педагог Дымбілмеске оқу іс-әрекетіне қатысуын ұсынады. Балалар мен Дымбілмеске екі жолақты көрсетеді: біреуі ұзын жасыл, ал екіншісі қысқа ақ. - Балалар, бүгін Дымбілмеспен біге заттарды ұзындығына қарай салыстыруды үйренеміз. Қызығушылық танытады. Дымбілмеспен амандасады.   Балалар педагогті мұқият тыңдап, оның қимылын жіті бақылап отырады.
Ұйымдастыушылық-ізденістік «Ұзын-қысқа» ойыны. - Мен жасыл жолақтың үстіне ақ жолақты қоямын. - Қайсысы ұзын екен? Ендеше, жасыл жолақ ақ жолаққа қарағанда ұзын деуге әбден болады. Енді оларды қатарластырып қоямыз. Қазір де жасыл жолақтың аққа қарағанда ұзын екені көрініп тұр. «Атты дұрыстап қой» ойыны. Үлестімелі материалдар: қызыл, көк жолақшалар және ойыншық аттар. Педагог үлестірмелі материалдар салынған тәрелкеден қызыл және көк түсті екі жолақшаны алуды сұрайды. Қызыл жолақша – қысқа, ал көк жолақша – ұзын.   - Жолақшалардың қайсысы ұзын, қайсысы қысқа екенін анықтаңдар?   - Түсі қандай жолақша ұзын? - Түсі қандай жолақша қысқа? - Үстіңгі жаққа қысқа жолақшаны, астына ұзын жолақшаны қой. Содан соң педагог қысқа жолаққа бір атты, ал ұзын жолаққа көп атты қоюды тапсырады.   - Бір ат тұрған жолақ ұзын ба, әлде қысқа ма? - Көп ат тұрған жолақ ұзын ба, әлде қысқа ма? - Бір ат қандай түсті жолақта тұр? - Көп ат қандай түсті жолақта тұр? Сөздік жұмыс: ұзын, қысқа.   Билингвальді компонент: ұзын- длинный, қысқа- короткий.   Балалар жолақтарды қалай салыстырғанын бақылайды.   Қызыл және көк жолақшалардан алады. Қызыл және көк жолақшаларды қатарластырып қойып салыстырады.   - Көк жолақ ұзын, қызыл жолақ қысқа.   - Көк. - Қызыл. Тапсырманы орындайды. Қысқа жолаққа бір атты, ұзын жолаққа көп атты қояды. - Қысқа. -Ұзын. - Қызыл. - Көк. Қайталайды: ұзын, қысқа. Қайталайды: ұзын- длинный, қысқа- короткий.
  Сергіту сәті. «Отбасым». Саусақтарымызды жаттықтырамыз. Бір үйде біз нешеуміз? Кел, санайык екеуміз: Атам, әжем, әкем, шешем және мен. Алақай! Біз бесеуміз! «Ұзын-қысқа» ойыны. Жұмыс дәптеріндегі 12 оқу іс-әрекеті, 1-тапсырма. Педагог пойыз туралы жұмбак жасырады. «Тізбектелген көк үйлер, Көшіп жүрген көп үйлер» (Пойыз.) -Жұмбақ не туралы? Педагог балалардан аю қандай пойызды жүргізіп келе жатқанын, ал қоян қандай пойыз жүргізіп келе жатқанын сұрайды. Балалардың назарын пойыздардың әртүрлі екеніне аударып, сұрақ қояды: - Аю мен қоянның пойыздарының ұзындығы бірдей ме, әлде әртүрлі ме? - Олардың айырмашылығы қандай?     - Кімнің пойызы ұзын екен? - Кімнің пойызы қысқа? - Паравоз қандай дыбыс шығарады екен, балалар? «Тап және боя» ойыны. (12-оқу іс-әрекеті, 2-тапсырма). - Дымбілмес геометриялық фигуралар: шеңбер мен үшбұрыштың қандай екенін ұмытып қалыпты. Оған геометриялық фигураладың ішінен үшбұрышты тауыпкөк қарындашпен, ал шеңберді тауып қызыл қарындашпен бояуға көмектесейік. Жеке жұмыс жүргізеді. Дымбілмес қайтадан балалардың назарын аю мен қоян жүргізіп келе жатқан пойыздың ұзындағына аударады.   Балалар саусақтарын кезек-кезек бүгіп жаттығу жасайды.   Жұмбақты мұқият тыңдайды және шешуін табады.   Пойыз туралы. Балалар екі пойызға қарап салыстырып, сұрақтарға жауап береді.   -Әртүрлі.   - Аюдың пойызы қояндікіне қарағанда ұзын. - Аюдың. - Қоянның. - Ду-ду.     Балалар шеңбер мен үшбұышты тауып, бояйды.    
Рефлексция-лық-түзе-тушілік - Аю қандай пойызбен келе жатыр? - Ал, қоян қандай пойызбен келе жатыр? Дымбілмес ұзын жолақты қысқа жолақтан ажырата білуді және геометиялық фигуралар: шеңбер мен үшбұрышты ажырата білуге үйреткендеріне балаларға рақметін атып, қоштасады. - Ұзын. - Қысқа.

Күтілетін нәтижелер:
жасайды: заттардың көлемін (ұзын - қысқа);

түсінеді: көлемі бойынша қарама-қайшы заттарды қалай салыстыруға болатынын;

қолданады: геометриялық фигураларды белгілі бір түске қалай бояуға болатынын, заттарды бір-бірінің үстіне салу және жанастыру тәсілдерін.





Дата публикования: 2015-02-17; Прочитано: 2904 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.012 с)...