Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Архитектура» түсінігінің анықтамасы. Микропроцессордың негізгі сипаттамалары



3. Микропроцессордың негізгі сипаттамалары.

Микропроцессор сипатталынады:

1) тактілік жиілікпен, ол ЭЕМ-дағы элементтердің қосылуының максимал орындалу уақытын анықтайды;

2) разрядтілікпен, яғни бір уақытта өңделінетін екілік разрядтардың максимал санымен.

МП-дың разрядтілігінің белгіленуі: m/n/k/, мұндағы

m - ішкі регистрлердің разрядтілігі, процессорлардың қай класқа жататынын анықтайды;

n - мәліметтер шинасының разрядтілігі, ақпараттың берілу жылдамдығын анықтайды;

k - адрес шинасының разрядтілігі, адрестік кеңістіктің өлшемін анықтайды. Мысалы, i8088 МП-ры мына мәндермен сипатталады m/n/k=16/8/20;

3) архитектурамен.

Микропроцессордың архитектура түсінігіне кіретіндері: әмірлер жиыны мен адресациялау әдістері, әмірлердің уақыт бойынша орындалуын сәйкестендіру мүмкіндігі, микропроцессор құрамында қосымша қодырғылардың бар болуы, оның жұмыс тәсілі мен режимі.

Микроархитектура және макроархитектура ұғымдарын ерекшелейді.

Микропроцессордың микроархитектурасы – ол микропроцессордың аппараттық ұйымы және логикалық құрылымы, регистрлер, басқарушы сызбалар, арифметика-логикалық қондырғылар, еске сақтау қондырғылары мен оларды байланыстыратын ақпараттық ма-

гистральдар.

Макроархитектура – ол әмірлер жүйесі, өңделетін мәліметтердің түрлері,микропроцессор-

дың адресациялау режимі мен жұмыс істеу тәсілі.





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 1387 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...