Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Мәтіндік редактор Word. Жылдам белгілеу әдістері. Жылдам шақыру тиектері. Көшіру, орын ауыстыру, өшіру әдістері



. Жылдам шақыру тиектері

Жылдам шақыру тиектері Орындалатын әрекеттер
Ctrl+N Құру – жаңа құжат құру
Ctrl+О Ашу – бұрын дайындалған құжаттар тізімі бар «Құжаттарды ашу» сұқбат терезесін береді
F12 Сақтау - Құжатты сақтау үшін «Құжатты сақтау» сұқбат терезесін береді
Ctrl+Р Басу - құжатты принтерге қағазға басып шығаруға жібереді
F7 Емле – грамматикалық және орфографиялық қателерге тексеру
Ctrl+С не Ctrl+Insert Көшіру – белгіленгеннің көшірмесін алмасу буферіне жіберу
Ctrl+Х не Shift+ Del Қыйып алу - белгіленгенді алмасу буферіне жіберу
Ctrl+V не Shift+ Insert Қою, ендіру – алмасу буферінен көрсетілген орынға қою
Ctrl+Z не Alt+Back Spase Болдырмау – кейінгі 10-12 әрекетті болдырмау
F4 Қайтару - бұрын болдырмай тасталған әрекеттерді қайтадан орындау
Ctrl+К Гиперссылка қосу – басқа құжатпен байланыс ұйымдастыру үшін «Гиперсілтеме қою» сұқбат терезесін шақырады
Ctrl+Shift+S Стиль – мәтінде қолданылатын шрифтер өңдерінің түрлерінен тұратын тізімді береді
Ctrl+ Shift+Ғ Шрифт – шрифтер тізімін береді
Ctrl+ Shift+Р Шрифтер өлшемдері
Ctrl+В Қалың – символдарды жуандатады
Ctrl+І Курсив – символдарды көлбеу түрде береді
Ctrl+U Сызылған– символдардың астын сызады
Ctrl+L Сол жаққа – мәтінді жұмыс бетінің сол жақ шетінде тегістейді
Ctrl+Е Ортаға - мәтінді жұмыс бетінің ортасына орналастырады
Ctrl+R Оң жаққа - мәтінді жұмыс бетінің оң жақ шетінде тегістейді

Текстовый редактор Word 2010. Мәтін фрагментімен және курсорды мітін бойымен орын ауыстыруға қолданылатын тиектер мен тиектер бірлестігі. Парақ сипаттамаларын қою. Мәтінді теңестіру.

Г) Мәтін фрагментінің орынын ауыстыру

Мәтін фрагментінің орнын ауыстыру әдістерін көшірме алғандағындай екі түрге бөлуге болады: алмасу буферін пайдалану және сүйрету әдістері.

Мәтін фрагментінің орнын ауыстырудың алмасу буферін пайдалану әдісінде төменде келтірілген 2 әрекет көрсетілген кезекте орындалуы керек:

1) Орны ауыстырылатын фрагментті белгілеу;

2) Белгіленген фрагментті алмасу буферіне жіберу, ол үшін мына әрекеттердің бірін орындау керек:

• Мәзірдің «Бас» қосымшасы жолағындағы «Алмасу буфері» тобындағы «Қиып алу» әмірін шерту;

• Белгіленген фрагментті оң тиекпен шертіп, динамикалық мәзірден «Қиып алу» әмірін шерту;

• Пернетақтада Shift тиегін бастып тұрып, Delete тиегін басу;

• Пернетақтада Ctrl тиегін бастып тұрып, латынның Х әріпі тиегін басу;

(Алмасу буфері ауданы ашық болса, бұл ауданда белгіленген объект пайда болады)

3) Фрагменттің орналасатын жеріне курсорды апару;

4) Алмасу буферіне жіберілген объектіні курсормен көрсетілген орынға қою, ол үшін мына әрекеттердің бірін орындау керек:

• Мәзірдің «Бас» қосымшасы жолағындағы «Алмасу буфері» тобындағы «Қою» әмірін шерту;

• Курсор тұрған жерді оң тиекпен шертіп, динамикалық мәзірден «Қою» әмірін шерту;

• Пернетақтада Shift тиегін бастып тұрып, Insert тиегін басу;

• Пернетақтада Ctrl тиегін бастып тұрып, латынның V әріпі тиегін басу;

• «Оффистің алмасу буфері» есептер ауданын ашып, керекті объекті шерту.

Мәтін фрагментінің орнын ауыстырудың сүйрету әдісінде:

• Көшірілетін фрагментті белгілеу;

• Белгіленген фрагментке тышқанның сілтегішін қойып, тінтуірдің сол тиегін басып тұрып, көшірілетін фрагментті жаңа орынға дейін жылжыту

. Курсорды басқару тиектерінің қызметі.





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 753 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...