Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Биопотенциал түрлері. Мембраналық потенциал



Биопотенциал. Қозу барысында мембраналық пот-л (МП) әрекет по-на (ӘП) айналады.Тірі организмде көптеген поте-дар (электр тогы) кездеседі:МП, локалды жауап, ілеспелі потенциалдары,постинапстық қодыру және тежеуші пот-дар.

Био-дар туралы мәліметтердің жиналу тарихының оларды ұғу үшін мәні зор. 1786 ж Италия ғалымы Л.Гальвани атмосфералық электрдің әсерін тексеру үшін индекатор ретінде терісі сыдырылған бақа омыртқасының белден төмен бөлімі мен сирақтарын пайдаланған.Тәжірибе барысында мұндай препораттар болконның жез ілектеріне жүйкесі арқылы ілінген. Тірі реоскоптар жел соққан күні шайқалып, болконның темір жақтауына тиген кезде олардың еттері жиырылып сирақтары қозғалғанын байқаған. 1838 жылы Италия ғалымы Маттеучи гальвонометрмен бұлшықеттің кесілген жері мен кесілмеген жерінде потенциал айырмасы барын, жолақ бұлшықеттің ішкі протоплазма жағы теріс зарядты болатынын ашты. Бұл кейін тыныштық тогы деп аталды.

Мембраналық потенциал.

МП дегеніміз- протоплазма потенциалымен жасушаның сыртқы бетіндегі потенциалдың арасындағы айырмашылық. Мембрананың сыртқы беті әдетте оң, ал ішкі беті теріс зарядталған.Осциллографты пайдаланып оның микроэлектродтарының бірін ет жасушасының ішіне енгізіп, екіншісін сол жасуша мембранасының сыртқы бетіне жақын бекітсе, осциллографтың сәулесі бірден ішкі электродқа қарай жылжиды да протоплазманың теріс зарядын, биоток мөлшерін көрсетеді. Қаңқа еті және кейбір жүйке талшықтарының мембраналық потенциал шамасы 80-90 мВ. Тірі жасушаның қай қайсысының болса да мембраналық потенциалы болады. Жасушаның тіршілігі тоқтаған сәтте мембраналық потенциал жойылады.





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 7642 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...