Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Уақытты басќарудың жеке тұлғалық жүйесін қалыптастыру



Талаптар Талаптардың мазмұны
Уақытты басқарудың жалпы стратегиясы. Келесі сұраққа жауап іздеуден басталады: Маған бұл жұмысты қалай істеген ыңғайлы? Уақытты басқарудың жалпы екі стратегиясы бар оларды бірге немесе бөлек қолдану өзіңізге байланысты: сыртқы уақытты есепке алу және ішкі әлеуетті (потенциал) пайдалану Сыртқы уақытты есепке алу – бұл стратегия сыртқы уақытты есепке алу мен оны оптимизациялауға бағытталған. Ішкі әлеуетті (потенциал) пайдалану – бұл стратегия жеке тұлғаның өзіндік жетілуге, жеке мүмкіндіктерді саралап оны оптимизациялауға бағытталған
Бағытты (приоритеттерді) анықтау: Тайм менеджментті өмірімнің қай бөлігін ұйымдастыру үшін қолданамын? Бағыттар жалпы түрде: өз өміріңізде, жұмыста, жан ұяңызда, достарыңызбен қарым қатынаста т.б. болып бөлінеді. Егерде сіз тайм менеджмент жүйесімен енді танысып, алғашқы рет өзіңіздің жүйеңізді қалыптастыруға бел бусаңыз, аз аздан ең алдымен өміріңіздің тек бір бағытында тайм менеджмент жүйесін орнықтырып содан кейін келесісін қалыптастырыңыз.
Уақытты басқарудың мінездемесі: Тайм менеджмент менің өмірлік белсенділігімнің қайсысына сай болуы тиіс? Шартты түрде қызмет түрін екіге бөліп қарастырса болады: Шығармашылық (интелектуалдық, сезімдік, жобалау т.б.) және рутинді (қарапайым немесе күнделікті жұмыстар: қол күші жұмыстары, автоматтандырылған, конвейрлік т.б. жұмыстар). Рутинді жұмыстарды тез істеу үшін қосымша энергия күші қажет болса, шығармашылық жұмыс арту үшін тыныштық пен шабыт керек.
Мен құрастырған тайм менеджмент жүйесінде ең маңыздысы приоритетті элемент: Мен ең алдымен нені жетілдіргім келеді? Приоритетті элемент – бұл ең алдымен өзгерткіңіз келетін бөлшек. Бұл бөлшек - уақытты үнемдеуді жақсартуға және уақыт жоғалтуларды азайтуға бағытталады.
Мақсаттарды анықтау: Тайм менеджмент менің қандай жетістіктерге жетуіме көмектесе алады? Тайм менеджмент жүйесін енгізем деп қосымша уақыт ысырабына тап болуыңыз әбден мүмкін. Сондықтан алдымен нақты мақсат қойып бұрынғы уақыт пен қазіргі тайм менеджмент енгізгеннен кеінгі уақыт мұқият сралануы тиіс.
Тайм менеджментті зерттеу ме, әлде дайын уақытты үнемдеу әдіс тәсілдерін қолдану ма? Нақты мен не істеум керек? Қандай болмасын әдіс пен тәсілді таңдау ең соңғы жұмыс болуы керек. Тайм менеджмент жүйесін ұйымдастыруда кететін көп қателер жұмыстың алдымен техникалық ұйымдастырылуына назар аударудан болады. Шын мәнінде ең алдымен мәселенің төркінін немесе көзін анықтау керек, содан кейін қажетті әдісті қолданған дұрыс.

8. Жеке тұлғалық уақытты басқарудың «үш ережесі»

Жеке тұлғалық уақытты басқарудың «үш ережесі»:

1. Өзіңізге ыңғайлы және өзіңізге сай уақытты басқару жүйесін қалыптастырыңыз! - Бұл жержде міндетті түрде әдебиеттерде ұсынылған әдістер мен тәсілдерді саралап өзіңізге ыңғайлысын таңдағаныңыз жөн.

2. Сол жүйені жүзеге асыруға бағытталыңыз! - Өзіңізге қажетті тайм менеджмент жүйесін қалыптастырғаннан кейін «бәрі бітті» демей, белгілі бір мерзім ішінде жүйені сынаудан өткізіңіз. Қате болса, қайта жөндеп қайта сынаңыз. Егер сынау мерзімі ішінде ешқандай қателіктер немесе ауытқулар байқалмаса, бұл тайм менеджмент жүйесі сіздікі екендігіңізге кәміл сенімді бола аласыз.

Барлық жұмыстарды жазбаша тіркеп алыңыз! Уақытты үнемдеу үшін жұмсалған барлық атқарылған жұмысты тіркеу арқылы сіз не істегеніңізді және не істеу керек екеніңізді ұмытпай жүре аласыз. Бұл үшін арнай күнделік арнасаңыз жақсы





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 863 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...