Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дәрігер қандай диагноз койды?



А) Жедел васкулит

В) Темір тапшылықты анемия

С) Гепатит

D) Тағамдық аллергия;

Е) Мальабсорбция синдромы.

Балалар ауруханасына 12 жасар ұл бала келіп түсті. Баланың айтуы бойынша: құсады, лоқсиды, аузына қышқыл дәм келеді, әсіресе тамақтан соң және жатқан кезде айқын байқалады, бала тамақтанудан бас тартқан. Төстің төменгі тұсында тамақтан соң бірден күйдіру сезімі пайда болады. Дәрігердің болжам диагнозы?

А) Сигмоидит

B)Гастроэзофагальды рефлюкс

С)Ойық жаралы колит

D) Гастродуоденит

Е)Кіндік жарығы

Айлық қыз бала анасымен емханаға аймақтық дәрігердің қабылдауына келді. Шағымдары:дене қызуы көтерілген, құрғақ жөтел мазалаған, мұрны бітеліп, тыныс алуы қиындаған. Бала мазасыз, тәбеті төмен, ауырғанына 3-4 күн болған. Нәресте осы уақытқа дейін 2 рет ЖРВИ-мен ауырған. Қарағанда: терісі бозғылт,өкпесінде үлкен және орташа калибрлі сырыл естіледі. ТАЖ-50 рет/мин. Педиатрдың нәрестеге қойған болжам диагнозы?

А) Жедел бронхит

В)Туберкулез

С)Бронхообструкция

D) Созылмалы бронхит

Е) Пневмония.

Емханаға аймақтық дәрігердің қабылдауына 10 айлық ұл баланы анасы алып келді. ТКС 3000 г. Шағымы:тәбеті төмен,мазасыз,көп жылайды, ұйқысы нашар, іші жиі кебеді. Қарағанда:тері асты майлары тек бетінде ғана сақталған,басын тік ұстай алмайды, тургоры нашар, бұлшықет тонусы төмен. Қазіргі салмағы 6800 г. Чулицкий индексі 3. ЖҚА эритроциттер-2,9*1012 г/л, гемоглабин-70 г/л, лейкоциттер-6,0*109 л, түсті көрсеткіш-0,7. Дәрігердің нәрестеге қойған болжам диагнозы?

А) Паратрофия

Б) Гипостатура

С) Гипотрофия І сатысы

D) Гипотрофия ІІ сатысы

Е) гипотрофия ІІІ сатысы.

Ыз бала жүктіліктің 42 апталық мерзімінде кесар тілігімен туылды. Қарағанда: бас сүйектері қатты, жіктері жіңішке, еңбектері кішкентай, терісі құрғақ, тері асты майлары шытынап, жартылай түлеген, алақаны,табаны жем болып сорылған, қол-аяғы «моншалы», су аз, ұрық маңы суы ашық түсті. Салмағы 4000 г, бойы 56 см. Неонатолог нәрестені қалай бағалады?

А) Жетілген нәресте

B) ІІ ші дәрежелі тым жетілген нәресте

С) ІІ ші дәрежелішала туылған нәресте

D) І ші дәрежелі тым жетілген нәресте

Е) І ші дәрежелі шала туылған нәресте.

Емханаға аймақтық дәрігердің қабылдауына 5 айлық қыз баланы анасы алып келді. Бала ана сүтімен қоректенеді, қосымша тағамдар қабылдамайды. Қарағанда: тері асты майлары кеудесінде және ішінде жоғалған, тәбеті төмен, тургоры және бұлшықет тонусы төмен, салмағы 6300г. ЖҚА-эритроциттер-4,0*1012 л, гемоглобин-110 г/л, түс көрсеткіші-0,9. Дәрігер қандай диагноз қойды?

А) ІІІ ші дәрежелі гипотрофия

B) ІІ ші дәрежелі гипотрофия

С) Гипостатура

D) Паратрофия

Е) І ші дәрежелі гипотрофия

Алалық ауруханаға аймақтық дәрігердің жолдамасымен 8 айлық ұл бала келіп түсті. Шағымдары: тәбеті төмен, мазасыз, ұйқысы бұзылған, қалтырап,шошып оянады, қайта ұйықтауы қиын, терлегіш. Қарағанда: Терісі бозғылт, теріасты шелмай қабаты азайған, бұлшықет тонусы төмен, бас сүйегінің самай және шүйде бөлігі ішке қарай қисайған, қабырға сүйектерінде «тәспихтік белгі» анық көрінеді. Төсі ішке қарай кірген. Дәрігер қандай диагноз қойды?

А) Гипотрофия, ІІ ші дәрежесі

B) Рахит ауруы,ІІ-ші дәрежесі

С) Рахиттің І ші дәрежесі

D) Гипотрофия,ІІІ ші дәрежесі

Е) Рахиттің ІІІ ші дәрежесі.

Алалық аурухананың қабылдау бөліміне 6 айлық қыз бала анасымен келді. Шағымдары: мазасыз, жиі, қатқыл үрлеп жөтеледі, ентігеді, терлегіш, тәбеті төмен, ауырғанына 4 күн болған. Қарағанда: жөтелгенде ауыз-мұрын аймағы көгереді, дауысы қырылдап естіледі, терісі бозғылт, тыныс алуы қиын, салмағы 7000 г, дене қызуы жоғары.





Дата публикования: 2015-03-26; Прочитано: 363 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.011 с)...