Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тұлғалық. Педагогика пәні және нысаны



Педагогика – бұл адамның тұлғалық қалыптасуы мен дамуының мәнін зерттеп, соның негізінде арнайы ұйымдастырылған педагогикалық үдеріс есептелетін тәрбие және оқу-үйретім теориясы мен әдістемесін нақтылап, құрастырушы ғылымдар саласы.

Педагогикалық білім саласы ежелден келе жатқанәрі өз мәні тұрғысынан қоғам дамуының бір бөлігі. Адамзаттың қоғамдық ілгерілеуіде өмірге қадам атқан әр жаңа әулет өкілінің өзіненбұрынғылардың өндірістік, әлеуметтік және рухани тәжірибесін меңгеріп, оны байытып, жоғары дәрежеге көтеріп, өзінен соңғы ұрпаққа жеткізуіненболып отыр. Өндіріс неғұрлым дамып, күрделенген сайын, ғылыми білімдердің қомақты жинақталуынан, өсіп келе жатқан ұрпақты тұрмысқаарнайы дайындау қызметтері үлкен маңыздылық ала бастады, осыдан арнайыұйымдастырылған тәлім, яғни жаңа ұрпаққа адамзат тәжірибесін нақтымақсат бағытында жеткізу коғамның көкейкесті қажеттерініңқатарынан орын иеледі. Қоғамның даму сатыларында, әсіресе құл иеленушілік дәуірдің соңғы кезеңдерінде,өндіріс пен ғылымның елеулі дамыған шағында тәлім ісі ерекше қызмет саласы мәніниеледі, яғни арнайытәлім-тәрбие мекемелері пайда болып, балаларды оқыта, үйрету мен тәрбиелеу кәсібіниелеген адамдар тобы да жасақтала бастады.

«Педагогика» термині өз бастауын ежелгі Грекияданалып, тәрбие жөніндегі ғылым атамасына айналды.

Ежелгі Грекияда « педагог» деп балалар тәрбиесіменшұғылданып, оларды мектепке жетектеп апарып, алып келетінқұлдарды атаған. Грек сөзі пейдагогос ( пейда-бала, гогос-жетектеу) бала жетелеуші дегенді білдіреді. Кейінірек педагогика атауы бала оқып үйренуімен, және тәрбиесімен шұғылданатындардың баршасына таңылды. Тәрбие жөніндегі ғылым-педагогика да осы сөздер тіркесі негізінде өз бекімін тапты.

Сонымен, педагогика тәрбие, тәлім, оқу-үйретім/үйренім, білім игерту/игеру, білім заңдылықтары, принциптері, мазмұны, әдістері және формаларының басын біріктіруші педагогикалық үдерісті нақтылайды және зерттейді.

Педагогикалық таным нысаны – тәрбиелік қатынастар нәтижесінде дамушы Адам. Педагогика пәні – адам дамуын қамтамасыз етуші тәрбиелік, тәлімдік қарым-қатынастар.

Педагогика – бұл тәрбие, тәлім, білім игеру және оқу-үйретімнің, өзіндік тәрбие, өзіндік білім игеру және оқу-үйренімнің тығыз байланыстары үдерісінде пайда болатын әрі адам дамуына бағытталған адам аралық қатынастар жөніндегіғылым. Сонымен бірге, педагогиканы бір әулет тәжірибесін екінші ұрпаққа жеткізу ғылымы деп

түсіндіруге де болады.

Педагогика – сондай-ақ, қоғам мүшесін қалай тәрбиелеу қажет, қалайша оны рухани бай, шығармашылбелсенді, өмірінен толық қанағат тауып, табиғат және қоғаммен үйлесімді жасауға үйрету қажеттігі жөніндегі ғылым.

Педагогика кейде ғылым ретінде де, өнер ретінде де қарастырылып жүр. Тәрбие жөнінде әңгіме болғанда, оны екі қырынан - теориялық және тәжірибелік тұрғысынан таныған жөн. Тәрбиенің теориялық бағыты ғылыми -педагогикалық зерттеулер аймағында шешімін тауып жатса, оны ғылым ретіндеқабылдап, тәрбие мәселелеріне бағышталған теориялық және әдістемелік пайымдар жиынтығы деп қарастырған жөн.

Тәжрибелік тәрбие іс-әрекеттері басқаша түсінімге ие. Мұндай іс-әркеттерді орындауда педагогтан қажетті тәрбие-тіләмдік ептіліктер мен дағдыларды меңгеру талапетіледі. Дегенмен, меңгерілген ептіліктер мен дағдылар әрқилы деңгейде жетіліп, педагогикалық өнер дәрежесіне дейін көтерілуі мүмкін.

Педагогика пәні адамның тұлғалық қалыптасуы мен дамуының мән-мағынасын зерттеп, осының негізінде арнайы ұйымдастырылған педагогикалық үдіріске арқау болатын тәрбие және тәлім теориясы мен әдістемесін нақтылайды.

Педагогика келесі оқу-үйретім, тәрбие мәселелерімен шұғылданады:

• тұлғаның дамуы және қалыптасуының мәні мен заңдылықтарын зерттеп, олардың тәрбиеге, тәлімге болған ықпалын анықтау;

• тәрбие, тәлім мақсаттарын айқындап, белгілеу;

• тәрбие, тәлім мазмұнын нақтылыққа келтіру;

• тәрбие, тәлім әдістерін зерттеу, олардың жаңа жобаларын табу және жетілдіріп бару.





Дата публикования: 2015-03-29; Прочитано: 1459 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...