Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дәрігер балаға қандай диагноз қойды?



А)Нормотрофия

В)Гипотрофияның I дәрежесі

С)Гипотрофияның II дәрежесі

D)Гипотрофияның III дәрежесі

Е)Паратрофия

Балалар емханасының педиатр қабылдауына 3 айлық ұл бала келді. ТКС - 3400 г, бойы - 50 см. Анасының айтуы бойынша: 2 айлығынан бастап қосымша сиыр сүтін берген. Сиыр сүтін бергеннен бастап үлкен дәреті тұрақсыз болған. Қарағанда: салмағы - 4000 г, бойы - 59 см, терісі бозғылт, теріасты шел май қабаты жоғалған, терісі қыртыстанып, терең қатпарланған, беті үшбұрыштанған (Биша камогы жоқ). Дәрігер балаға ІІІ дәрежелі гипотрофия диагнозын қойды.

Дәрігер бұл нәрестеге қандай ем тағайындайды?

А) Сиыр сүтін адаптациялық қоспаларға ауыстыру

В) Емшектегі балаға арналған витаминдер тағайындау

С) Антибиотикотерапия

D) Сиыр сүтін жалғастыру

Е) Минералды элементтерді қадағалау.

Аймақтық дәрігерге күз мезгілінде туылған 8 айлық ұл бала келді. Қарағанда: бас сүйегінің шүйде аймағы бір жақтама қисайған, кеуде торы «етікшінің кеудесі» тәрізді өзгерген, бұлшықет гипотониясы, «құрбақа іші» анықталған. Қанындағы кальций мөлшері 2,12 ммоль/л. Фосфор-1,71 ммоль/л. Дәрігер 2ай бұрын рахит диагнозын қойған.Балада рахиттің қай сатысы дамып жатыр?

А) Бастапқы сатысы

В) Өршу сатысы

С) Қалдықты өзгерістер

D) Реконвалисценция

Е) Асқыну сатысы.

Аймақтық дәрігерге күз мезгілінде туылған 8 айлық ұл бала келді. Қарағанда: бас сүйегінің шүйде аймағы бір жақтама қисайған, кеуде торы «етікшінің кеудесі» тәрізді өзгерген, бұлшықет гипотониясы, «құрбақа іші» анықталған. Қанындағы кальций мөлшері 2,63 ммоль/л. Фосфор-1,71 ммоль/л. Нәрестені білезік аймағын рентгенге түсіргенде қандай көрініс байқалады?

А) Өсу аймағының үзілісті тығыздалуы

В) Өсу аймағының кеңеюі

С) Өсу аймағының шектен тыс тығыздалуы

D) Сүйек ядросының көбеюі

Е) Сүйек аймағының қалыңдауы

Аймақтық дәрігерге 3айлық ұл бала қаралуға келді. Дәрігер рахиттің бастапқы сатысы диагнозын қойды. Рахиттің осы сатысында қандай лабораториялық өзгерістермен сипатталады?

А) Қан сарысуындағы кальций деңгейінің 2,5 ммоль/л болуы

В) Қан сары суындағы фосфор деңгейінің 1,25 ммоль/л болуы.

С) Альколоз болуы

D) Сілтілі фосфатаза деңгейінің жоғарылауы.

Е) Ацидоздың болуы.

Ймақтық дәрігердің қабылдауына 3 айлық ұл бала келді. 2 аптадан бері нәресте мазасыз, ұйқысы бұзылған, шошып оянады және тершең. Емшекті нашар емеді. Үлкен дәреті тұрақсыз. Қарағанда: терісі бозғылт, шүйде аймағының шашы түскен, тургоры төмендеген, үлкен еңбегінің жиегі батыңқы. Дәрігер нәрестеге рахит диагнозын қойған.





Дата публикования: 2015-03-26; Прочитано: 453 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...