Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Уақытты есепке алу алгаритмі



Уақытты есепке алмас бұрын, алдында ол не үшін жасалынып жатқаны туралы түсінікті себеп болуы керек. Көбіне бұл себептерді төмендегідей үш түрде көрсетуге болады:

1. «Барлау» зерттеулері үшін, оның мақсаты уақыт туралы жаңа әлі танылмаған оқиғаны сипаттауға бағытталған.

2. «Түсіндірмелі» зерттеулер үшін, оның негізгі мақсаты зерттеліп жатқан жүйенің себеп-салдар байланыстарын анықтау. Бұл жерде уақытты есепке алуда пайдаланылатын заңдылықтар мен формулалар құрастырылады. Бірақ кез келген тайм менеджмент үшін қатаң математикалық формулалар жасау міндетті емес және дұрыс емес, маңыздысы екі немесе бірнеше оқиғалар арасында байланыстарды табу.

3. «Болжамдық» зерттеулер үшін, оның мақсаты жүйенің болашақтағы іс-қимылдарын алдын ала болжау болып табылады.

Уақытқа байланысты мәселелердің барінің туу себебі – уақыттың шектеулігінде. Біздің бір тәулігімізде 24 сағат бар. Қазір біз бұл уақыттың еңбек заңына сәйкес 8 сағатын ғана жұмысқа жұмсай аламыз. Бірақ теориялық түрде біз 24 сағаттың 14 сағатына дейін жұмыс істеуге мүмкіндігіміз бар. Алайда, бұл жағдайда адам жұмысы азапқа айналуы мүмкін және көптеген зиянды әсерлері болуы мүмкін. Нәтижеде, уақытты үнемдеудің орнына шаршау мен қателер есебінен көп уақыт жоғалтуларына әкелуі мүмкін.

Алгоритм - бұл белгілі бір мәселені шешудің әр қадамы көрсетілген тәсілі.

Жалпы алғанда уақытты есепке алу алгоритімі 4 негізгі кезеңнен және бұл кезеңдер өз кезегінде тағы бірнеше қадамнан тұрады:

1 кезең. Есепке алуға дайындық кезеңі:

Қадам 1. Сіздің өміріңізге байланысты уақыт шығындарыңызды анықтау.

Қадам 2. Қажет болса, қосымша уақыттың сапалық қолданылуын анықтауға қажетті көрсеткіштерді бағалау.

Қадам 3. Уақытты есепке алу процесін қалай ұйымдастыру туралы ой қозғай (ұзақтығы, қай уақытта, қосымша уақыт резервтерін қайдан аласыз).

2 кезең. Есепке алуды жүзеге асыру кезеңі (хронометраж):

Қадам 4. Іс жүзінде әрбір жұмсалған уақытты белгілі бір формаға жазу арқылы есепке алу.

Қадам 5. Алынған мәліметтерді алдын ала сорттап, талдауға ыңғайлы қалыпқа келтіру, сапалық көрсеткіштер бойынша уақыт шығындарын бағалау.

3 Кезең. Уақытты талдау:

Қадам 6. Уақыт шығындарын талдау, мысалы төмендегі бағыттар бойынша:

1) Жұмыс уақыты шығындары (түрлеріне, операцияларына, міндеттеріне қарай)

2) Жұмыстан тыс уақытқа кететін шығындар

3) Күтпеген жұмыстарға уақыт шығындары

4) Жұмысқа кететін шығындардың сапалық жағынан бағалануы

Қадам 7. Уақытты талдау нәтижелерін уақытты есепке алу мақсатына қарай дұрыс пайымдау. Бұл талдауда: қарапайым уақыт шығындарының тізімі, уақыт жоғалтулардың заңдылығы немесе себептері көрсетілуі мүмкін. Яғни, басты мақсат уақыт тиімді қолданылып жатыр ма, жоқ па?

Қадам 8. Талдаулар мен жинақталаған мәліметтер негізінде уақыт шығындарының тиімділігін анықтау және азайтуға байланысты ұсыныстар әзірлеу.





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 863 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...