Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жауап бірдей)Ерлер кіші жамбас астауының қанмен қамтамасыз етілуі. 9 страница



Кіші жіліншіктің беткей тармағы – кіші жілік бұлшықеттері арасымен canalis muscularis peroneus superior-ға түсіп, оларға бұлшықеттік тармақтар береді.

Ол сирақтың ортаңғы және төменгі шекарасында, тек тері нервісі ретінде шандырды тесіп өтіп,аяқ ұшы ортасына келіп, екі тармаққа бөлінеді:

n. cutaneus dorsalis medialis – үлкен бақайдың медиалды жағы мен 2-3 башпайлардың бір – біріне қараған жиектерін n.digitales dorsales.

N. cutaneus dorsalis intermedius – 2-5 бақайлардың сыртқы бетінің бір – біріне қараған жақтарын нервтендіретін n.digitalis – ке бөлінеді.

Кіші жіліншіктің терең тармағы – асықты жілік артериясымен қосарлана жүре аяқ ұшы сыртына шығып, қысқа бақай жазғыштарын нервтендіреді. Содан кейін екі nn.digitalis dorsales- ке бөлініп,1-2 бақайлардың бір – біріне қараған беттерінің терісін нервтендіреді.

220. Вегетативтік рефлекторлық доға.

Нерв жүйесі қызметінің негізін рефлекс доға құрайды. Бұл доға күрделеніп, оның әрбір бөлігіндегі бір нейронның орнына афферентті және эфферентті өткізгіш жолдар түзетін нейрондар тізбектері пайда болады.Демек нерв жүйесінде өткізгіш жолдар деп – оның түрлі бөлімдерін байланыстыратын және құрылысы мен қызметінің ортақтығымен сипатталатын будалар жүйелеріне біріккен, бірінің жанына бірі тығыз орналасқан нерв талшықтарын айтады. Вегетативті рефлекторлық доға құрылысы – нерв жүйесінің соматикалық бөлігінің рефлекторлық доғысынан айырмашылығы бар. Негізгі ерекшелігі: Нерв жүйесінің вегетативтік бөлігінің рефлекторлық доғасында эфференті звено біреу емес, екі нейроннан тұрады. Жалпы қарапайым доға 3нейронмен көрсетілген.

Рефлекторлық доға 1- ші звеносы Сезімтал нейрон, оның денесі жұлын түйіндерінде немесе ми нервтерінің сезімтал түйіндерінде орналасады.Бұл нейронның перифериялық өсіндісіндегі сезімтал талшықтар рецептор ағзалар мен тіндерден басталады.

2- ші звеносы эфферентті, себебі импульсті жұлын немесе мидан жұмыс ағзасына апарады.Осы звеносы екі нейронмен көрсетілген: 1- шісі яғни қарапайым вегетативтік рефлекторлық доғадағы саны бойында екінші нейрон орталық нерв жүйесінің вегетативтік ядроларында орналасады.1-шісі сезімтал нейрон, ал 2- шісі аралық деп атауға болады.Эфекторлық нейрон осы доғаның 3-ші нейрнын көрсетеді.Эффекторлы нейрондар денелері вегетативтік нерв жүйесінің перифериялық түйіндерінде ми нервтерінің вегетативтік түйіндерінде, вегетативтік өрімдер түйіндерінде жатады.Осы нейрондар өсінділері ағзалық вегетативтік немесе аралас нервтер мен тіндерге бағытталады және нерв талшықтары сайкес соңғы нерв аппаратымен біріңғай салалы мускультарда,бездерде және тіндер аяқталады.

221. ВНЖ, оның жіктелуі және бөлімдеріне жалпы сипаттама.

ВНЖ – қызметі біздің санамызға бағынбайды.Ол жұлынға, мишыққа, гипоталамуста, соңғы мидың жоғарғы бөлімі- ми қыртысына тәуелді.

Жіктелуі:

ВНЖ – орталық және перефиялық бөлімдерге бөлінеді:

Орталық бөліміне:

1.ми бағансында орналасатын 3,7,9,10 жұп ми нервтерінің парасимпатикалық ядролары.

2. Жұлынның 8- мойын, барлық кеуде және екі жоғарғы бел сигменттерінің бүйір аралық бағанасында орналасатын вегетативтік ядро.

3. Жұлынның үш сегізгөз сегменттерінің сұр затында орналасатын сегізкөз парасимпатикалық ядролары.

Перифериялық бөліміне:

Жұлын мен мидан шығатын вегетативтік нервтер, тармақтар, талшықтар.

Вегетативтік өрімдер, түйіндері.

Симпатикалық сабау және оның түйіндері, дәнекер тармақтары.

Вегетативтік нерв жүйесінің парасимпатикалық бөлігі- соңғы түйіндері

Қызмет ерекшеліктеріне байланысты: симпатикалық және парасимпатикалық болып бөлінеді.

Симпатикалық бөлігінің негізгі қызметі трофикалық болып табылады.Ол тотығу үрдістерін, қоректік заттардың жұмслуын, тыныс алуды,жүрек қызметін, бұлшықеттерге оттегінің келуін күшейтеді.

Симпатикалық бөлігіне:

Жұлынның 8- мойын, 2- бел сигменттерінің бүйіраралық бағанасындағы вегетативтік ядро.

Оң және сол симпатикалық сабау.

Дәнекер тармақтар.

Омыртқа бағананы алдында және ірі тамырлардың маңында орналасатын вегетативтік өрімдер түйіндері.

Осы өрімдермен ағзаларға бағытталатын нервтер.

Тамыр маңындағы және ағзалық өрімдер.

Сомалық нервтердің құрамында ағзалар мен тіндерге баратын симпатикалық талшықтар жатады.

Парасимпатикалық бөлігінің қызметі қорғаныштық: жарық күшейгенде көз қарашығын тарылтады, жүрек қызметін тежейді, қуысты ағзларды босатып тазартады. Парасимпатикалық н.ж. орталық және перефиялық болып бөлінеді.

Парасимпатикалық бөлігінің орталық бөлігіне: ми мен жұлынның әр түрлі бөлімінде жататын жасушалар жиынтығы жатады.Бұл бөлік бассүйектік бөлікке, милық бөлікке және сегізкөз бөлігіне бөлінеді.

Парасимпатикалық бөлігінің перефиялық бөлігіне:

Перефиялық түйіндерге ми нервтері мен сегізкөз нервтері құрамында болатын талшықтардан және сыртқы түйіндері кіреді. Бұл бөлік 3,7,9, және 10 ми нервтері және 2,3,4,5 сегізкөз нервтерінің сабаулары ішінде өтеді.

221-222.Вегетативтік нерв жүйесінің парасимпатикалық бөлімі,краниалды және сокралд бөлімдеріне сипаттама.

ПНЖ-інде симпатикалық нерв жүйесі сиақты орталық,милық бөлігін және перифириялық бөлігін ажыратады.

Оратлық бөлік ми мен жұлынның әртүрлі бөлімінде жататын жасушалар жиынтығын көрсетеді.Орталық бөлік бассүйектің бөлікке pars cranialis және сегіз көз бөлігіне,pars sacralis бөлінеді.

Перифериялық бөлігі:а.перифериялық түйіндерге ми нервтері мен сегіз көз нервтері құрамында баратын талшықтардан және Б.ағзаларға маңында орналасатын қабырға-сыртқы түйіндер,ganglia extramuralia, немесе ағзалар қабырғасына енетін қабырғаішкі түйіндер,ganglia intramuralia, кіретін перифериялық түйіндерден тұрады.

Перифериялық бөлік ІІІ, ҮІІ,ІХ және Х жұп ми нервтері және І,ІІ,ІІІ,ІҮ,Ү сегізкөз сабаулары ішінде өтеді.

Перифериялық экстармуралды түйіндерге: кірпікті түйін,ganglion ciliare, қанат –таңдай түйін,ganglion pterygopalatinum,құлақ түйін,ganglion oticum, төменгі жақсүйек асты түйін бронхтық және жүректік ағзасыртқы өрімі түйіндері,құрсақ өрімі түйіндері және құрсақ қуысы ағзаларының онымен байланыстағы өрімдерінің түйіндері (бүйрек,бүйрекүсті безі,бауыр,ұйқыбез,асқазан,шажырқай,аналық без,аталық безғқолқа,көкбауыр),құрсақасты өрімі(жамбас түйіндері,ganglia pelvic) түйіндері және кіші жамбас астауы ағзаларының онымен байланыстағы түйіндері кіреді.

Перифериялық интрамуралды түйіндерге ішкі ағзалардың қабырғасында жататын көптеген нерв жасушаларының жиынтығын кіргізеді.

Парасимпатикалық нерв жүйесінің бассүйек және сегізкөз бөліктері орталығында жататын жасушалар талшықтарын түйіналды,преганглионарлық,перифериялық экстра және интрамуралды түйіндерде жататын жасушалар талшықтары түйінарты,постганглионарлық талшықтар д.а.

Парасимпатикалық НЖ Бассүйек бөлігі.

ПНЖ бассүйек бөлігі ортаңғы ми бөлігіне,pars mesencephalica,оның орталығы мидың суқұбыры түбінде,төрт төбешіктің алдыңғы төмпешіктері деңгейінде жатады және ромбтәрізді (бульбарлы) бөлікке,pars rhombencephalica, оның орталығы сопақша ми аймағында ораласады.

Парасимпатикалық және сегізкөз бөлігі.

Парасимпатикалық нерв жүйесінің сегізкөз бөлігінің орталығы жұлынңың сұр затында,ми конусы аймағында, жұп оң және сол парасимпатикалық сегізкөз ядролары,nucleus parasympathicus sacralis, түрінде І,ІІ-ІҮ,Ү сегізкөз сегменттерінде орналасады.

Осы жасушалардың өсінділері –преганглионарлық талшықтар жұлынның алдыңғы түбіршіктері арқылы өтіп, І,ІІ-ІҮ,Ү сегізкөз нервтерінің алдыңғы тармақтарының құрамында жүреді.Олармен бірге алдыңғы сегізкөз тесіктері арқылы шығып, сегізкөз нервтерінен бөлініп, ағзалық сегізкөз нервтері,nn.splanchnici sacralis,атауын алады, бөлігімен құрсақасты өрімнің, жамбас астауы ағзалары, ішек өрімдерінің (сигматәрізді жиек ішектен жоғары) экстрамуралды түйіндерге, бір бөлігімен осы ағзалардың интрамуралды түйіндеріне барады.

Осы түйіндерде преганглионарлық талшықтар перифериялық нейрондарға алмасып, постганглинарлық талшықтар түйінінде несепқуыққа, несеп жібергіш өзекке, ішектерге, ішкі және сыртқы жыныс ағзаларына жатады.Еркек жыныс мүшесінің үңгірлі денесінің тамыр кеңейткіш талшықтары қоздыратын нервтер,nn.erigentes атауын алады.

223. В.Н.Ж.Симпатикалық бөлімі. ОРталық, перифериялық органдары

Вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық бөлімі орталық және перифериялық бөлімнен тұрады. Орталық бөлігі С8-L2-3 –де 15-16 сегмент бойы сұр затттың бүйір бөлігінде орналасқан жұлынның тораколюмбалды бөлігінің латеральді аралық ядролары болып табылады. Бұл ядролардың ұсақ мультиполярлы нейрондарынан барлық преганглионды талшықтар басталады. Олар жұлыннан жұлын нервтерінің алдыңғы түбіршектері арқылы шығады.

Перифериялық бөлімі құрамына кіреді:

С8-L2-3 жұлын сегменттерінің жұлын нервтерінің алдыңғы түбіршіктері арқылы шығатын преганглионды симпатикалық талшықтар;

Паравертебралды түйіндерден және олардың байланыстарынан (симпатикалық бұтақ және нервтер)тұратын симпатикалық сабау;

Құрсақтық аорталы өрім, жоғарғы және төменгі мықындық өрім – олар, превертабралды түйіндер және олардың байланыстары, тамырлар бойымен орналасқан ұсақ түйіндер.

Паравертебралды түйіндерден соматикалық нерв құрамымен органдар мен ұлпаларға баратын симпатикалық талшықтар;

Симпатикалық органдық және тамырмаңылық өрімдер;

Симпаткалық нерв ұштары.

224.Симпатикалық бағананың мойын бөлімі, топографиясы, түйіндері, тармақтары, нервтендіру аймақтары.

Симпатикалық сабаудың мойын бөлімі үш түйінмен көрсетілген,олар өзара түйінаралық тармақтармен байланысады және мойын шандыр қабығының омыртқаалды табақшасының артында мойынның терең бұлшықеттерінде жатады.

Преганглинарлық талшықтар мойын түйіндеріне симпатикалық сабаудың кеуде бөлімінің түйінаралық тармақтарымен барады, олар жұлынның ҮІІІ мойын және 6-7 жоғары сегментттерінің латеральды аралық «сұр» заттегі вегетативтік ядроларының келеді.

Жоғарғы мойын түйіні

Жоғары мойын түйіні,симпатикалық сабаудың ең ірі түйіні.Ол ұршық пішінді, ұзындығы 2 см-дей қалыңдығы -0,5см.ЖМТ І-ІІ мойын омыртқаларының көлденең өсінділері алдында орналасады.Түйіннің алдында ұйқы артериясы,латералды кезбе нерв, артында бастың ұзын б.е жатады.ЖМТ құрамында постганглионарлық талшықтары бар келесі тармақтар ажырайды: 1)жоғарғы мойын түйінін үш жоғарғы мойын жұлын нервтерімен байланыстыратын сұр дәнекер тармақтар,rr.communicantes grisei;2)ішкі ұйқы нерві,n.caroticus internusn, түйіннің жоғарғы полюсінен аттас артерияға бағытталып,артерия жолында ішкі ұйқы өрімін,plexus caroticus, қалыптастырады. Plexus caroticus internus ішкі ұйқы артериямен бірге ұйқы өзегіне кіріп, бассүйек қуысына кіреді.Өрімнен ұйқы өзегінде ортаңғы құлақтың шырышты қабығына ұйқы-дабыл нервтері тармақталады.Ішкі ұйқы артериясы өзектен шыққан соң, ішкі ұйқы өрімнен терең тастық нерві,n.petrosus profundus,тармақталады.

Көз өрімінен кірпікті түйінге симпатикалық түбіршік,radix sympaticus, тармақталады.Бұл түбіршік талшыұтары қысқа кірпіктік түйін арқылы транзитпен өтіп,көз алмасына жетеді.Симпатикалық талшықтар көз тамырлары мен қарашық кеңейетін бұлшықетті нервтендіреді.Ішкі ұйқы өрімі бассүйек қуысында ішкі ұйқы артерия тармақтарының тамыр маңындағы өрімдеріне жалғасады;3)сыртқы ұйқы нерві,nn.caritici externi,2-3 сабауша түрінде сыртқы ұйқы артерияға бағытталып,оның жолында аттас симпатикалық өрімдер, plexus caroticus externus,түзеді.Сыртқы ұйқы өрімі аттас артерия тармақтарымен таралып,тамырлардың,бездердің,бас ағзаларының біріңғай-салалы элементтері мен тіндерінің симпатикалық иннервациясын іске асырады.Жалпы ұйқы өріміне,plexus cariticus communis,жалпы ұйқы артерия тұсында орналасқан ішкі және сыртқы ұйқы өрімдері бірігеді;4) мойындырық нерві,n.jugularis, ішкі мойындырық вена қабырғасымен мойындырық тесікке көтеріліп,кезбе нервтің жоғарғы және төменгі түйіндеріне, тіл-жұтқыншақ нервтің төменгі түйініне және тіл асты нервке баратын тармақтарға бөлінеді.Соның арқасында симпатикалық талшықтар ІХ,Х,ХІІ жұп ми нервтері тармақтарының құрамында таралады;5)көмей-жұтқыншақ өрімдері,rr.larungopharyngei, көмей-жұтқыншақ өрімнің түзілуіне қатысып,жұтқыншақ және көмейдің шырышты қабығы мен тамырларын нервтендіреді.6)жүректің мойындық жоғарғы нерві, n.cardiacus cervicalis superior,мойын шандыр қабығының омыртқаалды табақшасының алдымен симпатикалық сабауға параллель төмен түседі.

Ортаңғы мойын түйіні.

Ортаңғы мойын түйіні,ganglion cervical medium,сопақ пішінді,жоғарғы түйіннен кішірек,Ү-ҮІ мойын омыртқалары көлденең өсінділері деңгейінде,m.longus colli алдында, төменгі қалқанша артерияның алдында жатады.Кейде оның орналасқан жерінде бірнеше қосымша түйіншелер,ganglia accessoria, болуы мүмкін.

Ортаңғы мойын түйіндері тармақтары:

1.Дәнекер тармақ, rami communicantes,IV-Viмойын жұлын нервтерімен қосатын;олар түйіннің латералді-артқы бетінен басталады.

2.Көкеттік нервпен қосатын қосатын дәнекер тармақтар.

3.Ұйқы нервтері,екі-үш өте жіңішке сабаушалар, жалпы ұйқы және төменгі қалқанша артериялар қабырғасына бағытталып,осы артерияларды қоршайтын жалпы ұйқы және төменгі қалқанша өрімдеріне кіреді.

4.Төменгі қалқанша өрімі,оның сабаушалары төменгі қалұанша артериясымен қосарлана жүріп, оның тармақтарымен қалқанша және қалұаншамаңы бездері паренхимасына кіреді.

5.Ортаңғы мойын жүректік нерв,n.cardiacus cervicalis medius, бірнеше тармақтарымен кейде ортаңғы мойын түйінінен, кейде тікелей симпатикалық сабаудан басталып,жоғарғы жүректік нервпен симпатикалық сабау арасымен алғашында жалпы ұйқы артерия артымен, кейін оның латералді жиегімен және бұғанаасты артерияның алдымен немесе артымен жүріп, кеуде торы қуысына кіреді, яғни оң иық-бас сабауының бөлінген жерінде, сол-сол жалпы ұйқы артерияның латералді жиегінде артерия мен бұғанаасты артерия арасында жатады.

Кеуде торы қуысында екі ортаңғы жүректік нервтер жалпы жүректік өрімнің түзілуіне қатысады.

6.Қалқаншалық тармақ,rami thereoideu,ортаңғы жүректік нервтен тармақталатын жіңішке сабаушалар.Олар қалқанша без денесіне және қалқаншамаңындағы бездерге тармақтар береді.

Аралық мойын түйіні.

Аралық мойын түйіні,ganglion cervical intermedium,(тұрақсыз), ортаңғы мойын түйіні астында,ҮІІ мойын омыртқаның көлденең өсінділері деңгейінде,артында көлденең өсінділер өзегінен тысқары орналасқан омыртқалық артерия бөлігі,алдынан омыртқалық вена жатады.

Аралық мойын түйінның тармақтары:

1)ҮІІ мойын жұлын нервке дәнекер тармақтар,rami communicantas.

2)Омыртқалық нерв,n.vertebralis, омыртқалық артерия қоршайтын екі жіңішке сабаушалар.

Төменгі мойын түйіні.

Төменгі мойын түйіні, ganglion cervical iferius,жоғарғы түйіннен кіші, бірақ ортаңғы мен аралық түйіндерден үлкен,дұрыс емес төрбұрыш пішінді, бұғанаасты артерияның артында,ҮІІ мойын омыртқаның көлденең өсіндісі деңгейінде жатады. Төменгі мойын түйіні жиі бірінші кеуде симпатикалық түйінге немесе сонымен тұтасып жататын,мойын –кеуде түйіні,ganglion cervicothoracicum,немесе жұлдызша түйіні ganglion stellatum атауын алады.

Төменгі мойын түйінінің тармақтары:

1.ҮІ-ҮІІІ мойын жұлын нервтеріне дәнекер тармақтар,rami communicantes.Бұл тармақтар ортаңғы мойын,жоғарғы кеуде симпатикалық түйіндердің тармақтары сияқты постганглионарлық талшықтар,олар иық өрімінің перифериялық нервтерінің құрамына кіріп, қолда тармақталып, тамырлар қабырғасын,тері бездерін және шаш бұлшықеттерін нервтендіреді.

2.Көкеттік нервпен дәнекер тармақтар,rami communicantes cum n.phrenica.

3.Кезбе нервпен дәнекер тармақтар,rami communicantes cum.n vago,олардың бір бөлігі қайырылма нервке бағытталады.

4.Бұғанаасты артерияның өріміне,plexus subclavius,бұғанаасты артериямен қосарлана жүретін сабаушылар.Бұл өрімге тармақтар бірінші кеуде симпатикалық түйіннен тармақталуы мүмкін.

5.Төменгі қалқаншалық өрімге, plexus thereodeus inferior,төменгі қалқанша артериямен қосарлана жүретін сабаушалар және оның тармақтарымен бірге қалқанша және қалқаншамаңындағы бездерге жетеді.

6. Омыртқалық өрімге,plexus vertebralis,омыртқалық артериямен бірге жүріп,оның тармақтарымен ми қабықатырна жетеді.

7.Сұт бездерінің ішкі өріміне,plexus mammarius internus, ішкі кеуде артериясымен қосарлана жүреді.

8.Төменгі мойын жүректік нерв,n.cardiacus cervicalis inferior,симпатикалық сабаудың төменгі мойын және бірінші кеуде тұйіндерінен бірінші тармақтарымен тармақталып, бұғанаасты артерияның артында орналасады, оның иық-бас сабауының артымен, ал солдан қолқаның артымен жылпы жүректік өрімге бағытталады.

225.Симпатикалық сабаудың кеуде бөлігінің тармақтары.

Симпатикалық сабаудың кеуде бөлігі, pars thoracica trunci symphathici,I, XII кеуде омыртқалары деңгейінде омыртқа бағананың жан-жағындажатады.Симпатикалық сабау қабырғалардың артқы шетінің алдында орналасып, қабырғааралық тамырларды алдынан кесіп өтіп, кеуде ішкі шандырының табағы мен қабырғалық өкпеқаппен ғана жабылған.

Оң симпатикалық сабаудан медиалды сыңар вена,ал сол сабаудан медиалді жартылай-сыңар вена өтеді.

Симпатикалық сабауға жолы бойында 10-12 кішкене жалпайған дұрыс емес үшбұрыш пішінді симпатикалық сабаудың кеуде түйіндері, ganglia thoracica trunci symphatici, кіреді, олардың жоғарғылары төменгілерден ірілеу; сол жақтағы жоғарғылардың ең ірісі бірінші кеуде түйіні.

Симпатикалық түйіндер өзара түйінаралық тармақтармен,rami interganglionares,байланысады,олардың ұзындығы мен қалыңдығы әртүрлі 1-3 будадан тұрады. Әрбір түйіннің латералді жиегіне жұлын невртеріне, яғни қабырғааралық нервтерге дәнекер т армақтар, rami communicantes,кіреді.Ал медиальді жағынан ағзалар мен өрімдерге тармақтар таралады.

Бірінші кеуде түйіні,ganglion thoracicum primum, бірінші қабырға басы деңгейінде бұғанаасты артерияның артында орналасады. Оның пішіні кейде жұлдызша тәрізді, кейде дұрыс емес ұшбұрыш тәрізді; жиі төменгі мойын түйінімен қосылып, мойын-кеуде түйінін, ganglion cervico-thoracicum,түзеді немесе екінші кеуде симпатикалық түйінімен қосылады.

Симпатикалық сабаудың кеуде бөлігінің тармақтары:

1.Дәнекер тармақтар, rami communicantes, симпатикалық сабаудың әрбір түйінінің латералді жиегінен тармақталып, сәйкес қабырғааралық нервтерге бағытталады; олар екеу немесе одан көп тармақ мөлшерінде берілген түйін деңгейінде жататын қабырғааралық нервке және жоғарғы және төмен жатқан нервке қосылады.

2.КЕуделік-жүректік нервтер,nervi cardiaci –thoracici,негізінен бірінші кеуде түйінінен тармақталады, жүрек жолында төменгі мойын немесе жұлдызша түйінінің төменгі жүректік нервімен кеуделік-жүректік нервтер,сонымен қатар, кезбе нервтің жүректік тармқтарының арасында дәнекер тармақтар бар.

3.Кезбе нерв пен дәнекер тармақтар.

4.Қайырылма нерв пен дәнекер тармақтар.

5.Жоғарғы 5-6 түйінінің медиалді жиегінен тармақталатын жіңішке тармақтар, кеуде қусында орналасатын ішкі ағзалар мен тармырларды нервтендіреді.

Бірнеше қатар тармақтар, медиалді бағытталып, қабырғааралық тармырлар,сыңар вена және жартылай

226.Құрсақ және жамбас бөлімдерінің симпатикалық өрімдері

Құрсақтық өрім,plexus coeliacus,құрамында превертебоһралды құрсақтық түйін, gangl. Coeliacum, немесе жартылай ай тәрізді түйіндер, gangl. Semiulnaria, бар вегетативті өрімдер ең ірі өрімі.

Құрсақтық өрімге келесі тармақтарын береді:

Үлкен ағзалық нерв,n.splanchnicus major,

Кіші аағзалық нерв, n.splanchnicus minor

Кезбе нерв, n.vagus, құрсақтық тармақтарын, r. Coeliaca

Симпатикалықсабаудың (оң және сол) бел түйіндері,, gangl. Lumbalia trunci sympatici

Кеуде қолқа өрімі, plexus aorticus thoracicus

Көкет нерві, n. phrenicus, тек соңы құрсақтық өрімнің парасимпатиалық бөлігінің қалыптасуына оң және сол көкет нервтер қатысады. Құрсақьық өрімінің құрамына кезбе нервтің жалпы артқы сабауының көп бөлігі кіреді. Құрсақтық өрімнен екінші реттік өрімдер түзетін ұзындығы мен қалғдығы әртүрлі нерв тармақтары таралады. Осы тармақтар жолында және түзетін екінші реттік өрімдер тармақтары ішінде ганглионарлық жасушалар бар.





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 1023 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.018 с)...