Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жоғары сезімталдықтың баяу типі



IV тип- жоғарғы сезімталдықтың баяу типі (ГБТ)- қабынудың антигенспецификалық СДТ4- клеткалар қызметінің нәтижесі болып табылады. Реакцияның дамуына әкелетін келесі сатыларды ажыратуға болады:

1. антигеннің ағзаға бірінші енуі спецификалық СДТ4- қабыну клеткаларының (Тн1) жинауына әкеледі.

2. антиген қайталап енуінде, оны жергілікті орналасқан тінді макрофагтар жұтады. Осы антигентаныстырушы клеткалар антигенді фрагметтерін ІІ класс МНС молекулалармен комплексте өз беткейіне шығарады.

3. ангтигенспецификалық Тн1- клеткалар макрофог беткейінде иммуногенді комплекспен әсерлеседі. Өткен әсерлесуден кейін қабынудың Т- клеткалары цитокиндер жинағының секрециясын бастайды: макрофагтар миграциясын тежеуші фактор (макрофагингиберлеуші фактор- МИФ), макрофагильді хемотоксикалық фактор (МХФ), - интерферон және - интерферон (ИНФ- және ИНФ- ), интерлейкин- 3 (ИЛ-3) және гарунлоцитарлы- макрофаголды колония стимульдеуші фактор (ГМ- КСФ).

4. Секреттелуші цитокиндер қабыну реакциясын, оның визуальді көріністерін қамтамасыз етеді. МИФ және МХФ антиген енген аймағына қосымша фагоциттеруші клеткаларды жақындатады. - ИФН қабыну медиаторларының өнімін күшейтуші макрофагтарды белсендіреді. ИНФ- локальді тіндік зақымдануды орнын анықтайды және қабыну аймағындағы қан тамырларындағы адгезивті молекулалардың экспрессиясын күшейтеді, сонысымен қосымша қабыну клеткаларының жеңіл түрде енуіне әсер етеді. ИЛ-3 және ГМ- КСФ гемопоэтикалық дифференцировка факторлары ретінде сүйек кемігі прекурсорынан монциттердің пісіп- жетілуін қамтамасыз етеді. Қайта түзілетін моноцит- макрофагтар, қабыну аймағына миграциялап, өз функциясын атқарып болған соң бұзылатын макрофагтардың санын толтырады. Бұл процестердің барлығы, патогенді оңашалауға бағытталған (немесе қандай да бір басқа антигенді), 24-48 сағатта қабыну ошағы түзілуімен аяқталады.





Дата публикования: 2015-01-04; Прочитано: 1072 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...