Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Нейроглияның түрлері, оның қызметі



Нейроглия — нерв үлпасының көмекші және маңызды қүрамды бөлігі. Нейроглияның клеткалары нерв импуль-старын өткізбейді, бірақ олар нерв үлпасында тіректік, трофикалық, қорғаныс және изоляциялық функциялар атқарады. Сонымен бірге мидың эпифиз және гипофизінде нейроглия осы органдардың негізгі массасын күрайды және секреторлық функция атқарады. Нейроглияның түрлері: 1— плазмалык астроциттер, 2— талшықты астроциттер, 3— олигодендроцитгер, 4— микроглияның клеткалары ірі нейрондардың арасындағы.

Протоплазмалық астроциттер ми мен жүлынның сүр затында орналасқан, оның денесінен тармакталған қысқа және жуан өсінділер тарайды. Талшықтарды қүрамайды. Ми мен жүлынның ақ затында фибриллалық немесе тал-шықты астроциттер болады. Өсінділері ұзын және кеп тармақталмайды, талшықтардын шоғырын құрайды. Астроциттердің бүл түрінің есінділері нерв клеткаларының өсінділері мен денелерінің арасындағы кеңістіктің бәрін толтырып түрады және нейрондар жататын тор қүрайды. Талшықты астроциттердің өсінділері нейрондарды қоректендіретін шекаралық глиалық периваскулярлык мембраналар қүрайды. Астроциттердін екі типі бір-бірімен өзара байланысты және нейрондар орналасатын үш өлшемді шырматылып жататын тор қүрайды. Астроциттердің бөлінуі жиі байқалады, орталық нерв жүйесі зақымдалған жағдайда тыртық үлпа қүрайды. Олигодендроциттер ми мен жүлынның сүр және ақ за-тыңда орналаскан. Бүлар астроциттерден үсақ келеді. Клетка денесінен жіңішке бұтақшалардың аздаған саны та-райды. Нерв жүйесінің орталык бөлімдерінін сүр затында бүлар нейрондар денесіне жанаса орналасады, ақ затта катар қүрап немесе топтанып жатады, ал орталық нерв жүйесі аймағының сыртьшда олар нерв клеткаларының өсінділерін және олардың үштык аппараттарьш бойлап ор-наласады, оларды Шванн клеткалары немесе нейролеммоциттер деп атайды. Шванн клеткалары миелинденген талшықтардын миелин қабықшасын синтездейтін маман-далған олигодендроциттер. Нерв клеткаларының өсінділерін изоляциялап, олигодендроциттер нерв козуының шашырауына кедергі болады. Сонымен бірге олигодендроциттер нейровдарды қоректендіруге және ми-дың су алмасуына катысады. Микроглияның клеткалары мидың сүр, ақ заттарьшда орналасқан. Сүр затта көп болады. Лизосомалар мен жақсы жетілген Гольджи аппараты бар клетканың кішкене сопақша денесінің әрбір үшьшан жуан өсінді тарайды. Ми зақымдалған кезде бүл клеткалар фагоциттерге айналады және амебаша қозғалып жылжып, бөгде денелердің қаптап келуіне кедергі болады.





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 3381 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...