Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дабыл қуысы, қабырғалары, құрамы, қатынастары, отит кезіндегі асқынулар



Дабыл қуысы, cavum tympani, бүйір қабырғасы қысыңқылау келген шағын қуыстықтан тұрады. Бұл қуыстың ішкі беті шырышты қабықшамен көмкерілген. Қуыстың ішінде есту мүшелерінің сүйекшелері: балғашық, malleus, төсше, incus, және үзеңгіше, stapes, орналасқан. Қызметі: дабыл жарғағынан сүйекшелер, буындар арқылы тербеліп келген дыбыс толқындарын, ішкі құлақтың лабиринтінің ішінде орналасқан есту нервтерінің рецепторларына қарай өткізу.

Самай сүйектің дабыл бөлігі, pars tympanosquamosa, ол самай сүйектің шағын бөлігі болып саналады. Сыртқы пішіні иіліп келген табақшадан тұрады. Бұл бөліктің төменгі беті ойыстау болып келумен қатар, сыртқы есту тесігінің, porus acusticus externus, төменгі, алдыңғы және артқы қабырғасының жарты бөлігін құрауға қатысады.

Сонымен қатар, дабыл бөлігінің төменгі бетінде қабықшалы бөлігінің аралығында дабыл-қабықшалы саңылауы, fissura tympanosquamosa, айқын орналасқан. Бұл саңылау арқылы, төменгі жақ ойысының буын беті, дабыл бөлігінен бөлінген. Дабыл бөлігінің сыртқы жиегі, бұл сүйектің қабықшалы бөлігімен бірігіп, тұйықталынып, сыртқы есту тесігін, porus acusticus externus, құрайды. Дабыл бөлігінің медиальды бөлігі мен қабыршақтық бөліктің аралығы, дабыл қуысының қақпағынан тқмен бағытта орналасқан табақша арқылы, бұл саңылау алдында орналасқан тас-өқабыршақты саңылауға, fissura petrosquamosa, артында тас-дабыл саңылауына, fissurapetrotympanicа, бөлінеді. Кейінгі саңылау арқылы дабыл қуысынан сыртқа қарай бағыт алған, дабыл шегі атты нерві, n.chorda tympani, және майда қантамырлары өтеді.

Отит (Otitis - құлақ қабынысы) - құлақтың қабынуы. Отиттің асқынуы кезінде ол мастоидитке, мидың абцессіне немесе менингитке айналуы мүмкін. Аяқ астынан естуді жоғалту, бас ауруы, бас айналуы, суық тию сияқты асқынулар маңызды симптомдар болуы мүмкін. Ондай кезде тезірек дәрігерге жүгіну керек.

Орташа отит кезінде уақытша естуді жоғалту болуы мүмкін, бірақ ол емделсе қайта қалпына келеді. Бұл инфекция емделмесе дабыл жарғағының жарылуына және кереңдікке әкеледі.





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 2717 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...